- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атындығы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Сертификаттау
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы 2013
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атындығы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •А.О.Ермекбаева, и.Ж.Жаханова, с.Б.Әмір, б.А.Бекбосынова Сертификаттау
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Алматы 2013
- •1 Тәжірибелік жұмыс
- •Келісімшарт
- •Сынау хаттамасы
- •2 Тәжірибелік жұмыс
- •3 Тәжірибелік жұмыс
- •4 Тәжірибелік жұмыс
- •5 Тәжірибелік жұмыс
- •А қосымша
- •Б қосымша Сәйкестікті растау рәсімін жүргізуге арналған арналаған өтінім бойынша
- •В қосымша Өнім сәйкестігін растау бойынша жұмыс жүргізуге арналған келісімшарт нысаны
- •Келісім шарт №__________
- •1 Келісімшарт мәні
- •Жұмыс құны және есеп-айырысу тәртібі
- •Г қосымша сынамаларды іріктеу актісі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойыншы) мамандығы үшін тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
4 Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 «Өнімді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар» стандартын зерделеу.Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын зерделеу
Оқудың мақсаты: Тәжірибелік жұмыстың негізгі мақсаты студенттерді көрсетілетін қызметтердің негізін қалаушы стандарттарымен және негізгі ережелерімен таныстыру. Сертификаттау жұмыстарының технологиясы мен жүргізілу әдісін оқып, үйрену.
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырма аудиторияда орындалады, оқытушы бастапқы материал ретінде сертификаттау саласы бойынша ҚР Заңының, ҚР стандарттарының көшірмесін таратады, негізгі тараулар мен терминдар талқыланады. Әр студент таңдап алынған сала бойынша сертификаттау органын таңдайды және оларға қойылатын талаптарды қарастырады. Жұмыс есеп ретінде рәсімделеді және қорғалады.
Оқудың мақсаты: қызметтерді сертификаттау жұмыстары бойынша сұлбалармен танысып, нысандарды толтырып үйрену.
Сертификаттау жөніндегі орган (бұл мемлекеттік ұйым немесе жекеменшік фирма болуы мүмкін) – сәйкестік сертификаттауын жүргізуші орган. Ол заңды тұлға атағына ие және үшінші жақ, яғни өндіруші мен тұтынушыдан тәуелсіз болып табылатын ұйымның негізінде құрылады. Сертификаттау бойынша органдар көп болуы мүмкін, олардың әрқайсысы қандай-да бір біртипті өнімді сертификаттауға негізделеді, мысалы, машина жасау бұйымдары, тамақ өнімдері, отын және т.б.. Негізгі функциялары:
біртипті өнімді сертификаттау кезінде қолданатын нормативтік құжаттар қорын қалыптастыру және өзектендіру;
берілген сертификаттау жүйесінің ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарын әзірлеу және жүргізу;
сертификаттауға өтінімдерді, сондай-ақ шағымдарды қабылдау мен қарастыру, осылар бойынша шешімдерді дайындау және сертификаттауды жүргізу кезінде өтініш берушілермен өзара әрекет ету;
әрбір нақты өтінім бойынша сынау зертханаларын және өндірістерді тексеру жөніндегі органды анықтау, егер ол сертификаттау сұлбасымен қарастырылса, олармен өзара әрекет етудің негізінде сынауларды және өндірісті тексеруді ұйымдастыру;
сәйкестік сертификатын рәсімдеу және беру, оны мемреестрінде тіркеу;
шетел сертификаттарын және де басқа сәйкестік куәліктерін мойындау;
ҚР Мемстандартының аумақтық органдарының қатысуымен өнім сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылауды ұйымдастыру;
берілген сертификаттардың және сәйкестік белгілерінің жұмысын жою немесе тоқтату;
өнім үшін түзету шараларын әзірлеуге қатысу, сертификаттық талаптардың бұзылуы туралы ақпараттар бойынша жедел іс-шараларды қабылдау;
сертификатталған өнім реестрін және сертификаттау нәтижелері туралы ақпаратты жариялау дайындамаларын жүргізу;
ағымдағы қаржы қызметін және іс-қағаздарын жүргізу;
қызметкерлер біліктілігін жоғарылатуды және аттестаттауды ұйымдастыру;
стандарттар талаптарының өзгеруі кезінде өнімді уақтылы сертификаттау бойынша дайындаушымен өзара жұмыс істеу.
Сертификаттау жөніндегі орган ретінде жұмыс істеу құқығына үміттенуші ұйым аккредиттеу процедурасынан өтуі керек. Аккредиттеудің тәртібі мен талаптары Мемстандарттың нормативтік құжаттарында және сертификаттау жүйесінің құжаттарында берілген. Аккредиттеу кезінде назарға алынатын критерийлер, сертификаттау бойынша органда: білікті және арнайы дайындықтан өткен қызметкерлердің; сертификатталатын өнімге нормативтік құжаттардың өзектендірілген қорының және оның сынау әдістерінің; сертификаттауды жүргізуге арналған әкімшілік құрылымның, заңды және экономикалық мүмкіндіктердің, соның ішінде сертификатталған өнімге сынау мен инспекциялық бақылаудың; сертификаттау ережелері мен тәртібін, соның ішінде шағымдарды қарастыру және сертификаттарды, сәйкестік белгілерінің әрекетін жою ережелерін орнатушы ұйымдастыру-әдістемелік құжаттардың; сертификатталған өнім реестрінің бар болуын ескереді. Барлық өтінім берушілер сертификаттау жөніндегі органның қызметтері жайлы ақпаратқа бөгетсіз қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Сынау зертханасы (орталығы) өздігінен ұйым және заңды тұлға дәрежесіне ие, әрі сәйкестікті растау бойынша органның немесе басқа заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. Орталықтың негізгі мақсаты нақты өнімнің сынауын немесе нәтижелердің анықтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ететін стандартты әдістемелерді пайдалану арқылы сынаудың нақты түрлерін жүргізу болып табылады. Зертхана сынау хаттамаларын ҚР МСЖ НҚ орнатылған қалпында рәсімдейді. Қызметтер мен сапа жүйелерін сертификаттау жүйелері сынау зертханаларының сертификаттау процесінде қатысуын қажет етпейтінін білген жөн. Олардағы сәйкестікті бағалау бойынша барлық тәжірибелік жұмысты сертификаттау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сынау зертханалары сертификаттау жөніндегі органға бағынады. Сертификаттау жөніндегі органның біреуінде сынаудың әр түрімен айналысатын бірнеше зертханалары болуы мүмкін. Сертификаттау жөніндегі орган және оның зертханалары әдетте, бір заңды тұлға, яғни фирма немесе кәсіпорын болып табылады. Негізгі талаптар: тәуелсіздік, алаламайтындық, дербестік және техникалық құзырлық. Тәуелсіздік үшінші тұлға дәрежесімен анықталады. Алаламайтындық қызметте сынауларды жүргізу, шешімдер қабылдау және сынау хаттамаларын толтыру кезінде айқындалады. Дербестік сынау зертханалары және олардың қызметкерлері қорытындыларға немесе бағаларға әсер етуге қабілетті коммерциялық, қаржылық, әкімшілік не басқа да қысымға ұшырамауы керектігінде анықталынады. Техникалық құзырлық ұйым мен басқарманың сәйкес келуші құрылымымен, білікті қызметкерлердің, сынау үшін бөлме мен жабдықтардың, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарын қоса, сынау әдістері мен процедураларға нормативті құжаттардың бар болуымен расталады. Талаптарға сәйкестік сынау зертханасын аккредиттеу кезінде тексеріледі. Сертификаттау жүйесі өнімді сынауға тек аккредиттелген зертханаларды жіберуді қарастырады.
Сапа жүйесін сертификаттауға үміткер кәсіпорындар сертификаттау органына өтінім мен жолдама хатпен бірге жіберулері қажет: сапа жүйесіне алдынала тексеру жүргізу үшін сауалнама; сапа бойынша жалпы басшылық (немесе кәсіпорын сапа жүйесінің негізгі стандарты), өнім сапасы туралы ақпараттық мәліметтер (рекламациялар туралы мәлімет, ақаулардан болған шығын, кәсіпорында бұрын өткізілген өнімді сертификаттау, сынау нәтижелері туралы мәлімет және т.б.); сапа жүйесінің сәйкестік декларациясы; сапа жүйесінің бірінші кезең тексеру ақысы төленгені туралы анықтама. Сертификаттау органының тілегі бойынша кәсіпорын және сапа жүйесі жөнінде басқа да мәліметтер берілуі қажет.
Сапа жүйесін сертификаттау кезеңдері:
- алдынала тексеру және сапа жүйесін бағалау;
- соңғы тексеру, сәйкес стандарт талаптарына кәсіпорынның сапа жүйесінің сәйкестігін бағалау мен сертификат беру. Берілген екі кезеңге анықталған жұмыс құрамы 3-кестеде берілген.
3-кесте
Сапа жүйесін сертификаттау кезеңдері
Жұмыс құрамы |
Орындаушы |
1. Алдынала тексеру кезеңі және сапа жүйесін бағалау |
|
1.1. Сапа жүйесі мен құжаттарын сертификаттауға дайындау |
Кәсіпорын |
1.2. Сапа жүйесіне сертификаттау жүргізуге өтінім |
Кәсіпорын |
1.3. Алдынала тексеру кезеңі және сапа жүйесін бағалау |
Сертификаттау органы |
1.4. Сапа жүйесіне сертификаттау жүргізуге келісім-шарт жасау |
Кәсіпорын, Сертификаттау органы |
2. Соңғы тексеру кезеңі және сапа жүйесін бағалау |
|
2.1. Сапа жүйесін соңғы тексеруге дайындау |
Кәсіпорын |
2.2. Сапа жүйесіне соңғы тексеру жүргізуге бағдарлама жасау |
Сертификаттау органы |
2.3. Кәсіпорын сапа жүйесін тексеруді ұйымдастыру бойынша жиналыс өткізу |
Кәсіпорын, орган по сертификации |
2.4. Сапа жүйесіне тексеру жүргізу |
Сертификаттау органы, кәсіпорын |
2.5. Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жиналыс өткізуге алдынала қорытынды дайындау |
Сертификаттау органы |
2.6. Қорытынды жиналыс өткізу |
Сертификаттау органы, кәсіпорын |
2.7. Кәсіпорын сапа жүйесіне тексеру жүргізілгені туралы есепті жасау мен оны жан-жаққа жіберу |
Сертификаттау органы |
2.8. Сапа жүйесіне сертификатты рәсімдеу, тіркеу және беру (шешім оң болған жағдайда) |
Сертификаттау органы |
Сертификаттау органы бірінші кезең нәтижелері бойынша кәсіпорынның дайын екендігі мен сапа жүйесін сертификаттау жұмыстарының екінші кезеңін жүргізудің орынды екені туралы қорытынды дайындайды, немесе екінші кезең жүргізудің орынсыз немесе мүмкін еместігінің себептерін айқындайды. Қорытынды оң болған жағдайда, келісімге қол қоярда екінші кезең жұмыстарын - соңғы тексеру мен сапа жүйесін бағалауды жүргізу мерзімі бекітіледі. Егер екінші кезең жұмыстары кезінде, сапа жүйесінің сәйкес стандарт талаптарына сәйкес еместігі табылса, онда сертификаттау органы кәсіпорынмен бірге жөнге келтіру мерзімін тағайындап, қайта тексеру уақытын шамамен белгілейді. Шешім оң болған жағдайда сертификат анықталған уақытқа (үш жылдан артық емес) беріледі.
Қызметкерлерді сертификаттауды аттестациямен шатастыруға болмайды. Аттестаттаудың мақсаты – атқарып жүрген жұмыстарына сәйкестігін білу үшін маманның біліктілігін тексеру. Сертификаттау мақсаты бекітілген талаптарға маманның дайындық деңгейі, кәсіптік білімі, машығы мен тәжірибесінің сәйкестігін растау және қандайда болмасын іс-әрекет саласында нақты бір істерді дұрыс атқаруға мүмкіндігін анықтау. Аттестацияны жұмыс беруші (екінші жақ), ал сертификаттауды – сертификаттау органы (үшінші жақ) өткізеді.
Сапаны қамтамасыз ету жүйесін сертификаттау келесі құжаттарды қарастырады:
- сертификаттауға бекітілген пішімдегі өтінім;
- өндірісті алдынала бағалауға бастапқы мәліметтер;
- сапа жүйесін алдынала зерттеу үшін сауалнама толтыру;
- кәсіпорынның сапа бойынша басшылық.
Сапа жүйесін сертификаттау келесі кезеңдерден тұрады: сапа жүйесін алдын ала бағалау; соңғы тексеру және сапа жүйесін бағалау; тексеру нәтижелерін қарастыру және сертификат беру; сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық тексеру.
Талдау нәтижелері бойынша сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды дайындалады:
- сапа жүйесі стандарты талаптарына сапа жүйесінің;
- кәсіпорынның өнім сапасының талаптарына тұрақты қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы МСЖ сертификаттау бойынша негізгі мақсаты өнімді (қызметті) сертификаттаудан сапаны қамтамасыз ету жүйесін сертификаттау.
Сапа жүйесін сертификаттау кәсіпорынның сапалы өнімді тұрақты шығаратын қабілетін сипаттайды және ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестіктің маңызды факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының МСЖ сапаны қамтамасыз ету жүйелеріне қойылатын талаптардың негізінде халықаралық ИСО 9000 сериялық стандарттар талаптары жатыр.
Сапа жүйесін сертификаттаудың негізгі принциптері: еріктілік; жүйеге қол жеткізуде алалаудың болмауы; теңдей қарау; құпия сақтау; ақпараттандыру; өнімге (қызметке) қойылған міндетті талаптардың орындалуы; жұмыс жасап жатқан сапа жүйесінің бекітілген талаптарға сәйкестігі туралы өтінім берушінің құжатталған дәлелдерінің шынайылығы. Сапа жүйесін сертификаттаудың құраушы бөлімі өндірісті сертификаттау. Өндірісті сертификаттау өз бетінше де жүргізіле беретін процедура.
Бақылау сұрақтары:
Сертификаттау органы. сапа жүйесі, құжаттамалар.
Сертификаттау органының мамандары.
Сертификаттауға өтінім, бағалау, сертификаттау шешімі,
инспекциялық тексеру.
