Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03. Лекция тезистерi.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.5 Кб
Скачать

3 Тақырып: Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

Мақсаты: студенттерге отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды, олардың түрлерін түсіндіру

Жоспар:

  1. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерi.

  2. Кәмелетке толмағандардың мүдделерiне қол сұғатын қылмыстар. (131-132 б.)

  3. Отбасы мүдделерiне қол сұғатын қылмыстар (140 б.).

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: 1,2,3,4,5 қосымша: 6,7,8,9

1. 1997 жылы қабылданған жаңа қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшiн жауаптылық белгіленген.

Осы топқа жататын қылмыстардың объектiсi ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани, адамгершiлiк тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады.

2. ҚК 131-б. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту.

Қылмыстың тiкелей объектiсi – кәмелетке толмағандардың бiрқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады. Қылмыстың жәбiрленушiсi 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар.

Қылмыс объективтiк жағынан алғанда әртүрлi әдістер (тәсiлдер) қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту арқылы жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту деп 18-ге толмағандарды қылмыстың тiкелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушi болуға жiгерлендiруге, ынтасын, шешiмiн қоздыруға бағытталған iс-әрекеттердi айтамыз. Қылмыстық iске тартудың әдiсi заңда тiкелей көрсетiлмеген, бiрақ ол әртүрлi жолмен жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл әрекет көбiнесе психикалық әдiстердi қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсiлдердi қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

Қылмыс формальдық құрамға жатады. Және ол кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартқан уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

ҚК-тiң 131 бабының 1 -тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды iстеуге кәмелетке толмағандарды тартқан үшiн ғана жауаптылық көзделген.

Субъективтiк жағынан ҚК-тiң 131- бабында көзделген қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi заңда тура атап көрсетiлгендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тартқан жасы 18-ге толған адам.

Ата – анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет – осы қылмыстың ауырлататын түрi болып табылады (131- б. 2- т.).

Осы баптың 1-ші немесе 2- ші тармақтарында көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасаған әрекеттер (131 -б. 3- т.) осы қылмыстың тағы бiр ауырлататын түрi болып табылады.

Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi тармақтарында көзделген кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер (131- б. 4 -т.) көрсетiлген қылмыстың өте ауырлататын түрi болып табылады.

ҚК 132- б. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту.

Қылмыстың тiкелей объектiсi кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершiлiк тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиелену болып табылады.

Объективтiк жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есерткiлiк немесе басқа да есеңгiретiн заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттiк iшiмдерiн ұдайы тұтынуға, не жезөкшелiкпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.

Заң бойынша есiрткiлiк емесе есеңгiретiн затқа жататын, арнаулы тiзiмi бойынша белгiленген осындай заттарды екi немесе одан көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетiлген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады.

Екi немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемi спирт iшiмдiктерiн (арақ-шарап) iшуге тарту осы қылмыстың объективтiк жағының бiр белгiсi жүзеге асырғандық болып табылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi 18-ге толған есi дұрыс адам.

ҚК-тiң 132-бабының 2- тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет, ал осы баптың 3- тармағында, осы баптың бiрiншi немесе екiншi тармақтарында қарастырылған бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшiн қылмыстық жауаптылық көзделген.

3.)ҚК 140-бап.Қылмыстың объектiсi – еңбекке жарамсыз жүбайдың материалдық мүддесi. Еңбекке жарамсыз деп зейнеткерлiк жасқа жеткен, ауырлығы немесе басқадай зақымдалуы бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын асыруға қаражат төлеуден үш айдан астам әдейi жалтару арқылы жүзеге асырылады.

Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi.

Қылмыстың субъектiсi еңбекке жарамсыз жұбайын сот шешiмi бойынша асырауға мiндеттi екiншi жұбай.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Кәмелетке толмағандар мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар

2.Отбасы мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар