Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

2.4. Сурет. Төрттактілі дизелдің жұмыс сұлбасы:

1 - енгізу клапаны; 2 - шығару клапаны; 3 - бүркігіш; І – бірінші такт - енгізу; ІІ – екінші такт - сығымдау; ІІІ – үшінші такт - кеңейю, IV – төртінші такт - шығару.

Цилиндрдің жанып болған өнімдерінен тазалануы және ауамен толтырылуы поршень жоғарғы жылжымайтын нүктенің маңайында болған кезеңде болады. Цилиндрдің пайдаланылған газдардан арылу процессі және таза ауамен толтырылуы үрлеп тазалау деп аталады.

V- тәрізді , екі тактілік дизелдерде /2М62 тепловоздары/ тура осы процессте ауаның бөлігі цилиндрден пайдаланылған газдармен бірге кетеді, бірақ жанып болған өнімдер жану камерасынан толық түрде босатылмайды, цилиндр қақпағының маңайында қалып қояды.- Үрлеу процессі қолданылады /2.5. сурет/ , үрлеуші ауа арнайы көлбеулері бар әйнектер арқылы цилиндрдің жоғары бөлігіне бағыт алып, пайдаланылған газдармен бірге қақпақша ашық кезде цилиндр қақпағындағы шығу арналары арқылы цилиндрден шығады. Бұндай үрлеу түрі қақпақшалық- саңылаулық үрлеу деп аталады.

2.5. Сурет. Саңылаулы-қақпақшалық үрлеу сұлбасы:

1- үрлеу ауасы; 2- шығару қақпақшасы; 3- пайдаланылған газдар; 4- үрлеу әйнектері.

Қарама- қарсы қозғалыс жасайтын поршендері бар 10Д100 типті екі тактілік дизелдерде /2ТЭ10 тепловоздары/ қақпақшалық- саңылаулық үрлеу жүзеге асырылады /2.6.сурет/ Шығару әйнектерін төменгі поршенмен ашқаннан кейін жану өнімдерінің алғашқы шығу процессі басталады. Содан кейін жоғарғы поршень үрлеу әйнектерін ашады да 2,6, суретте бағыттағышпен көрсетілгендей бұрандалы желі бойынша енгізу әйнектері арқылы кіретін ауамен цилиндрді күштеп үрлеу басталады. Пайдаланылған газдар цилиндрдің төменгі бөлігіндегі шығу әйнектері арқылы шығарылады. Ауа қысымы әсерімен әліде біраз уақыт үрлеу әйнектері арқылы цилиндрге келіп тұрады, және шығару әйнектері жабылғаннан кейін цилиндр толық зарядталады. Үрлеу әйнектері жабылғаннан кейін цилиндрде ауа сығымдау процессі басталады. Сонымен, егер төрт тактілі дизель иінді біліктің екі айналымы мен поршеннің төрт жүрісі арқылы жүзеге асырылатын болса, екі тактілі дизелдің жұмыс циклы поршеннің екі жүрісі және иінді біліктің бір айналымы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда, екі тактілік дизельде поршеннің жұмыстық жүрісінің бөлігі, төрт тактілік дизелдегі шығару қақпақшасына қарағанда ерте ашылуына байланысты, толық пайдалы қолданылмайды және дизелдің пайдалы жұмысының бір бөлігі цилиндрді үрлеу үшін қажетті қосымша ауаны сығымдауға жұмсалады.

2.6. Сурет. Саңылаулы тікпе-тік үрлеу сұлбасы:

1,8 – пайдаланылған газдар; 2- шығару әйнектері; 3- үрлеу әйнектері; 4,5 - үрленетін ауа; 6- жоғарғы поршень; 7- бүркігіш; 9 - төменгі поршень.

Газбөлу фазалары. Ауамен цилиндрлерді толтыру және пайдаланылған газдардан цилиндрді жоғарғы сапада тазалау - дизелдің жұмыс процессінің тиімді болуының алғы шарты. Газ алмасу процессі деп жаңа цилиндрді жанып болған өнімдерден босатып, жаңа зарядпен толтыру аталады.

Шығарып толтыру процессінің циклдегі узақтылығы , тізбектілігі қақпақшалардың ашылу тізбектілігі мен және уақытпен анықталады, яғни, газ бөлу фазаларымен.

Газ бөлу фазалары қақпақшалардың /әйнектердің/ ашылып, жабылуын көрсете отырып , жоғарғы жұмыссыз нүкте, болмаса төменгі жұмыссыз нүктеге қатысты градустармен айналшық бұрыштық координаттармен анықталады. Бұл процесстер толық 1 секундке жепейтін уақыт ішінде өтеді. Қақпақшалар мен әйнектердің ашылу ұзақтығы ұлғайған жағдайда цилиндрдің ауалық заряды азайады , болмаса алдыңғы жұмыс циклының газдары жоғалады, яғни, жұмыс процессінің қоспа құрамының сапасы төмендейді, отын шығыны ұлғайып, дизельдің қуаты азаяды. Газ бөлдің енгізу және шығару органдарының ашылып- жабылуыдың пайдалы қатынастарын таңдау- жұмыс дизелінің тиімділігінің маңызды шарты.

Төрт тактілі дизелдің газ бөлу фазаларын қарастырайық. /2.7.сурет/

Кеңейу процессі аяқталғанда алдын-ала шығару қақпақшасы төменгі жұмыс нүктесіне қатысты, 35-75º градусты бұрышта ашылып, жоғарғы жұмыс нүктесінен кейін 50-60º градус бұрышқа кешіге отырып, поршень төменгі жұмыссыз нүктеге қозғалғанда шығатын газдардан цилиндрді жақсы босату үшін жабылады. Шығару қақпақшасының ашылуының басталуынан бастап төменгі жұмыссыз нүктеге дейін газды жеңіл шығару процессі жүреді. Шығару басындағы қысыммен төменгі жұмыссыз нүктеге дейінгі қысым, шығару келте құбырындағы қысымнан жоғары болғандығының салдарынан көлемі ұлғайғандықтан газ шығады. Бұл жағдайда цилиндрден пайдалы жұмыс жүргізу үшін жарйтын қысымды газ шығады. Газ бөлшегі қуатының жоғалуы цилиндрдің жақсы тазалануы, шығару барысындағы аз қысымы, поршеннің жоғары қозғалуын жеңілдету арқылы теңестіріледі, өйткені цилиндрдегі газ қысымы айтарлықтай төмендейді.