Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.23. Сурет. Пд1м типті дизелдердің ұзыннан (а) және көлденең (б) кесілген қимасы (басы)

2.23. Сурет. Пд1м типті дизелдердің ұзыннан (а) және көлденең (б) кесілген қимасы (аяғы)

1 - дизелдің май сорғысы; 2- май сорғысы жетегінің бастаушы тістегеріші; 3- елгезер; 4- иінді білік; 5- жетек корпусы; 6- өздек; 7- электропневматикалық сервомотор; 8- цилиндрлер блогы; 9-поршень саусағы; 10-поршень; 11- цилиндр қақпағы; 12- бүріккіш; 13- газтарату механизімінің корпусы; 14- индикаторлық /бейнелеу/ кран; 15- резистор қалқаншасы ; 16- су жинақтағыш; 17- дизель білігінің айналу жиілігін реттеуіш; 18- дизелді апаттық жағдайда тоқтату тұтқасы; 19- отын сорғысы, 20,21 – жоғарғы және төменгі шығару жинақтаушысы; 22- отын сорғысы жетегінің білігі; 23- су сорғысы, 24- картер желдеткіш жүйесінің сақтандыру қақпақшасы; 25- су, отын сорғысы және газтарату жетегінің корпусы; 26- картердің желдеткіш жүйесінің торлы май ұстаушысы; 27- турба ауа үрлегіші; 28- турба ауа үрлегіштен су төгу краны ; 29 - турба ауа үрлегіштің ұстамтірегі; 30- газтарату механизімі жетегінің тістегеріші; 31- генератор; 32- тығыздау корпусы; 33- дизель рамасы; 34- қақпақ; 35- май құбыры; 36- бөлу білігі; 37- тиеру тегершігі; 38- штанга; 39- цилиндр төлкесі ; 40- үрлеу ауасын салқындатқыш; 41- енгізу қақпақшасы, 42- шығару қақпақшасы, 43- үрлегіш жинақтағышы; 44- итергіш, 45- енгізу тегершігі; 46- газбөлу механизімі корпусының қақпағы; 47- шығару тегершігі; 48- отын сорғысының жинақтағышы.

Әр цилиндр қақпағында/11/ бүріккіш /12/, екі енгізу, екі шығару қақпақшалары /41,42/ және бейнелеу краны/14 орнатылған. Қақпақшалар /41,42/ бөлу білігі жұдырықшалары /36/, итеру тегершіктері /37/, штанга/38/, екіиінді тегершіктермен жұмысқа қосылады.

Бөлу бөлігі/36/ генератор жағынан қарағанда цилиндр блогының/8/ оң жағында, екі иінді тегершіктер- цилиндр қалпақшасына бекітілген шойын корпустарда орналасқан. Раманың артқы кеңейтілген бөлігіне/33/ статоры рама ернемегімен қатты байланған генератор /31/, айналғы иінді білікке бекітілген. Раманың кеңейтілген бөлігінде су сорғысына/23/, отын сорғысына/19/, бөлу білігіне /4/ айналымды жеткізіп тұрушы тістегеріш жетегі/30/ орналасқан. Тістегеріш жетегінің/30/ жоғарғы қақпағында картердің желдеткіш жүйесінің торлы май ұстағыш/26/ және сақтандыру қалпақшасы/24/ бекітілген. Раманың алдыңғы бүйір бетіне майды ішінара тазалау сүзгісі орналасқан май сорғысы жетегінің қаңқасы орналасқан. Май сорғысы жетегі қаңқасының бүйір бетіне дизелдің дизелдің иінді білігінен жетекші жетек пен конусты редуктор арқылы айналым алатын май сорғысы орналастырылған.

Дизелдің сол жағында бір сулы/16/ , жоғарғы/20/ және төменгі /21/ шығарушы газ жинағышы, айналым жиілігін реттегіш/17/ және электропневматикалық сервомотор/7/ орналасқан отын сорғысы/19/, отынды мұқият тазалау сүзгісі және су сорғысы/23/ орналасқан. Дизелдің оң жағында үрлеу жинағышы/43/, турбо ауа үрлегіші/27/ генераторға/31/орналасқан. Тарату білігін/36/, айналмақ-өздек механизімін, итеру тегершігін/37/, рамамен /33/ цилиндр блогын/8/ қарау үшін жасалған қақпақшамен жабылатын люктер бар. ПДІМ дизелінде 2Д50М дизеліне қарағанда центрифугаға май беру үшін май сорғысы, май центрифугасы, үрленетін ауаны салқындатқыш қосымша орнатылған және дизель қуатының 1000-нан 1200л.с. көтерілуімен байланысты электропневмомотор /7/ мен турбо ауа үрлегіштің/27/ сипаттары мен кейбір элементтері өзгертілген.