- •Студенттердің өздік жұмысына арналған материалдар
- •Курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар және курстық жұмыс жазуға ұсынылатын тақырыптар Курстық жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк ұсыныстар
- •Курстық жұмыс жазуға ұсынылатын тақырыптар
- •Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
- •Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар
- •Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысын және студенттердің өзіндік жұмысын орындау бойынша методикалық ұсыныстар
Курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар және курстық жұмыс жазуға ұсынылатын тақырыптар Курстық жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк ұсыныстар
Курстық жұмыс белгiлi бiр таңдап алынған тақырып бойынша жүргiзiлген теориялық және практикалық материалдарды зерттеу нәтижесiн көрсететiн студенттiң авторлық жұмысы болып табылады. Студенттiң жеке ғылыми позициясын қалыптастырушы фактор ретiнде, сонымен қатар белгiлi заңнамалық нормаларға практикалық көзқарасты айқындаушы фактор ретiнде курстық жұмысты орындаудың болашақ заңгерлер дайындауда ролi өте маңызды. Курстық жұмыстың мақсаты бiр жағынан, студенттiң құқық саласында алған теориялық және практикалық бiлiмдерiн бекiту және жүйелеу болса, екiншi жағынан студенттердi ғылыми және арнайы әдебиеттермен, түрлi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлермен, заңдық практиканың материалдарымен өз бетiнше жұмыс iстей бiлуге үйрету болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында студентке кафедра бойынша бекiтiлген оқытушы ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетедi, сондай-ақ орындалған курстық жұмысты тексерiп, рецензия жазады және баға қояды.
Курстық жұмыс тиiстi ғылыми-әдiстемелiк талаптарға сай орындалмаған жағдайда, ғылыми жетекшiнiң ескертулерiмен студентке қайтарылады да, студент жiберiлген қателiктердi жөндеп, толықтырып қайтадан тапсырады.
Курстық жұмыс тиiстi оқу жоспарында көрсетiлген заңдық пәндер бойынша және белгiленген уақытта орындалады. Күрделi тақырыптарды ғылыми жетекшiмен кеңесе отырып, болашақта дипломдық жұмыс ретiнде тереңдете зерттеуге болады. Курстық жұмыстардың тақырыптары профильдiк кафедраларда дайындалып, бекiтiледi және таңдап алынған тақырып сол кафедрада тiркеледi.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алғаннан кейiн студент ғылыми жетекшiмен бiрлесе отырып зерттеуге жататын және жиналуға тиiс материалдар көлемiн айқындайды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Құрылымы жағынан курстық жұмыс төмендегiдей элементтердi қамтуы тиiс: титулдық бет, мазмұны, кiрiспе, негiзгi бөлiм, қорытынды, пайдаланылған дереккөздер тiзiмi, қосымшалар.
Курстық жұмыстың көлемi машиналық/компьютерлiк/ терiмдегi 25-30 беттен тұруы керек.
Курстық жұмыстың кiрiспе бөлiмiнде тақырыпты таңдау себебi, оның өзектiлiгi, теориялық және практикалық маңызы, зерттелу деңгейi/зерттеушiлер және тақырыпқа байланысты негiзгi зерттеу еңбектер туралы деректер келтiрiле отырып/, жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi, зерттеудiң негiзгi әдiстерi туралы баяндалады.
Негiзгi бөлiмде проблемаға қатысты ғалым-мамандардың пiкiрлерi, талас мәселелерге қатысты курстық жұмыс авторының өз пiкiрлерi талданады. Әдетте негiзгi бөлiм 2-3 тарауға бөлiнедi, әрбiр тарау iштей параграфтарға бөлiнедi.
Бiрiншi тарауда отандық және шетелдiк әдебиеттердi, нормативтiк актiлердi талдау негiзiнде проблемаға қатысты жалпы түсiнiк айқындалады. Екiншi тарауда зерттеу объектiсi етiп алынған проблеманың мәнi нақтылы мысалдар келтiрiле отырып жан-жақты ашылады. Үшiншi тарауда аталған проблемаларды шешу жолдары, әдiс-тәсiлдерi баяндалады.
Қорытынды бөлiмде зерттеудiң нәтижелерi, автордың қорытындылары мен ұсыныстары, көзқарастары баяндалады.
Пайдаланылған дереккөздер тiзiмi зерттеу барысында қолданылған ғылыми әдебиеттердiң, нормативтiк актiлердiң тiзiмiнен тұрады.
Тақырыпқа қатысты деп есептеген жағдайда түрлi схемаларды, кестелердi қосымша бөлiмде келтiруге болады.
Тиiстi талаптарға сай орындалған курстық жұмыс кафедраға тапсырылады да, рецензияланып, баға қойылады.
