
- •2013 Жылы «-15-» тамызда
- •2. Қордың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Қор қызметінің мәні мен мақсаты
- •4.Қатысушының құқықтары мен міндеттері
- •5.Қордың мүлкі құрау көздері
- •6.Қордың басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және құзреті
- •7. Қамқорлық кеңесі
- •8. Қордың атқару органы
- •9. Ревизор
- •10. Филиалдар және өкілдіктер туралы мәліметтер
- •11.Қаржы жылы және есеп беру
- •12. Еңбек және әлеуметтік өзара қарым-қатынастар
- •13.Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу тәртібі
- •14.Қордың қызметінің тоқтату шарты
- •15 Августа 2013 г.
- •1.Общие положения
- •2. Права и обязанности фонда
- •3.Цель и предмет деятельности фонда
- •4.Учредитель – его права и обязанности
- •5.Имущество фонда и его формирование
- •6.Органы управления и контроля фонда
- •7.Попечительский совет
- •8.Правление фонда
- •9. Ревизор
- •10.Сведения о филиалах и представительствах
- •11.Финансовый год и отчетность
- •12.Трудовые и социальные взаимотношения
- •13.Порядок внесения изменений и дополнений
- •14. Прекращение деятельности фонда
9. Ревизор
9.1.Қордың қаржылық қызметін бақылауды Қатысушы тағайындаған ревизор (Тексеру комиссиясы) жүзеге асырады. Ревизордың қызметінің мерзімін Қор Қатысушысы белгілейді. Қор Басқармасының мүшесі ревизор бола алмайды.
9.2.Ревизор Қордың қаржылық қызметін тексеруді Қатысушының талабы және өзінің жеке бастамасы бойынша өткізеді. Заң актілерінде немесе Қор қатысушысының шешімімен көзделген жағдайларда ревизор жылдық қаржылық есеп бойынша қорытынды түзеді.
9.3.Ревизор Қордың барлық құжаттарына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие. Ревизор талабы бойынша Президент және Қор қызметкерлері қажетті түсініктемелерді жазбаша немесе ауызша нысанда беруге міндетті.
10. Филиалдар және өкілдіктер туралы мәліметтер
10.1.Мемлекеттік тіркеу кезінде Қордың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Қор қатысушының шешімімен филиалдар мен өкілдіктерді Қазақстан Республикасында Алматы облысының барлық аймағында құруға құқылы.
11.Қаржы жылы және есеп беру
11.1. Қордың қаржы жылы күнтізбе жылға сәйкес.
11.2. Әрекеттегі заңнамада көзделген тәртіпте Қор бухгалтерлік есепті және статистикалық есеп беруді жұргізеді.
11.3. Қор жыл сайын Қор қызметінің қаржылық тексеруін өткізуге міндетті.
11.4. Қордың қаржылық тексеруінің дұрыстығын растау үшін, Қорға мүліктік мүдделерімен, оның мүшелерімен немесе Қор басқарма органымен байланысы жоқ ,
маман – аудитор қатысуы мүмкін.
Аудиторлық тексеру барлық уақытта қатысушының талабымен өткізілуі қажет.
12. Еңбек және әлеуметтік өзара қарым-қатынастар
12.1.Қордың үшінші тұлғалармен және еңбек ұжымымен, және де Қор және қатысушының арасындағы өзара қарым-қатынастарының сипаты мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың айқын еңбек және шаруашылық келісімдерімен белгіленеді.
12.2. Қор қызметкерлерді жеке еңбек келісіммен немесе контрактпен жалдауға құқылы.
12.3.Жұмыс тәртіптемесін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай Қор басқармасының Президенті белгілейді.
13.Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу тәртібі
13.1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар қатысушының шешімімен қіргізіледі.
Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы мәліметтер , қатысушының шешімімен және еңгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәтінімен немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жарғының мәтінімен бір ай ішінде тіркеу органына жіберіледі. Егер де қордың атауы өзгерсе онда заңнамада белгіленген тәртіпте бір айдың ішінде әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуге тиісті.
14.Қордың қызметінің тоқтату шарты
14.1. Қордың қызметін тоқтату немесе қайта ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
- қатысушысының еркін шешімімен;
- мәжбүр сот шешімімен, немесе басқа Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген себептермен
14.2. Серіктестіктің қайта ұйымдастырған (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығары, қайта құру) жағдайда Қордың заңды сабақтасын Қатысушы белгілейді.
Қордың мүлкін заңды сабақтасына тапсыру тәртібін қатысушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесіна (жалпы бөлімі) сәйкес белгілейді. Бұл жағдайда қайта құрылған Қордың барлық құқықтары мен міндеттері кредиторлары және борышқорларына қатысты, оның ішінде тараптардың даулы міндеттемелері, заңды сабақтастарына Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиісті жазу жазылған сәттен бастап өтеді.
14.3. Тарату қолданып жүрген заңдарда қаралған тәртіпте және мерзімде қатысушы тағайындаған - тарату комиссиясымен жүзеге асырылады.
14.4. Сот шешімімен қордың таратылуы:
- егер қордың дүние-мүлігі оның мақсатының орындалуына жеткіліксіз болса және қажетті дүние мүлікті алу мүмкіндігі шынайы болмаса;
- егер қор мақсаттарына қол жеткізе алмаса, ал мақсатқа қажетті өзгерістер енгізу мүмкін болмаса;
- егер қор өз қызметінде жарғыдан бұлтарған жағдайда;
14.5. Қорды тарату мемлекеттік Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиісті жазу жазылған сәттен бастап, Қор таратылды және оның қызметі тоқтатылды деп есептелінеді.
14.6. Қатысушының Қорға пайдалану үшін берген барлық мүлкін, қор қатысушыға өз ырқымен қайтарылады.
«ҚСҚ» ҚБ «Нұршуақ» КҚ Президенті:
|
УТВЕРЖДЕН
Решением съезда
ОБЩЕСТВЕННОГО
ОБЪЕДИНЕНИЯ «КАЗАХСКОЕ
ОБЩЕСТВО СЛЕПЫХ» ОО«КОС»