Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

6.16. Сурет 2тэ116 тепловозының тартым бәсеңдеткішінің тісті доңғалағы:

1-тегір; 2- аймақталған төлкелер; 3,5,6,14,16-төлкелер; 4-тісті тәж; 7-шетегіш сақина; 8-аунақша; 9-бұранда; 10- шағылдырғыш сақина; 11-шайба; 12-жартысақина; 13,20 –саусақтар; 15,21,22-амортизаторлар; 17-тарелка; 18-күпшек; 19-серпінді сақина; 23,24-қарсыпа элементтер;І- тістердің жиілігі жоғары тоқпен (ЖЖТ) секторлық шыңдалуы; ІІ-тістердің ЖЖТ контурлық шыңдалуы.

Төлкелер 14 сырғып кетпеу үшін шектегіш белдеме және тоғын, ал төлкеде 16 стопорлы серіппелі сақина астында екі тоғын қарастырылған. Саусақтың резеңкеленбеген беті бөшке (радиусы 270 мм) тәрізді орындалған

Қарыспалы тісті доңғалақты жинау кезінде тәж бен күпшек арасына тістесіп ілігу кезіндегі қарыспа элементтердің радиалдық күштерінен жеңілденуі және олардың ортаға қатты келуі үшін тәж бен күпшек тербеліс денесі арқылы қарсы айналуы үшін көлемі 15х25 мм 90 аунақша 8 орналастырады. Тісті тәждің өздігінен орналасуы үшін аунақшалар астындағы күпшек беттері радиусы 300 мм болып жасалған, қарыспа элементтер төлкелердің шектегіш белдемесі арасындағы саңылауы 5 мм дейінгі қалыпқа келтірілген. Аунақшалар астындағы тәж бен күпшек беттері НRC 48 қаттылықа дейін термоөңдеуден өткен. Екі түрлі қаттылық әр түрлі қарыспа элементтері бар тісті доңғалақтың айналу мезетінің берілуі екі кезеңмен жүзеге асырылады: алғашқыда айналыс аз болған кезде жұмысқа қаттылығы аз қарыспа элементтер 24 кіріседі, айналу мезетінің ұлғаюы (қозғалған кезде) кезінде тәж бұрылады және бұрылу бұрышы 1 градус шамасында жұмысқа қаттырақ қарыспа элементтер 23 кіріседі. Сонымен тісті доңғалақтың берілген қарыспа қаттылығы алынады.

Тартымды бәсеңдеткіште қарыспалы тісті доңғалақтарды қолдану тепловоз қозғалғанда ілігу кезінде туындайтын динамикалық күшті 40-50% азайтады, бұл тартымды қозғалтқыштардың, қаптаманың зақымдалуын азайтады және тістегершік пен тісті доңғалақтың ұзақмерзімділігін жоғарлатады.

Тартым бәсеңдеткішінің қаптамасы тісті доңғалақ пен тістегершік ортасында алып-салу сызығы бар дәнекерленген құрылымның алмалы-салмалы екі жартысынан тұрады.

Тартымды бәсеңдеткіштің тісті берілісі тісті доңғалақ қаптаманың төменгі жағынан алған майымен малу арқылы майланады және тістегергіш тістерімен ілігетін жұмыс бөлігіне береді. Қаптаманың төменгі бөлігіне 5 кг СТП-3 майын құяды. Осымен доңғалақ тістері майға шұңқыр шеңберіннен шығарылмай батырылады. Май өзінің тұтқырлық көрсеткіштерінің жоғарлылығы арқасында тістердің жүзінде үзілмейтін май қабатын түзеді және қаптаманың төменгі жағына ағады. СТП-3 майы ылғалға және тотығуға төзімді және төменгі температурада да (-50Со) қанағаттанарлықтай майлайды. Қаптамада аяққапты ауамен жалғастыратын сапун болады. Пайдалану кезінде майлау деңгейін бақылау: доңғалақ тістерін қарау және майлауды тығынмен жабылған мойынтірек арқылы жүзеге асырады. Майлау деңгейі май құятын мойынтіректің төменгі жиегімен шектеледі.

ТЭҚ іліктіргіші (6.17.сурет) арба рамасына қарыспалы және ДМБ-ні толық төмен түсіретіндей және оны тепловоздың астынан арбаны сырғанатпай алып шығуға мүмкіндік беретіндей болып жасалған. Бұндай іліктіргіштікті траверсті деп атайды. Тартқыш бұрандамен 5 алдын ала шамамен 40-50 кН күшпен тартылған траверсті іліктіргіш, арба рамасы ендік білігінің кронштейнінің тіректі лықсымасы 9 арасында орнатылады және кронштейннің тесігінен өткізілген бағыттағыш стерженнің 1, траверс арқалықшасының 3 және 6 құлап кетуінен сақтайды.