Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03. Лекция тезистерi.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362.5 Кб
Скачать

14 Тақырып: Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

Мақсаты: студенттерге басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың түсінігін мәлімдеу, олардың дұрыс саралауының маңыздылығын ашу

Жоспар:

1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың ұғымы, түрлері.

2. Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар.

Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:

негiзгi: 1,2,3,4,5 қосымша: 6,7,8,9

1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс деп мемлекеттік кәсіпорынының, мекеменің,ұйымның басқару саласында бір қалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті істеуді айтамыз.

Осы қылмыстардың топтық объектісі басқару тәртібі болып табылады, тікелей объектісі-басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрде болады. Қосымша тікелей объектіге-адамдардың өмірі, денсаулығы, арнамысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі жатуы мүмкін.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы негізінен формалдық құрамға жатады. Тек қана 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының екінші тармағында көрсетілген қылмыс құрамдарының міндетті белгісі-ауыр зардаптардың орын алуы қажет.

Субъективтік жағынан қылмыстар қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі 16-толған кез келген адам.

Тікелей объектілеріне байланысты басқару тәртібіне қарсы қылмыстар мына төмендігідей түрлерге бөлінеді:

  1. мемлекеттік органдарды басқару әрекуетіне байланысты өкімет өкілдерімен басқа адамдарға қарсы қылмыстар; 318, 322.

  2. ҚР мемлекеттік шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар: 330, 331-бап.

  3. Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар: 323, 325-бап.

  4. Әскери қызметке шақырылу тәртібіне қарсы қылмыстар: 326-бап.

  5. ҚР мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар: 317, 329-бап.

  6. Басқару тәртібінің қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар: 327, 328, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 338-бап.

2. 318-бап ҚР Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау.

Қылмыстың тікелей объектісі ҚР Президентінің басқару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиеті мен қорғау жөніндегі қатынастар. Қылмыстың жәбірленушісі-Республика Президенті, оның жақын туыстары.

Қылмыстың объективтік жағы ҚР Президентің жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу арқылы сипатталады.

Республика Президентін жария түрде қорлау деп басқа біреудің немесе көпшіліктің көзінше ел Президенттің әдепсіз сөзбен шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетін дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мінез-құқықтарға қайшы келетін басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тіл тигізулер болып табылады.

Президенттің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу деп ол туралы шыңдыққа сай келмейтін жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершілігін, қадір-қасиетін көрінеу аяққа басатын, оны жұртшылық алдында масқаралайтын, беделін түсіретiн жалған лақаптар айту, тарату сияқты әрекеттерді айтамыз.

Қылмыс құрылысы жөнінен формалдық құрамға жатады және ол Президентті жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы қадір-қасиетіне қол сұғатын әрекет жасаған уақытан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниетпен жасалады.

Қылмыстық субъектісі 16-толған адам.

Қылмыстың 2-тармағында ауырлататын түрі көрсетілген. Ол: бұқаралық ақпарат құралдарын қайталана отырып жасалған.

Бұқаралық ақпарат құралдарына-газет, журнал, радио, телехабар және басқа да көпшілікке арналған осындай құралдар жатады.

ҚК-тің 318-бабының 3-тармағында ҚР Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқтырады.

319-бап Депутаттың ар-ұжданы мен қадір қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау.

Қылмыстың тікелей объектісі ҚР Парламентінің мемлекеттік заң шығару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбірленушісі Республика Парламенттінің депутаты.

  1. Қылмыстың объективтік жағы: ҚР депутаттарын жария қорлау 1-бап.

  2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануымен жасалған нақ сол әрекет 2-бап.

  3. Парламент депутаты мен оның жақын туыстарына қандай да бір түрде ықпал жасау.

Қылмыс құрамы-формалдық, яғни, қылмыс аяқталған болып жария қорлау сәтінен бастап есептеледі.

Қылмыстың субъективтік жағы-тікелей қасақана ниетпен жасалынады.

Қылмыс субъектісі болып-есі дұрыс, жасы 16 толған адам.

ҚК-тің 319-бабының ескертуіне сәйкес Парламент депутатының депутаттық қызметі туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Мемлекеттік билік органдарының қалыпты қызметіне қол сұғатын қылмыстар

2.Әскери қызметтен жалтарғандық үшін жауаптылық

  1. Басқару тәртібіне қол сұғатын басқа да қылмыстар