Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕПЛОВОЗ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.34 Mб
Скачать

6.12. Сурет 2тэ116 теповозының букстік торабы:

а- артқы доңғалақ жұптарының біліктік қарыспасы; б- ортаңғы доңғалақ жұптарының біліктік қарыспасы; 1-лабиринттік сақина, 2-стопорлық сақина; 3-шайба; 4-артқы қақапақ; 5,20- жібек шнурлар; 6-аунақшалық айналшық; 7- букс корпусы; 8,9-арақашықтық сақина, 10,12-стопорлық сақиналар; 11-кронштейн; 13-қарыспа айналшық, 14-амортизатор, 15-алдыңғы қақапақ, 16-серіппе, 17-қарыспа; 18-бұнақ сымы; 19,22-бұранда; 21-конус тәрізді тығын; 23-тізгін.

Ортаңғы және артқы доңғалақ жұптарын айыру үшін букстің қақапағына соңғысы үшін «КР», ортаңғысы үшін «СР» деген белгілер енгізіледі. Артқы қақпақта стопорлық бұранда орналасқан 2, ол тербетілген доңғалақ жұптары біліктерінің мойыншықтарынан букстің шығып кетпеуін болдырмайды.

Букс тораптарын майлау үшін бірыңғай жұмсартылған май қолданылады. Жинақтау кезінде букске айналшақтарды және алдыңғы қапақтың біліктік қарыспасын, артқы қапақты лабиринттік нығыздау үшін 2,5 кг ЖРО ТУ 32ЦТ-520-83 май құйылады. Пайдалану кезінде букс торабына май толтыру букстің астыңғы жағында орналасқан конус тәрізді тығыны бар 12 тесік арқылы нығыздаумен жүзеге асырылады.

Тізгін. Букс тізгіндері (6.13. сурет) біреуі қысқа, екіншісі ұзын білікте қалыптасқан амортизаторды 0,06-0,16 мм тартыммен жаныштайтын цилиндрлік екі кеулей жону инесі бар корпустан 7 тұрады. Қысқа букс білігінде 8 12 және13 төлкеден шығатын бір резеңкеметалл амортизатор. Екі ұзын рамалық білікте 5 2 және 3 төлкеден шығатын оларды екі жарты сақинаға 1 бөліп тұратын екі резеңкеметалл амортизатор.

Амортизаторлар біліктерге жанышталып қалыптастырылады. Жанышталу алдында резеңке төлкелер және оған жанасатын барлық беттер 30% кастор майынан және 70% этил спиртінен тұратын қоспамен майланады. Резеңкенің металлмен ілігуінің релаксациялық процессін аяқтау үшін және жанышталу кернеуін жою үшін қалыптастырылған тізгін 10 тәулік ішінде 15-30Со температурада күш түсірілмей және жарықсыз ұсталады.

6.13. Сурет. Жақсыз арбаның букс тізгіні:

1-жартысақина; 2,13-металл төлкелер; 3,12-резеңке төлкелер; 4-мық; 5-рамалық білік; 6-жартысақина; 7-корпус; 8-букс арқалығы; 9-шайба; 10-резеңке элемент; 11-сақина.

Біліктерде трапеция түріндегі ( сына түріндегі) құйрықшалар, оларды букс корпусына және арба рамасының сәйкес жігіне орналастыру үшін жасалған. Құйрықшаларды М20х80, бұрандамен бекітеді, тарту мезеті 150 Н м кем емес. Біліктердің құйрықшаларына сақинадан 11, шайбадан 9 және оларға қыздырып жапсарластырылған резеңке элементтен 10 тұратын тартымды бүйірлік амортизаторлар орналастырылған. Амортизаторлар біліктің тігісіне тұрғызылған кесілген жарты сақиналармен 6 бекітілген. Олар тізгіндермен мыққа 4 жалғасқан, сондықтан тізгіннің тік жазықтықта бұрылуы кезінде бүйірлік амортизатрлардың резеңке элементтері жылжуға жұмыс істейді. Жоғарғы тізгіннің ұзын және қысқа біліктердің сына түріндегі құйыршықтары қарама-қарсы бағытталған, төменгі тізгінде – бір бағытқа жолай бағытталған.

Бір букс тізгінінің қаттылық коэффициенті көлденең бағытта 35 105 Н.м, ал ұзындығынан -235.105 Н.м. Доңғалақпен арба рамасының арасындағы бұндай серпінді көлденең байланыс біржақты әсер ету кезінде букстік біліктік қарысумен бірге тепловоздың көлденең динамикасын жақсатады.

Айналшықты букстің негізгі артықшылығы қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы, жоғары сенімділік, тепловоз қозғалысына кедергіні азайтуы, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына шығынды қысқарту және т.б.. Букс корпусының лықсымасы доңғалақ жұптарының көлденең жылжуын шектейді. Буксті әртүрлі цилиндрлік немесе сфералық аунақшалы айналшақтардан жинақтайды. М62, ТЭП10, ТЭП10Л, 2ТЭ10Л тепловоздарының доңғалақ жұптары жақты букстермен жабдықталған. Жақты букстің букс корпусы мен букстік бағыттандыратын арба рамалары арасындағы саңылау айтарлықтай кемшік болып табылады, сонының салдарынан арбаның түзу жол телімдеріндегі бұлғаққа ауытқуы ұлғайып доңғалақ жұптары көлденең және бойлық бағыттарда өз бетімен жылжуы мүмкін.

2ТЭ10Л тепловоздарының букс торабында шағын габариттерден тігінен күш түсетін арқалық жүктелу айналшақтары қолднылады. Айналшақтардың майлануы қою құйылу, букстердің артқы қақапақшаларының лабиинтті тығыздалуы қолданылады. Білікте айналшықтардың бүйірлік бекітілуі жеңілдетілген. ТЭ3 тепловозының букс торабының 268 кг тең салмағымен салыстырғанда 2ТЭ10Л тепловозының жаңартылған букс торабының салмағы 180кг. Құрылымды жеңілдету қатарында сұйықтық орынына жұмсақ май құю қызмет көрсету кезіндегі шығындарды азайтады.