Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

8 Тарау тежегіштік жабдықтар

2ТЭ116 тепловозының тежегіш, барлық ауа жүйесіндей, тұрақты токты электрқозғалқыштан жетектегі сығымдағыштан ауамен жабдықталады, дизель – генератордын жұмыс уақытында кернеу реттегішімен жартылай өткізгіш блогін іске қосып ажыратады.0,75 МПа (75 кгс/см2) қысымына реттелген, қысымды реттеуші қысымның реле-датчигі (РДК) жағуы, тежегіш сығымдағышты іске қосу белгісі болып табылады.

Тежегіш сығымдағыш бас тежегіш қорын зарядтайды. Бас қор қысым 0,9-+0,02 МПа (9-+0,2 кгс/см2) жеткенде РДК реле – сезгісі сығымдағыш электрқозғалтқыштын қоректендіргіш тізбегін ажыратады.

Көлемі 250 л тежегіштін бес бас қоры, басқару аппараттар жүйесін, құм жүйесінің және ауакөбік өрт қондырғының жұмысына қажетті ауа қорымен қамтамасыз етеді. Бас қордын нөмірі, істеп шығарушы-завод, шығарылған жылы, сынақтан өткізген орны және күні көрсетілген фирмалық кестесі орнатылған.

Бас тежегіш қорларында ауа қысымы басымдалмауы үшін сығымдағыш құбырында үзілу 1+-0,02 МПа (10+-0,2 кгс/см2) қысымға реттелген екі қорғағыш клапаны орнатылған (шарт. № Э216). Май және ылғал қоспаларынан қысылған ауаны тазарту үшін тежегіш қорларынан кейін тежегіш құбырында майбөлгіш орнатылған.

Қосалқы тежегіштін краны және электрпневматикалық клапанының автотоқтатқышы шартты шарт. №ЭПК-150 алдында ауа қосымша сүзбемен тазартылады.

Машинист кабинасында автоматикалық тежегішпен басқару үшін шарт. № 395 машинист краны, шарт. № 254 қосалқы тежегіш краны, шарт. № 367 тежегішті тыйымдау қондырғысы орнатылған. Машинист краны көлемі 20л теңдеу қорларымен жабдықталған.

Теңдеу қорларында қысымды бақылау үшін манометр орнатылған. Шарт. № 367 тыйымдау тежегіш қондырғылары арқылы: тежегіш және қоректендіргіш магистралімен – шарт. № 395 машинист краны; қосалқы тежегіш магистралімен – шарт. № 254 қосалқы тежегіш краны.

Машинисттін кран тұтқасы алты жағдайда болуы мүмкін. Машинист кранының бірінші жағдайында (зарядтау және жіберу) тежегіш желісіне қоректендіргіш магистралінен ауа жіберіледі. Екінші жағдайдағы (поездік жоғары зарыдты өздігінен жою бар) машинистін кран тұтқасы желісті тежегіш қоректендіргішімен тікелей қатынасты жабады, және тежегіш желісінде қысым теңеу қорындағыдай болады. Үшінші жағдайда (тежегіш желісінің қоректендіруі сіз перекрыша) машинистін кран тұтқасы теңестіруші қор тежегіш желімен қосылады. Төртінші жағдайда (тежегіш желісінің қоректендіруімен перекрыша) машинистін кран тұтқасы теңестіруші қор тежегіш және қоректендіргіш желісінен ажыратылған. Бесінші жағдайда (қызмет тежеу) машинистін кран тұтқасы теңестіруші қор және тежегіш желісі атмосферамен қосылады. Алтыншы жағдайда (шұғыл тежеу) машинистін кран тұтқасы теңестіруші қор мен тежегіш желісінің тез сиректетуі пайда болады.

Қоректендіргіш және тежегішжелісінде қысым МП-2-16 манометірімен бақыланады. Қосалқы тежегіштін краны шарт. № 254 локомотивтін тежегішімен тәуелсіз басқаруға арналған. Оның тұтқасында алты жағдай: І-жіберу, ІІ – жүру, ІІІ –VІ-тежеу.

Машинист кранының тежеу кезінде тежегіш магистралінде ауа қысымы төмендейді. Сол жағдайда тежеуге екі секцияның ауатаратқышы іске қосылады, және беріліс клапаны арқылы қысым релесін басқару камерасына қосымша қорларынан ауа жіберіледі. Қысым релесі, екі секцияда арбашықтын тежегіш цилиндр құбырына қоректендіргіш қорларынан ауа өткізіліп, тежеуге қосылады.

Машинист кран тұтқасын І жағадайға қойған кезде тежегіш магистралінен зарядтауға дейін автоматикалық тежегіш жіберуі қысымның көтерілуінен жасалады. Сол жағдайда тежегішті жіберуге, қосымша қорларды зарядтауға, қысым релесін басқару камерасынан ауаны шығаруға, тежегіш цилиндірінің құбырларын атмосферасымен қосылатын ауатаратқышты іске қосылады.

2ТЭ116 тепловозында пневможүйе элементтерін май мен ылғал тиюден сақтау үшін қысылған ауаны кептіру жүйесі орнатылған. Ауаны кептіру блогі екі адсорберден, шаң бөлгіштен, екі электрпневматикалық шұрадан құрайды. Кептіру блогі шанақ қақпағына су жүйесінің багінің қасында бекітіледі. Ауаны жылытушылар семдіргіде орналастырылған және дизельдің шығару газымен жылытылады.

Адсорберлер олар арқылы өткізілетін қысылған ауадан ылғалды сіңіретін адсорбенмен толтырылған. Адсорбер арқылы қыздырылған ауаны өткізген уақытта сіңірілген ылғал атмосфераға кетеді. Ағымда құрғақ жылытылған ауа өткізіледі.

Кептіру жүйесі бас тежегіш қорынан кейін тежегіштін ауа жүйесіне қосылған. Тежегіш қоректендіру магистралін кептірілген ауа адсарберінен жіберіледі.

Тепловоздың пневматикалық қондырғысын және элекрпневматикалық аппараттарын қысылған ауамен қызмет көрсету және басқару ауа құбыры қоректендіреді. Ауа құбырының қоректендіргіш желісіндегі ауа құм жүйесін және тепловоздын басқа да тұтынушыларын қоректендіреді.

2ТЭ116 тепловозының арбашық тежегіш тұтқасының берілісі – локомотивтін тежеуге қосылады доңғалағына тежегіш цилиндірінің піспегінен тежегіш қалыппен беріліс күші арасында күшті тең реттеуге арналған. Арбашық құрылысында тепловоз доңғалақтары пневматикалық және қалыпты тежегіш әр доңғалақ үшін екі жақты басуы бар шойын жалды тежегіш қалпы қолданылған. Әр доңғалақ жалпы беріліс саны 7, 8 тең шарт. № 553 тұтқа берілісі арқылы 8 дюйм диаметрлі бір тежегіш цилиндірімен қызмет етеді.

8.1. суретінде 2ТЭ116 тепловозының екінші доңғалақ жұбы үшін тежегіштін тұтқа беріліс сұлбасы көрсетілген, ал қалған доңғалақ жұптарында берілісі ұқсас. Тежегіш цилиндірге ауаны жақындатқан кезде оның 7 штогы итеріліп шығады және 5 беріліс тұтқасымен тежегіш қалпы 6 доңғалаққа қысылады. Барлық тежегіш цилиндірлері ілесіп жұмыс істейді. Тепловоздың алдыңғы арбашықтын екі доңғалақ жұбы (екіншісі мен үшіншісі) қол жетек тежегішімен жабдықталған. Ол машинист кабинасында орналасқан, 1 штурвалды айналдыруымен іске қосылады. Сағат тілі бойынша айналу тежеуге сәйкес. Қол тежегішті пайдалану кезінде қалып тежегіш күші беріліс тұтқасының 4 бағытты ролигі арқылы тізбекпен қосылған 3 бұрама берілісі және 2 конустық тісті жұбы арқылы беріледі. Қол тежегіш берілісінің негізгі көрсеткіштері сермерге 300-500Н (30-50 кгс) әрекетімен 30% ылдида тепловозды ұстау есебінен анықталады.

Тұтқа берілісінің негізгі тозуы бойынша және қалыпты айырбастау кезінде бұрама жұбының қысқарту және ұзартуымен 10 бойлық реттегіш тартумен реттеледі.