Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кф капшагай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.94 Кб
Скачать

5.Қордың мүлкі құрау көздері

5.1.Қордың заңды актілеріне және осы Жарғыға сәйкес ақшалай және басқа қалыптасу көздері:

-ерікті мүлікті жарналар;

- заңнамада белгіленген жағдайлардағы қызметтер мен жұмыстардан , тауарларды сатудан түскен табыстар;

- кәсіпкерлік қызметтен түскен түсімдер, заңнамада бекітілген жұмыс пен қызмет жағдайларында;

- акциялар, облигациялар және де басқа құнды қағаздардан және салымдардан (депозиттерден) түскен дивиденттер (табыстар, сыйақылар, мүдде);

- заңнамаға қайшы келмейтін басқа да түсімдер.

Құрылтайшының қорға берген негізгі қаражаттары- станоктар , машиналар , құрал-жабдықтар ,ғимараттар , үйлер, жер участкілері және де басқа ,және қордың

іс-әрекеттерінен түскен қордың құрылтайшысының (қатысушысының) жазбаша келісімісіз шеттеуге тиісті емес негізгі қаражаттар.

5.2.Қатысушының берген дүние мүлкі қордың меншігі болып табылады;

- Қордың мүлкі қордың балансында есептеледі.

- Қордың өзінің құрылым бөлімдеріне (филиалдарға, өкілдіктеріне) сенімхат басқаруға, пайдалануға және басқаға берілген сондай қабылдау-табыстау келісімінің шарттарына сай басқарылады және қорға есеп береді.Қордың филиалдары мен өкілдіктеріне берілген мүлкі қордың балансында есептеледі.

5.3. Қордың қатысушысы Қордың міндеттемелері және қарыздары бойынша жауапты емес, ал Қор қатысушының міндеттемелері және жеке қарыздары бойынша жауап бермейді.

5.4. Кәсіпкерлік қызметтен түскен және де басқа қордың түсімдері таратуға тиісті емес және де қордың қызметінің дамуына, жарғылық мақсаттарына жетуіне, оның ішінде Қордың жобаларын және бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалады.

Табыстар мен басқа түсімдерді жұмсау туралы шешімді осы Жарғыға сәйкес Қордың Қамқорлық кеңесі қабылдайды.

5.5. Қор өзінің мүлкін пайдалану туралы есепті жыл сайын ресми баспасөз органдарында жариялауға міндетті.

6.Қордың басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және құзреті

6.1. Фондта:

- Жоғары басқару органы - ҚАТЫСУШЫ;

- Алқалылық басқару органы - ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІ;

- атқару органы - ПРЕЗИДЕНТ;

- бақылау органы - РЕВИЗОР.

7. Қамқорлық кеңесі

7.1. Қор құрылған кезде қордың қатысушысының шешімімен әрқашан

әрекеттегі алқалылық басқару органы – қамқорлық кеңесі құрылып Құрылтайшымен 5 жыл мерзіміне белгіленген, құрамын өзгерту құқығымен бір мерзімге сайлана алатын Қамқорлық Кеңесі табылады. Қамқорлық Кеңес Қатысушыға есеп береді.

7.2. Қамқорлық кеңес осы қордың іс-әрекеттері жарғылық мақсатына сәйкестігін

бақылауды жүзеге асырады, қордың органдарының шешім қабылдауын және оларды орындауының қатамасыздандыруды бақылайды, қордың қаржыларын пайдалануды, қордың заңңаманы сақтауын, және де көп басқа қордың Жарғысымен бекітілген құзіреттіктерін бақылайды.

    1. Қамқорлық Кеңес  Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан, Хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Төраға 5 жылдық мерзімге сайлана алады. Төраға Қамқорлық Кеңестің отырысын жүргізеді. Отырысқа Қамқорлық Кеңес Төрағасы қатыса алмаған жағдайда оны Төраға орнынбасары алмастырылады. Төраға және Қамқорлық Кеңес мүшелері өз міндеттерін орындай алмаған жағдайда мерзімінен бұрын өз құзырынан бас тартуы мүмкін.

    2. Қамқорлық Кеңестің Отырысы қажет болған жағдайда, бірақ жылына 1 реттен кем емес шақырылады. Қамқорлық Кеңестің Отырысы Қамқорлық кеңес мүшелерінің жалпы дауыстарының жартысынан көбі қатысса құқылы болып есептелінеді. Шешімдер Қамқорлық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік ашық дауыстарымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қамқорлық Кеңестің Отырысының хаттамаларына Төраға қол қояды немесе оның болмауында Төраға орнынбасары қол қояды, және олар Қамқорлық Кеңес мүшелеріне танысуға ұсынылады.

Қамқорлық Кеңестің мүшесі мынадай жағдайларда өз құзырынан айрылады:

  • Қамқорлық Кеңестің  шешімдерімен анықталған міндеттемелерді орындамағанда;

  • Қамқорлық Кеңестің шешімдерін орындамаған жағдайда;

- Қамқорлық Кеңестің отырыстарына 3 рет белгілі себепсіз қатыспаған жағдайда.

7.5. Қамқорлық Кеңестің құзырына кіретіндер:

- өз құрамынан Төрағаны, Төраға орынбасарын, Хатшыны сайлау;

- Қордың қаржылық жоспарын дайындау және оған өзгерістер еңгізу;

- Қордың жобалары мен бағдарламаларын дайындау және бекіту;

- Қор жұмысшыларының штаттық санын, құрылымын және олардың шығындарын  анықтау және бекіту;

- олардың орындалғандығы  туралы есепті тыңдау және шығындар сметасын бекіту;

- Қордың келешектегі және  кезекті міндеттерін анықтау;

- Қордың тоқсандық, жылдық жоспарларын қарау және бекіту;

- Қор Қатысушысының ерекше құзіретіне кірмейтін басқа да мәселелерді шешу.