- •2013 Жылы «-15-» тамызда
- •2. Қордың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Қор қызметінің мәні мен мақсаты
- •4.Қатысушының құқықтары мен міндеттері
- •5.Қордың мүлкі құрау көздері
- •6.Қордың басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және құзреті
- •7. Қамқорлық кеңесі
- •8. Қордың атқару органы
- •9. Ревизор
- •10. Филиалдар және өкілдіктер туралы мәліметтер
- •11.Қаржы жылы және есеп беру
- •12. Еңбек және әлеуметтік өзара қарым-қатынастар
- •13.Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу тәртібі
- •14.Қордың қызметінің тоқтату шарты
- •15 Августа 2013 г.
- •1.Общие положения
- •2. Права и обязанности фонда
- •3.Цель и предмет деятельности фонда
- •4.Учредитель – его права и обязанности
- •5.Имущество фонда и его формирование
- •6.Органы управления и контроля фонда
- •7.Попечительский совет
- •8.Правление фонда
- •9. Ревизор
- •10.Сведения о филиалах и представительствах
- •11.Финансовый год и отчетность
- •12.Трудовые и социальные взаимотношения
- •13.Порядок внесения изменений и дополнений
- •14. Прекращение деятельности фонда
8. Қордың атқару органы
8.1. Атқару органы қамқорлық кеңесімен тағайындалады және оны Президент басқарады, Президент болмаған жағдайда Президенттің міндетін Вице – Президент атқарады. Қордың атқарушы органы қордың ағымдағы жұмысын бақылайды.Қатысушы мен қамқорлық кеңесінің шешімдерін орындайды және есеп береді. Қор Президенті Қатысушыға қызметінің нәтижелері туралы тоқсанына 1 (бір) реттен кем емес есеп береді.
- Атқарушы органының мүшелері 1 жылдық мерзімге сайланады.
- Қордың атқарушы органдарының міндеттері:
- Қамқорлық кеңесінің және Қатысушының шешімдерін(қаулы, бұйрық және т.б.)
орындау және ұйымдастыру ;
Қордың қаржылық жоспарын дайындау және оған өзгерістер енгізу;
Қордың бағдарламасы мен жобасын дайындау және бекіту;
Қордың қатысушының құзырына жатпайтын басқа да мәселелерді шешу;
Атқарушы органның отырысы қажет болған жағдайда жылына 1 реттен кем емес өткізілуі керек; Атқарушы органның мүшелерінің жартысынан көбі жиналған жағдайда отырыс өкілетті болып саналады;
Атқрушы органның отырысының хаттамасына Президент қол қояды, егер Президент жоқ болған жағдайда оның орынбасары (вице президент) қол қояды және ол Атқырушы органның мүшелеріне танысуға беріледі;
8.2 Қор Президентінің міндеті:
- қордың атқарушы органының қызметін бақылайды, қордың қатысушысының шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
- Қорды сенімхатсыз жеке және заңды тұлғалармен заңды қатынастарда, Қазақстан Республикасында және сыртқы елдерде ұсынады; мемлекеттік мекемелерде және де басқада ұйымдарда ұсына алады;
- Қор Жарғысына қол қояды;
- Қор атынан мәмілелерге, келісімдерге (контракт) соның ішінде еңбек келісім
шарттарына тұру және оларды қарау;
- қордың атынан қатысу үшін сенімхат береді;
- банк мекемелерінде шоттарды ашу;
Қатысушы берген құзіретінің шеңберінде Қор мүлкін өкім ету;
Қор қызметінің мәселелері бойынша методикалық және нұсқаулық құжаттарды қабылдайды;
Қор қызметкерлерінің жұмысқа тағайындауға, басқа орынға ауыстыру және босату туралы бұйрық шығарады, еңбеккақы төлеу жүйесін анықтайды, қызметкерлердің айлық және жалақы үстеме мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселелерін, көтермелеу шараларын бекітілген бюджетке сәйкес шешедi және тәртіп жазасын қолданады;
Қор қатысышысы және қамқорлық кеңесімен бірлесе отырып қор қызметкерлерінің құрылымын, қызметкерлердің штаттық санын, қордың күтілетін жылдық бюджетін, негізгі тапсырмасын және атқаратын қызметін ұсыну;
Қор Қатысушысының және Қамқорлық кеңесінің ерекше құзіретіне кірмейтін басқа мәселелерді шешеді.
Материалды және ақшалай қаржылардың мақсатты жұмсалуының жүзеге асырылуына жауапты;
Қор штат қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлу;
Егер де 15 күнтізбе күннен артық уақыт болмауында оның міндеттерін вице-президент орынбасары орындайды.
8.3. Қор Президентінің ұсынысы бойынша Қамқорлық Кеңесі Қордың вице-президент кандидатурасын бекітеді. Вице - президент жалақысыз жұмыс істейді және келесі міндеттері мен құқықтарына ие:
- Қамқорлық Кеңесінің қызмет жоспарына сай шараларды өткізу және ұйымдастыру;
- Қамқорлық кеңесінде кезекті есеп беруге құжаттарды дайындау;
- Президент жоқ болған кезде оның міндеттрін атқарады.
8.4. Қор басқармасының Президенті қалаған уақытында өзінің міндеттерін орындаудан бас тартуы мүмкін, ол туралы қатысушыға бас тартудан 2 (екі) ай бұрын жазбаша түрде хабар береді.
8.5. Егер де Президенті Қордың құрылтайшы құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін шешімдер қабылдап Қорға зиян келтірсе, ол келтірілген зиянның орнын бірігіп толтыруға міндетті.
