Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістемелік-нсау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216.47 Кб
Скачать

7.3 Жұмыстардың орындалу тәртібі

Алдымен сумматорды есепке алмай және k1, kкб коэффициенттерінің (4 және 5 жұмыстар) таңдап алынған мәндерін ескере отырып, кері байланысының басты контуры бойынша тұйықталмаған жүйенің, яғни ажыратылған Wа(s) жүйенің беріліс функциясын есептейді. Егер кері байланыс коэффициентінің таңдап алынған мәні теріс болса, онда модуль арқылы қорды, фаза мәндері 180 (-180) градусқа тең болған кезінде ЛАЖС ның бастапқы бөлігінде анықтайды.

Логарифмдік сипаттамаларды салу үшін LinCAD кітапханасынан BODECHAR "Логарифмдік сипаттама (Логарифмические характеристики)" бағдарламасы қолданылады (13 - сурет).

Жиіліктің ( берілген диапазонында өзгеруі кезіндегі беріліс функциясының Wа(s) алымы мен бөлімінің полиномдарының коэффициенттерін енгізу арқылы бағдарлама, логарифмді - амплитудалық (ЛАЖС) және фазалық (ЛФЖС) жиіліктік сипаттамаларының графиктерін тұрғызады, бұл графиктердің сандық мәндерін жұмыс барысында курсор стрелкасын жылжыта отырып көруге болады. ЛАЖС бағытының барлық өзгерулері графикте орналасатындай етіп, жиіліктердің бастапқы және соңғы мәндері тәжірибелі түрде таңдап алынады (таңдауды 0.01 мен 100 рад/с жиіліктерінен бастауға болады).

13 - сурет

Сонымен қатар бағдарлама қосымша - жүйенің төзімділігін, астатизм ретін, түйіндесу жиілігін есептейді, комплекстік түйіндес түбірлер үшін еселігін және асимптоталар бағытын (алымының түбірлері үшін – жоғары, бөлімінің түбірлері үшін – төмен) көрсетеді. Бұл мәліметтер асимптоталық ЛАЖС ның құрылу принциптерін түсінуге көмектеседі.

7.4 Әдістемелік мысал Ажыратылған жүйенің беріліс функциясы:

Логарифмдік жиіліктік сипаттамалар (БФ алымындағы теріс таңбалы коэффициент бағдарламаға оң таңбалы болып енгізіледі).

Амплитуда бойынша 1.445 рад/с жиілігіндегі орнықтылық қоры Ам=0.508 немесе 5.882 дБ, фаза бойынша орнықтылық қоры максималды мәніне φм=1800 тең, дегенмен ЛАЖС жиіліктің барлық диапазондарында теріс болғандықтан, кесіп өту (қиылу) жиілігі болмайды. Қордың мәндері АРЖ-ның стандартты талаптарын қанағаттандырады [1].

7.5 Есептің мазмұны

Зертханалық жұмыс туралы есепте жұмыстың тақырыбы, мақсаты, кері байланыс контурының ажыратылу нүктелері көрсетілген жүйенің құрылымдық схемасы, ажыратылған жүйенің беріліс функциясы, қажетті графикалық салынулармен сәйкес масштабта көрсетілген ЛФЖС мен ЛАЖС-ның соңғы түрі, амплитуда мен фазасы бойынша орнықтылық қорларының табылған мәндері болуы керек және графикте осы қорлардың сәйкес келетін жиіліктері мен олардың өлшем бірліктері көрсетілуі керек.

7.6 Бақылау сұрақтары

  • жай және логарифмдік түрдегі Найквист критерийінің тұжырымдамасы мен оның қолданылу ерекшеліктері;

  • асимптоталық ЛАЖС-ны салу мен оның параметрлері үшін қажетті есептеудің әдістемесі;

  • ЛЖС өлшем бірліктері;

  • АФЖС мен ЛЖС бойынша бағалау кезіндегі орнықтылық қорының нормалары.

Қосымша мағлұмат Құрылымдық түрлендірулер

Анализ немесе синтез үшін жүйені - буындар, тармақтар, түйіндер мен сумматордан тұратын құрылымдық сұлбамен ұсынады.

Буын немесе блок - ішінде түрлендіру функциясы көрсетілген кірісі мен шығысы бар тікбұрышпен бейнеленеді. Түйіндер (сигналдардың тармақталу орындары) графикалық сұлбада диаметрі

1,5-2мм болып келетін нүктемен белгіленген. Тармақ (байланыс), сигнал қозғалысының бағытын бейнелейтін, соңында тілшесі бар сызықпен көрсетіледі. Сумматорлар (салыстыру элементтері) сигналдардың жинақталған орнын білдіреді.

Олар орташа мөлшерлі бос дөңгелекпен (түйіннен үлкенірек), немесе түзу сызықпен крестке крест сызылған үлкен дөңгелекпен белгіленеді.

Ереже бойынша сумматордың үштен көп емес кірісі, бірден көп емес шығысы және беріліс коэффициенті k = 1 болады. Сумматордың барлық кірістері бір - бірінен тәуелсіз. Егер сумматордың кірісінде сигналдың таңбасы өзгертілсе (инверторлау), яғни осы кірісі бойынша сумматордың коэффициенті минус бірге тең болса, кіріс инверторлаушы деп, ал сумматор – салыстыру элементі деп аталады. Сумматордың мұндай кірісі бос дөңгелек түріндегі бейнесі үшін – минуспен, ал үлкен дөңгелек түріндегі бейнесі үшін - боялған секторымен белгіленеді.

Әдетте жеке буындардың беріліс функциялары белгілі болған кезінде, буындардың бірігуінің (объектінің, реттегіштің), немесе тұтас барлық жүйенің эквивалентті беріліс функциясын (БФ) табу қажет. Ол үшін құрылымдық түрлендіру ережесін қолданады: