Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

7.19 Сурет. Чмэ3 тепловоздың қос дөңгелегі:

1- тісті дөңгелек; 2 – мотро осі мойыінтіректерінің ішпектері; 3- ось; 4 – шаң тығырығы; 5 – қамыт; 6- дөңгелек орталығы; 7- бандаж; 8 – тоқтатқыш сақинасы; а,д,- ось мойнағы; б – остің күпшек асты алдынғы бөлігі; в,г- остің күпшек асты бөлігі; е - остің ортанғы бөлігі; л – тығыншық; м,н,о,п- көлбеулік тесіктер.

Қатарлас жазықтықтарды қажатпауға диаметрі 205мм дөңгелек орталығының күпшесі екі жағынан 1: 10 конусқа егелген. Күпшеде осьтан дөңгелек орталығын баспалауға ылдиланған тесік және дөңгелек жырашық жасалған. Дөңгелек орталығының дискінде қос дөңгелекті тасымалдап оны жону станогында егеу барысында бекітіп орнатуға диаметрі 45 мм екі тесік жасалған. Механикалық өңдеу алдында бандаждарды 7 боаңқыратып шынықтырады.

Тарақ жаймен ауысатын сырғу жазықтығы қос дөңгелектің рельсте тұрақты орналасуына 1:20 еңкейтілген екі конусты аралықтан және жолдың қисық телімдеріне ыңғайлануға 1:7 бұрылу аралығынан тұрады.

Қос дөңгелекті ені 1520 мм қолтабан және ені 1435 мм қолтабанға жинақтауға күпше жаны бөліктерінің осі ұзартылып жасалған.

Буксалар рессорлық аспаның теңгеруі болып табылатын корпустарда орнатылған екі қатарлы аунақшалы сфералық мойынтіректерден (7.20сур.) құрастырылған. Букстың осы конструкциясы қолайлы даындылғын, арнайы остік тіреудің қажеттілігі жоқ, букс торабының дұрыс жұмысын қамтамасыздайды.

Аунақшалы мойынтірек ішкі 10, сыртқы 11 сақиналардан және сепаратордағы 13 екі қатар сфералық аунақшалардан 2 тұрады. Мойынтіректі қос дөңгелек осінің мойнағына 9 ось мойнағы мен сақина 10 арасында қажетті тартымынын жасауға ыстық күйінде орнатады.Букстың корпусын 12 сақинаның сыртқы жазықтығына 11 орнатылғаннан кейін екі қақпақпен 6,8 жабылады. Нығыздап жабуға қақпақ және корпус арасына резеңке сақиналар 7 салынады.

Остің күпше жанындағы алдыңғы бөлігіне артқы қақпақ 6 жақсы киіледі. Қақпақтың сақиналы жырашығына алдынала май сіңдірілген киіз сақина 5 салынады. Ость киіз сақинаның 5 қажауынан қорғауға оське тартылып ауыстырылатын темір сақина кигізіледі. Букс торабының майлау камерасын тығыздауға киіз сақинадан 5 басқа оське сақинаға 4 дейін сығымдалып қыздырылған күйде темір ұрылған сақина кигізіледі 3. Буксыға жинақтау барысында 1,25 кг ЖРО майы салынады, алдыңғы қақпақ 1/3 мөлшерге дейін толтырылады, ал басқа май сақина және мойынтірек аунақшалары арасына біркелкі жайылады.

7.20 Сурет. Чмэ3 тепловозының аунақшалы буксасы:

1 – бұранда, 2 – аунақша; 3- ұрылған сақина; 4 – ауыстыру сақинасы; 5 – киіз сақина; 6,8- артқы және алдынғы қақпақтар; 7–резеңке сақина; 9-ось мойнағы; 10,11- аунақшалы мойынтіректің ішкі және сыртқы сақиналары; 12–букс корпусы; 13 –сепаратор.

Тарту жетегі және дөңгелекті моторолы блок. Тартпалы электрқозғалтқыштың зәкірінен айналу кезеңі қос дөңгелек осіне тістегеріштерінің ТЭҚ зәкірінің білігінің конусты бөлігіне жаншымаланып тісті дөңгелектен тұратын тарту редукторы арқылы беріледі.

Тепловоздарда тіреу-ості аспа қолданылады, былайша айтқанда тартпалы электрқозғалтқыш серіппе тіреумен арба рамасына тіреліп мотор осінің мойынтіректері арқылы қос дөңгелек осіне тіреледі. Серіппе тіреуі екі темір балкалардың арасында орналастырылып үш ұядан егелген үш цилиндр серіппелерінен тұрады.

Серіппе тіреу екі бұрандамамен тартылып арба рамасының бұрыштары мен тартпалы электрқозғалтқыш қанқасы мұрындығы арасында орнатылады.Мұрындықтарды тозудан сақтауға марганец темірінен ауыстыратын тілімшелер дәнекерленген.

Мотор осі мойынтірегіне кіреді: ішпек жинағы және тартпалы электрқозғалтқыш қаңқасы және қақпағынан тұратын жалғама корпусы, М30 төрт бұрандасы.

Ішпектердің ішкі жазығына қола жағылады. Бір ішпек тартпалы электрқозғалтқыш қаңқасына орнатылған, ал екіншісі – қақпаққа; ішпектер мен қос дөңгедек осінің арасында май құюға 0,45-2,5 мм саңылау қалдырылады. Қақпақ жыл мерзіміне қарай З және Л маркалы ось майымен майлауға арналған камера.

Оське май май сіңдірілген және темір сақина кигізілген мақта маталы білтелерден польстер арқылы жіберіледі.Польстер ось мойнағына фланц және сақина арасына орнатылған серіппелермен қыстырылады.

Жинақталған польстер қақпаққа фланцке оралған екі М12 бұрандамен бекітілген. Білтелер 10мм ге ұзартылып тұрса майлауы да жақсы жүргізіледі.

Тежегіш иінтірек берілісі, арбашық рамасында орнатылған тежегіш қалыптарын дөңгелекке екі бүйірінен қыспалайды, екі бүйірлік болып табылады. Ол төрт біркелкі құрылым топтан жинақталған. Әрқайсысы тежегіш цилиндрін меңгеріп иінтіректерден, тежегіш тартымдардан, аспалардан, бұранда тартымтарынан, тежегіш қалыптары бар үш башмақтан тұрады.

Диаметрі (203мм) тежегіш цилиндірі (7.17 сур) арбашық рамасының бойлық балкасына сыртынан дәнекерленген кронштейнге 3 М16 алты бұрандамалармен орнатылған. Жоғарғы тежегіш тартымның алдынғы ұшында соташық шығуын реттеуге құрылғы орнатылған.