Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

7.4. Сурет.Тэм7тепловозының төрт осьті арбашасы:

1- автотіркеу қондырғысының бұру кронштейны;2-маятник аспасы;3- екі остьі арбаша;4-аралық рамасы;5-тарту күшін беру механизмі;6-шүберінді нығыздау;7-шүберін қондырғысы;8- рессор аспаларының екінші сатысы;9- роликті тірек;10-шүберінің май деңгейінің сүңгіші;

Көлбеу тарту және тежегіш күштері жүп доңғалалқтардан букс тарту жетектерінен екі осьті арбашаның рамаларына беріледі. Әрбір екі осьті арбашаның рамасынан иінтірек механизмдері арқылы тарту күші берілісі аралық рамаға, одан әрі шар шүберін құрылғысы арқылы аралық рамаға орнатылған бас раманың шүберіндеріне беріледі.

Аралық рама 4, сондай-ақ тепловоздың барлық жоғарғы құрылымдары маятник аспаларында теңдесе алады, көлденең бағытта орташа 40 мм мөлшерге дейін барып, тепловоздың жүріс сапасын жақсартады. 40 мм көлденең алмасудан 20мм – бас жүріс, 20 мм – пружина арқылы.

Барлық екі осьті арбашалардың 3 конструкциялары бірдей. Арбаша рамалары арбашаның тораптарын біріктіреді. Доңғалақты моторлы блоктар тарту букс жетектері рамаларымен жалғастырылған, доңғалақты-моторлы блок пен арбаша рамасының көлденең күш алуын (тарту, тежеу және жанындағы) береді. Иінтіректің тежегіш берілісі доңғалақтағы тежеуіш қалыптар екіжақты қысым жасайды. Екі осьті арбашаларда (тепловоздың ұш жағына қарай) жүктемелік тіректер бар, олар басты рамаға орналасқан.

Роликті тіректер 9 рессор аспаларының 8 екінші сатысының жоғарғы плиталарына қондырылған. Тепловоз жол учаскелерінің қисық жерлерінде роликті тіректер төрт осьті арбашалардың бас рамаға 3 қатысты бұрылуын қамтамасыз етеді. Әрбір төрт осьті арбашада төрт роликті тіректер бар. Роликтерді майлау констистенттік, олар көтеру арқылы жөндеуде толтырылады.

Төрт осьті арбаша мен бас рама арасындағы барлық көлденең күштер төмен түсірілген шүберін және шүберін құрылғысы 7 арқылы аралық рамаға беріледі.

Тарту күшін беру механизмі (7.5 сурет) екі осьті арбашадан аралық рамаға тарту және тежеуіш күштерді беруге арналған. Механизмдердің орналастырылуы тепловоздың тіркеме салмағын пайдаланудың неғұрлым көп коэффициентін жүріс бөлігіне жұмсау үшін таңдалған. Механизм иінтірек жүйесінен, күш бере отырып, сонымен қатар екі осьті арбашаның тепловоз қозғалысы кезінде аралық рамаға қатысты барлық орын қажетті ауыстыруларды атқаруына мүмкіндік береді.

Арбашалардың жандарындағы құйма кронштейндерде 1 солға және оңға бұратын иінтіректер 4 бар. Қысқа көлбеу тарту 5 рычагтарды құйма кроншетйнмен жалғастырады, олар аралық раманың астына дәнекерленген. Тартудың екі басында 3 жылжымалы шарлы мойынтіректер орнатылған 14. Шарлы мойынтіректер резеңке манжеттермен 15 жабылған. Бұру иінтіректерінің арбаша рамаларымен және тартпалардың 3 иінтіректерімен және кронштейдермен жалғасуы білік арқылы жүзеге асырылады. Серіппелі тартпа тартпадағы, екі осьті арбадағы және аралық рамадағы екі осьті арбашаның жүгіруінен болатын динамикалық күштерді азайтады.

7.5.Сурет.Тэм7 тепловозының тарту күшінің беру механизмі:

1- аралық раманың кронштейні;2- арбашаның рамасының кронштейні;3- қысқа тарту;4-бұрылыс иінтірегі;5-тығыз тарту;6- аралық рама;7- аша;8-серіппе;9-реттеу төсемі;10-білікше(саусақ);11-,16-білікше;12-қапсырма;13- штуцер майсауытпен;14-шарлы мойынтірек;15-көмкерме;

Телескоп типтес серіппелі тартпаның серіппе жүрісі созылғанда және қысылғанда 15 +3 мм тең. Төсеме салу алдыңғы тартпаның 30 кН (3000 кгс/) қамтамасыз етеді.

Аралық рама 4 (7.4) дәнекерленген конструкция, ол екі қапталдан және шүберін белдігінен тұрады, олар қапталдарды жағастырады. Аралық тартпа көлденең және тік күштерді бере отырып, екі осьті арбашалар арасындағы тепе-теңдіктің рөлін атқарады.

Қосымша жүктегіштер. Орнынан қозғалғанда тепловоздың тарту күшін арттыру үшін екі пневматикалық жүктегіш қолданылады. Олар шеткі екі осьті арбашаларға орнатылады. Жұмысқа тепловоз алғашқы жүре бастағанда бір жүктегіш қосылады. Жүктегіштер машинистің кабинасынан қосылады және тепловоз 10 км/с жылдамдыққа жеткенде автоматты түрде айырылады.

ТЭМ7 тепловозының рессорлы аспасы (7.4 сурет) екі сатыдан тұрады: біріншісі букстік және екіншісі 8 – аралық рамаға орнатылған 4. Тұрғанда екінші сатының 8 тепловоздың жоғары құрылымы салмағынан серіппелердің иілуі 120 мм, бірінші – 56 мм. Жалпы иілуі 176 мм. Теңселудің гидравликалық өшіргілері рессордың аспасының екінші сатысына орнатылған, ол жүрістің жайымен басталуына және тік бағытта тепловоздың әсерін азайтуға көмектеседі.

Доңғалақты-моторлы блок конструкциясы екінші топтағы тепловоздардікіндей.

Иінтіректі тежеуіш берілісі (7.6 сурет) екіжақты әрекет етеді, яғни башмақта 2 орнатылған тежеуіш қалыптары 3 тежелуде дөңгелекке екі жағынан әсер етеді. Башмақты тежеуіш қалыптары аспадағы екі осьті арбаша рамасына асылған 1, Бір дөңгелектің аспасы қос-қостан бойлық тартпаларға жалғасқан 4, олар дөңгелекті екі жақтан қамтиды. Тартпалар екі көршілес дөңгелектердің иінтірек жүйесін қосады. Қалыптар мен дөңгелек арасындағы қойылған саңылау және тежеуіш цилиндрдің соташығы бойлық тартпаның бұрамаларымен реттеледі 7. Жөндеуден кейін иінтірек берілісін жинауда және тежеуіш цилиндрінің соташық шығарылымын реттеуде реттеу бұрамаларын екі бұраманың кілтке квадраты детальді бұралуы тиіс, екі реттеуші құрылғылардың екі осьті арбашаның бір жағына бірдей болуы тиіс. Реттеу құрылғысы дөңгелек пен қалып арасында қалып ұзындығы бойынша саңылау тең болуын қамтамасыз етуге арналған. Тежелгенде тежеуіш цилиндріндегі 8 қысылған ауа піспегінің орын соташық 9 ауыстырады, бұл жағдайда цилиндрдің ішіндегі пружина сығылып, кері қайтқан піспек цилиндрде ауа жоқ болғандықтан және барлық иінтірек берілісі орнына келген соң, тежеу босатылады. Цилиндрдің соташығы шыққанда күш иінтірекке беріледі 11, ол айналып, күшті иінтіректердің 10 және 12 жабалары арқылы көлбеу тартпаларға 4 және 6 және одан әрі барлық тежеуіш қалыптарына береді.

Бір екі осьті арбашаның иінтірек берілісіне екі тежеуіш цилиндр 8 шартты № 5076, орнатылған, олар бір қалыптың дөңгелекке 337,5 кН (3375 кгс) күшімен жаншылуын қамтамасыз етеді, цилиндрдегі ауа қысымы 0,38, МПа (3,8 кгс/см2) болады. Тежеуіш цилиндрінің соташық шығуы 95 ±мм (калпына тозбаған болса), ал ең жоғары шығуы (тозғал болса) – 150 мм. Дөңгелектен қалыптар жанына қарай жылжып кетпес үшін көлденең тартқыштар14 қондырылған.

Пневматикалық тежеуіштен басқа тепловоз тұрғанда қолмен басқарылатын тежеуішпен жабдықталған, ол иінтірек берілісін машинистің кабинасының астына орналасқан шеткі екі осьті арбашаға береді. Қолмен басқарылатын тежеуіш тепловоз ұзақ тұрғанда пайдаланылады және 30%0 көлбеуде тепловозды ұстап тұра алады.