Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

7.2. Сурет. Тэм7 тепловозының шанағы:

1- құм салғыш шанақтар; 2- құм салғыш люгі; 3- аккумулятор бөлімшесі;

4- аккумулятор бөлімшесінің люгі; 5- машинист кабинасы; 6 – алынбалы табақ; 7- түйіспе белдеулер; 8- жоғары вольттік бөліктің шанағы; 9- машина бөлігінің шанағы; 10 – алынбалы қақпақтар; 11- қалқаншалы есіктер; 12 – алынбалы табақтар; 13 ауа сүзгіштерінің қалқаншалары; 14- тоңазытқыш бөлігінің шанағы.

7.3 Сурет. (а,б,в түрлері) тэм7 тепловоз машинистінің кабинасы:

1- жылытатын калорифер, 2-есік; 3- ЭПК-150 электрпневматикалық клапан; 4- қолжұғыш; 5- жарық сөндіргіш, 6- әйнек тазалаушы цилиндр; 7- көленке қалқаны; 8- өртсөндіргіш; 9- машинист тұратын жерді көрсеткіштің қақпағы; 10- жұынатын су багі; 11 - құрал-сайман шкафы; 12- киім-кешек шкафы; 13- көмекшінің пульті; 14 – радист пульті; 15– тұрмыс электрпешінің розеткасы; 16 – тұрмыс тоңазытқышы; 17–АЛСН сүзгіші; 18- қол тежегішінің жетегі, 19 – шалқайғыш орындығы; 20- сығымдағыш қысымының релесі; 21- радиостанция; 22- жоғары вольттік бөліктің есігі; 23- өртсөндіргіш; 24 – бағдаршам; 25- қолжұғыш суының термометрі; 26 – жылдамдық өлшегіш; 27- машинист пульті; 28-радиостанция; 29- жасыл жарықтың шырағы; 30-тұрмыс желдеткіші; 31- қолтаянғыш; 32- (БКВ) бірікпесін тексеру және тифон, ысқырығын басқаштар; 33- (БКБ) батареясын сөндіргіш басқашы; 34- тежегіштің қосалқы краны; 35- құмсалғыш басқышы; 36- терезе; 37- аяқ жылытқыш; 38- шығарылатын пульт; 39 – машинистің тежегіш краны.

ТЭМ7 тепловозында шу мен дірілдің аздығына байланысты локомотив бригадаларының жұмыс жасауына ТЭМ2 тепловозындағыдан едәуір жақсы жағдай жасалған.

Кабинадағы жабдықтар адамның орташа бойының эргонометрлік мәліметтерін есепке ала отырып орнатылған. Кабина терезесі жұмыс үстінде машинистің айналаны жақсы шолып отыруына лайықталған, күндізгі уақытта іші жарық. Алдыңғы және артқы терезелер терезе тазартқыштармен жабдықталған. Машинистің жұмыс орнында жасыл түсті жарық беретін шам орнатылған. Жанындағы қабырғаларға ысырмалы терезе қойылған ол жабық күйінде бұрамалы тіректермен бекітілген. Ысырмалы терезелердің астына шынтақты тіреп отыратын жұмсақ тіреуіштер 31 қойылған. Ысырмалы терезелердің сыртында екі жақта да кабинаның сыртында жел қайтарғыш қалқандар қойылған. Машинист пен көмекшінің жұмыс орындарында айналып тұратын және бойға қарай реттелетін креслолар орнатылған. Екі кіретін жанындағы есіктерге құлып салынған. Кабинаның алдыңғы қабырғасындағы есік жоғарывольтті кабинаға кіруге арналған. Қолжуғыштың су құятын багы 10 сырттағы су құятын түтік арқылы толтырылады, ол тепловоз рамасына орналасқан. Бакта электрлік жылытқыш бар.

Тепловоздың бас рамасында барлық тепловоз жабдықтары орналастырылған. Олар тепловоздың жабдықтарынан жүктемелердің серпінін және тұрғандағы жүктелімдерін қабылдап, құрам мен жолдың өзара әрекетін қабылдайды. Рама екі төрт осьті арбашаға орнатылған.

Раманың басты күш элементтері екі бойлап салынған арқалық, үстіңгі және астыңғы жағы төсемді белдеулермен күшейтілген. Арқалықтың омыртқалық ұштары өзара дәнекерлеп бекіткен тарттырылған жәшіктерге бекітілген. Бойлық бағыттарда раманың жандарына швелерлер орнатылған. Көлденең арқалықтардың омыртқалық арқалықтары мен швеллерлері қалқалармен және төсеніш темір табақшалармен байланыстырылған.

Соқылы-тарту құралдары. Бас раманың ұштарында, тарттыру жәшіктерінде жаңартылған автотіркемелер орнатылған. Ол СА-3 тіркемесіне қарағанда паровоздың шағын радиуста бұрылу мүмкіндігін, жолдың жазықтығы мен бұдырлы жерлерін ескере отырып жасалған.

Қораптарға тік жүктеме аралық рамаға роликті шар арқылы беріледі. Олар рессорлы аспаның екінші сатысы арқылы жоғарғы плитаға орналасқан. Екі осьті арбашадан жүктеме рамадан бірінші сатылы серіппе арқылы рессор аспасына және букс торабымен жұп доңғалақтарға түседі.