- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атындығы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Сертификаттау
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы 2013
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атындығы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •А.О.Ермекбаева, и.Ж.Жаханова, с.Б.Әмір, б.А.Бекбосынова Сертификаттау
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы 2013
- •1 Тәжірибелік жұмыс
- •Келісімшарт
- •Сынау хаттамасы
- •2 Тәжірибелік жұмыс
- •3 Тәжірибелік жұмыс
- •4 Тәжірибелік жұмыс
- •5 Тәжірибелік жұмыс
- •А қосымша
- •Б қосымша Сәйкестікті растау рәсімін жүргізуге арналған арналаған өтінім бойынша
- •В қосымша Өнім сәйкестігін растау бойынша жұмыс жүргізуге арналған келісімшарт нысаны
- •Келісім шарт №__________
- •1 Келісімшарт мәні
- •Жұмыс құны және есеп-айырысу тәртібі
- •Г қосымша сынамаларды іріктеу актісі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойыншы) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
1 Келісімшарт мәні
Сәйкестік сертификатын немесе cәйкестік туралы декларация беру мақсатында өнім сәйкестігін растау бойынша жұмыстың орындалуын «Өтініш беруші» тапсырады, ал «Орындаушы» мойнына алады.
«Өтініш беруші» міндетті:
Қорытындыға қарамастан, өнім сәйкестігін растау бойынша жұмыс жүргізуге байланысты барлық шығынды белгіленген тәртіппен төлеуге.
«Орындаушыға» өнімді анықтауға және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауға (тауарға берілетін құжаттар, сәйкестік сертификатының көшірмесі, қадағалау органдарының өнім қауіпсіздігі туралы тұжырымдамалары т.б.) мүмкіндік беретін өнімге қатысты талаптарды белгілейтін тиісті нормативтік және өзге құжаттарды беруге.
Өнімді алған күннен бастап ____күннен кешіктірмей қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сынама іріктеуін қамтамасыз етуге.
Белгіленген өнім өндірісінің жағдайын талдау және оған инспекциялық бақылау жүргізу үшін (егер бұл таңдап алынған сертификаттау сызбасында қаралса) қажетті жағдай жасау.
«Орындаушы» міндетті:
Аккредитацияланған сынақ зертханасында (орталықта) жүргізілген сынақтар негізінде белгіленген өнімнің сәйкестігіне шынайы бағалауды қамтамасыз ету,
_____________________________________________________________________________
Сынақ зертханасының атауы, мекенжайы, аккредитациялау аттестатының №
және өндіріс жағдайына талдау___________________________________________________
өнім атауы немесе «Өтініш беруші» ұсынған құжаттар негізінде______________________
_____________________________________________________________________________
өтініш беруші ұсынған өнім сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсету
ҚР СТ 3.4-2003
Өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі немесе оның тұтынушы үшін өте қауіпті екені туралы мағлұматтарды қоспағанда, коммерциялық құпияны қамтитын ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету.
«Өтініш беруші» осы келісімшарттың 1.2-тармағын орындаған жағдайда берілген сәйкестік сертификатын қорғауға кепіл болу.
1.4 Сәйкестік сертификатын рәсімдеу кезінде «Өтініш беруші» міндеттенеді:
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттар жүйесінде белгіленген ережелерді сақтауға;
- өз өнімін сәйкестік сертификатынсыз (сәйкестік туралы тіркелген декларациясыз) сатпауға;
- нормативтік құжаттармен белгіленген өнім сипаттамаларының тұрақтылығын қамтамасыз етуге;
- өнімге қатысты арыз-өтініштер жинауды қамтамасыз ету; - өндіріс жағдайына талдау жүргізуге және өнімге инспекциялық бақылау жүргізуге қажетті жағдайлар құру, оның ішінде бақылау нысандарына кедергісіз кіру және уақтылы төлем енгізу;
- өнімнің және оны өндіру үрдісінің конструкциялық және технологиялық өлшемі туралы, сондай-ақ заңдық мекенжай мен төлем деректемелерінің өзгергені туралы «Орындаушыға» дер кезінде хабарлау;
- өнімді сертификаттардың көшірмелерімен бірге (сәйкестік туралы дкларациялар) алып жүру ережесін сақтау;
- Сәйкестік белгісін пайдаланудың дұрыстығын қамтамасыз ету.
