Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.19. Сурет. Газ турбиналық үрлеушісі бар д49 типті дизель-генератордың сыртқы пішімі:

1- турбосығымдағыш, 2- шығару құбыры, 3- тартым генераторының суыту желдеткіші, 4- қуат пен жиілікті реттеуші, 5- тартым генераторының қоздырғышы, 6- ауыспалы тоқтың тартым генераторы, 7- дизель астындағы рама; 8- майдың ортадан тепкіш фильтрі; 9- дизелдің блогі; 10- май ваннасы; 11-су мен май жылуалмастырушысы, 12- майды қатты тазалау фильтрі; 13- май сорғысы; 14- су сорғысы; 15- үрленетін суды суытқыш.

Цилиндр төлкесі ілінетін типті. Цилиндрдің қақпағы мен төлкесі поршень және өздекпен бірге блоктан алуға келетін цилиндрлік комплектті құрайды. Клапандар цилиндр қақпағындағы салынған жылжымалы ерге сүйенеді.

Клапандық механизм дизелдің оң және сол қатарына ортақ иінді білікпен басқарылады, клапан жалғастырушысында саңылауды азайту үшін гидроитермелегіш орнатылған. Құрама конструкцияның поршендері маймен салқындатылады. Отындық бүріккіш қақпақша механизімінің қуысынан шығарылған, май құбыры майлау жүйесінен тыс орналастырылған.

Барлық негізгі тораптар мен май құбыр жүйесі дизелде орналасқан. Дизель асты рамасы мен генератор дәнекерленген. Раманың асты мен бүйіріне май ваннасы орналастырылған.

Шығару жинағышы сумен салқындатылады және экрандайтын ыстықтық құбырмен жабдықталған. Дизель тораптары жоғары температурадағы суытуға бейімделіп құрастырылған. Көп дизелдік модификацияда қуат пен айналым жиілігін реттеушілер май қысымының төмендеуінен дизелді сақтайтын, үрлеу қысымына байланысты отын беруді өңдеу құралдарымен жабдықталған.

10Д1007 типті дизель. Ол генератормен жартылай қатты жалғастырғышпен жалғанып, сонымен бірге бір рамада орналастырылған. 10Д100 дизелі / 2.20 сурет/ - екітактілік, вертикалды, онцилиндрлік, екібілікті, қарама-қарсы жылжушы поршендері бар, өзіндік отын бүркігіші бар, турбоүрлегіші бар, турабағытты үрлегіші, сумен суытқышы бар.

Дизелдің рамасында - 7 : дизель блогы - 2, екі турбо сығымдағыш - 1, тартымды генератор - 5 , шығару жинағышы - 6, рама - 7, үрленетін ауамен майды суытатын су сорғысы - 8, дизелді суыту жүйесінің су сорғысы - 9, май сорғысы - 10, шығу келте құбыры - 11. 2.21. суретте 10Д100 типті дизелдің ұзыннан және көлденең кесіндісі берілген. Цилиндр төлкесінің жоғарғы бөлшегінде үрлеу ресиверінен цилиндрге ауа жіберілетін әйнек орналасқан. Төлкенің төменгі жағында шығару жинағышына цилиндрде пайдаланылған газды шығаратын әйнек орналасқан. Цилиндр төлкесінің орталық бөлігінде бір-біріне диаметрлік қарама-қарсы 33 және 36 поршендер жақындасқанда пайда болатын жану камерасына отын бүркитін екі бүркігіш -13 орналасқан.

Жоғарғы - 15 және төменгі - 23 иінді біліктер өзара вертикалдық беріліс жалғасады. Төменгі иінді біліктен айналым генератор білігіне -21 және су, май сорғысының білігіне, механикалық тахометрдің жылдамдық реттегішіне беріледі. Жоғарғы иінді біліктен ортадан тепкіш айдағыш пен отын сорғысының жұдырықша білігі қозғалады 12. Енгізу және шығару әйнектері цилиндрде поршендер қозғалғанда ашылып, жабылады.Төменгі иінді білік айналғанда жоғарғы иінді біліктен 12◦ ерте жүргендіктен дизелдің 70% қуатын өткізеді. Бұндай алда жүру енгізу әйнегінің шығару әйнегінен кейін жабылып, цилиндрдің таза ауамен зарядталуына мүмкіндік береді.