Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.2. Тепловоздарда қолданылатын дизелдердің құрастырылу ерекшеліктері

Ресей темір жолдарында жұмыс істейтін тепловоздарда екітактілік және төрттактілік дизелдер қолданылады. Олардың техникалық сипаттамалары 1.1 және 1.2 таблицаларында көрсетілген. Желілік тепловоздар үшін қолданылатын негізгі типтер- 10Д100 ( 2ТЭ10 тепловоздары ) , Д49( 2ТЭ116, ТЭП70 тепловоздары ) ,14Д40(2М62 тепловоздары), 11Д45А ( ТЭП60тепловоздары ), маневрлік тепловоздар үшін-К6S310DP (ЧМЭ3 ), ПДІМ (ТЭМ2 ), Ресей тепловоздарында бес типті дизелдер қолданылады.

Д49 типті дизель. Моторесурс пен үнемділік үшін қойылған талаптар базалық модельдер ретінде қуаты жағынан төрттактілі Д49(ЧН 26/26 ) типті алты-, сегіз-, он екі-, он алты-, жиырмацилиндрлік, қуаты 300-ден 4410 кВт дейінгі дизелдер модификациясын таңдап алды. Бұл қатардағы дизелдер желілік және маневрлік тепловоздарда қолданылады. Ескірген моделдерді Д49 типті дизелдердің жақсы экономикалық көрсеткіштері бар және жоғары дәрежелі үйлестірілген қуатты дизелдерімен ауыстыруға болады. Дизелдердің қуаттық қатар негізіне цилиндр санын өзгерту арқылы қуатты қатар диапазонын қамтамасыз ету және жүрісі 26 мм-ге тең поршень және цилиндр диаметрлері бірдей V- тәрізді дизелдердің қозғалтқыш күшін үдету деңгейінің принципі алынды. V- тәрізді дизелдердің цилиндрлерінің арасындағы бұрыш 42 градусқа тең.

Дизелдердің әр моделдері бойынша қуаттылық диапазоны орташа тиімді қысым / нет символа/ (0,743 тен 1,922 МПа ) және иінді біліктің айналу жиілігі(750 ден 1000 мин/ айн) моделдер арасында бөлшектерді бірыңғайлау 87 % -ға тең. Жөндеу аралағында қызмет көрсету мерзімін анықтайтын негізігі дизель тораптары ( цилиндрлік- поршендік топ, айналшықтық-өздектік механизм, қақпақшалық механизм, отындық аппаратура, иінді біліктің айналшағы , фильтрлер бар модификацияларға бірдей.

Д49 типті дизелдердің негізгі тораптары қозғалтқыш цилиндрінің блогына бекітілген бөлек агрегаттар ретінде дайындалған. Тораптардың бұлайша дайындалуы әр тораптың сапалы жасалуы, жөндеу барысында агрегаттық әдісті қолдану және дайындауда жалпы жинау жұмысының тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.

Дизелде: 1- турбосығымдағыш, 2- шығару құбыры, 3- генераторды суытатын осьтік желдеткіш, 4- қуат пен жиілікті реттеуші, 5- тартым генераторының қозғышы, 6- ауыспалы тоқтың тартым генераторы,7- дизель астындағы рама,8- майдың ортадан тепкіш фильтрі, 11- сулық майлық жылуалмасу, 12- майлы тазалау фильтрі, 13- май сорғысы, 14- екі су сорғысы, 15- үрленетін ауаны суытқыш орнатылған. 2002ж. бастап ақырғы модификациялық дизелдерде жеңіл және қатты май тазалау дизелдерінде өзі тазаланатын май фильтрі қолданылады.

Дизелдің 9 блогы «құрғақ» (яғни, суытушы су дизель блогында айналмайды) құйылмалы-дәнекерлі , негізгі дәнекерленген жіктері жану қысымының әсерінен босатылған. Иінді біліктері бекітілген: біліктің мойнақтары азотталыныған, ойықтары жайландырылған Қозғалтқыш күші үдетілген дизелдердің әр құрыш біліктерінің бетінде қарсысалмақ орнатылған. Иінді біліктің айналмасы қорғасындалған қоламен құйылған және бір-бірін ауыстыра алады.