
- •2013 Жылы «-15-» тамызда
- •2. Қордың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Қор қызметінің мәні мен мақсаты
- •4.Қатысушының құқықтары мен міндеттері
- •5.Қордың мүлкі құрау көздері
- •6.Қордың басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және құзреті
- •7. Қамқорлық кеңесі
- •8. Қордың атқару органы
- •9. Ревизор
- •10. Филиалдар және өкілдіктер туралы мәліметтер
- •11.Қаржы жылы және есеп беру
- •12. Еңбек және әлеуметтік өзара қарым-қатынастар
- •13.Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу тәртібі
- •14.Қордың қызметінің тоқтату шарты
- •15 Августа 2013 г.
- •1.Общие положения
- •2. Права и обязанности фонда
- •3.Цель и предмет деятельности фонда
- •4.Учредитель – его права и обязанности
- •5.Имущество фонда и его формирование
- •6.Органы управления и контроля фонда
- •7.Попечительский совет
- •8.Правление фонда
- •9. Ревизор
- •10.Сведения о филиалах и представительствах
- •11.Финансовый год и отчетность
- •12.Трудовые и социальные взаимотношения
- •13.Порядок внесения изменений и дополнений
- •14. Прекращение деятельности фонда
«Қазақ соқырлар қоғамы»
(«ҚСҚ» ҚБ )
қоғамдық бірлестігінің
съездінің шешімімен
2013 Жылы «-15-» тамызда
БЕКІТІЛДІ
« Қазақ соқырлар қоғамы»
қоғамдық бірлестігінің «Саркан»
Корпоративтік қорының
ЖАРҒЫСЫ
Талдықорған қаласы 2013 жыл.
1. Жалпы ережелер
1.1. Бұдан әрі «Қор» деп аталатын, Корпоративтік қор Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіна, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрылып, әрекет жасайды.
1.2.Қордың Құрылтайшысы - «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Талдықорған» қоры – («ҚСҚ» «Талдықорған» КҚ), тіркеу номері № 448-1907-01-Ф-д «02» наурыз 2012 ж.
1.3.Қор мемлекеттік тіркеуге тұрған мезгілден құрылған есептеледі.
1.4.Қор құрылтайшының мүлікті жарнасы, өз еркімен берілген қайырымдылық жарнасы, демеушілер қаражаттары және басқа шет ұйымдармен жеке тұлғалардың қаражаттарының негізінде құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады, және де
Жарғылық мақсаттарына жету үшін кәсіпкерлік қызметімен, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шегінде мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынуды жүзеге асыруға, құқылы.
1.5.Қор өз қызметін өзін-өзі басқару, еркіндік, жариялау және өзін-өзі қаржыландыру ұстамдары негізінде жүзеге асырады. Қор пайда табуды негізгі мақсаты негізінде есептемейді.Қордың қызметінен түскен барлық табыс жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға жұмсалады.
1.6.Қордың толық атауы:
Мемлекеттік тіліндегі атауы: «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнің «Сарқан» корпоративтік қоры;
Орыс тіліндегі: Корпоративный фонд «Саркан» общественного объединения «Казахское общество слепых».
Қысқартылған атауы:
Орыс тіліндегі: КФ «Саркан» ОО «КОС».
Мемлекеттік тіліндегі: «ҚСҚ» ҚБ «Сарқан» КҚ;
1.7. Қордың орналасқан жері және мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Сарқан ауданы, почталық индексі: 041500,Сарқан қаласы, Чепрасов көшесі 18 үй.
1.8. Қордың қызметінің мерзімі шектелмеген.
2. Қордың құқықтары мен міндеттері.
2.1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады.
2.2. Қор жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін құқылы:
- заңнамада белгіленген тәртіпте банктарда шоттар ашуға;
- қордың белгіленген тәртіпте тіркелген атауы жазылған мөрі, мөр таңбасы, атауы жазылған мемлекеттік және орыс тілінде жасалған бланктары және де белгісі (рәміздері) болуы тиіс;
- жеке меншігінде оқшауландырылған мүлкі, дербес теңгерімі немесе сметасы болуы керек;
- мүлікті және жеке мүлікті емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;
- қаражаттарды жарғымен көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшін пайдалану;
- сотта қуушы және жауапкер бола алады;
- белгіленген тәртіпте банктен кредит алу және оны пайдалану;
- өз қызметі туралы ақпаратты еркін тарату, бұқаралық акпарат құралдарын бекіту;
- өз атынан келісім жасау, мәмілелерді жасау және міндеттерін орындау құқына ие.
-мердігерлік келісімдер негізінде бөлек жұмыстарды орындау үшін мамандарды, шығармашылық және жұмысшылар ұжымдарын тарту;
- заңнамада белгіленген тәртіпте көз көру бойынша мүгедектердің спорт, қайырымдылық, және де шаруашылық шараларды қаржыландыру және несие беру.
2.3.Қор міндетті:
- «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық
филиалымен қарым қатынас жасау, бірге жүргізілген көз көру бойынша
мүгегедектерді әлеумметік – еңбек реабилитация шараларын қаржыландыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
- белгіленген тәртіпте бюджетке салықтарды және де басқа міндетті төлемдерді
төлеу;
- өзінің міндемелері бойынша барлық мүлкімен жауап беру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті мойнына алу.
2.4.Қордың қарыздары бойынша Қатысушы жауап бермейді.