Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по геотехнике -2.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.69 Mб
Скачать

5.4 Іргетас тақтасы бөлігінің беріктігін есептеу

Әдетте жуықтау формуласы бойынша алдын ала биіктігін анықтайды, сосын басылып сыныуына беріктігін және жарылуға беріктігін тексереді.

Іргетас тақтасы бөлігі биіктігінің алдын ала өлшемдерін жуықтау формуласы бойынша анықтайды

, (25)

мұнда мен бағананың көлдеңен қимасының өлшемдері; 0,85 тең қабылданатын коэффициент; жүктеме әсерінің ұзақтығын ескеретін коэффициент; іргетас материалының түрін ескеретін коэффиицент; созылуға бетонның есептік кедергісі; формуласы бойынша анықталатын іргетас жиегі деңгейінде бағанамен берілетін есептік жүктеме, мұнда жүктеме бойынша сенімділік коэффициенті.

Кейін тақта бөлігінің биіктігі анықталады

. (26)

Осыдан кейін іргетастың толық биіктігі анықталады және есептелген 0,3 м еселі, ал саты биіктігі – 0,15 м еселі жинақталады.

Онан әрі сатыларды құрастыруға кірісеміз. Сатылар биіктігі 300, 450 мен 600 мм тең қабылданады. Тақта бөлігі биіктігін 900 мм дейін, саты шығуын 300 мм тең қабылдау ұсынылады. Сатылардың ең аз шығуы – 150 мм. Бұл біртұтас темірбетонды іргетастарды тұрғызу үшін унификацияланған инвентарлы дерелерді қолдану мақсатында жасалған.

Іргетастың тақта бөлігінің екінші және үшінші сатыларының шығуы биіктікке қатынасы 1-ден 1,5 дейін болуы, ал бірінші сатыда – 2 дейін болуы ұсынылады. Стақан қырынан іргетас табанының шығуы 600 мм болса, іргетастың тақта бөлігі бірсатылы орындалады. Егер 750 900 мм болса, тақта бөлігін қалай бірсатылы, солай екісатылы жобалауға болады, ал шығуы үлкен болса -екісатылы немесе үшсатылы болу мүмкін.

Іргетастың тақта бөлігінің биіктігі мен шығуын жобалау міндеті қатаң анықталған жоқ, осыған байланысты тақта бөлігін сатыларға бөлудің бірнеше нұсқасы жасалу мүмкін. Таңдау іргетасты орнатуға шығынның аз болуы бойынша іске асады.

Онан әрі тақта бөлігі басылып сыныуының ақырғы есептеуіне аусады. Бағананы іргетасқа бекітуіне байланысты басылып сынуға есептеудің екі сүлбесін айыру қажет.

1. Бағананы іргетаспен немесе бағана астымен (бағана астының биіктігінде ) іргетастың тақта бөлігіне біртұтас бекітуі; сонымен қатар шарттарын қанағатандыратын биік іргетаста құрастырмалы бағананы бағана астымен бекітуі (сурет 5а). Бұл жағдайда тік күштің және иілдіргіш моменттің әсеріне тақта бөлігінің басылып сыныу біртұтас бағананың немесе бағана астының төменінен қаралады.

2. шартты қанағатандыратын бағана астының биіктігінде – құрастырмалы бағананы төмен іргетаспен стақан арқылы бекіту. Бұл жағдайда іргетастар тақта бөлігі стақан түбінен бағанамен басылып сынуы және жарылып сынуы тек тік күштің әсерінен есептеледі (сурет 5б).

Сурет 5. Іргетастың тақта бөлігін басып сыныуына есептеуге:

а) 1 сүлбе бойынша;

б) 2 сүлбе бойынша

1 сүлбе бойынша басылып сынуына есептеу. Жүктелген іргетастың тақта бөлігі басылып сынуына есептеу шарттан жүреді

(27)

мұнда пирамида негізінің төменгі мен жоғарғы периметрлерінің орташа арифметикалық мәні; басып сындыратын күш.

Басып сындыратын күштің мәнін басып сындыру пирамидасының үлкен негізіне жұмсалған топырақтың тойтарыс күші мәнін алып тастап, басып сындыру пирамидасына әсер ететін тік күштің мәніне тең қабылданады.

Орталықтан тыс жүктелген іргетастарды, табаны төртбұрышты орталықтан жүктелген іргетастарды басылып сынуына есептеу шарт (27) бойынша жүреді.

Және де басылып сыну пирамидасының тек бір, ең үлкен жүктелген қыры басылып сынудың беріктік шарты орындалуын қарайды

; (28)

Сурет 6. Іргетастың тақта бөлігі басылып сынуына есептеуге сүлбе


мұнда ; басылып сыну пирамидасының қаралатын қыры мен жоспарда қабырғалардың жалғасуына сәйкес (көп қырлық abcdeg) төменгі негізбен шектелген іргетас табаны ауданының бөлігі (сурет 6).

(29)

мұнда пен сәйкес іргетас табанының ұзындығы мен ені; пен сәйкес бағана қимасының биіктігі мен ені; іргетас тақта бөлігінің жұмыс биіктігі.

Жалпы жағдайда осымен қатар сатылар шығуы басылып сынуына есептеумен анықталады.

2 сүлбе бойынша басылып сынуына есептеу. Есептеу деңгейінде әсер ететін тек есептік тік күшке жүргізеді. Және де ілінісу арқылы тік күш жартылай стақан қабырғаларына беретінін ескеріп бағана қапталындағы есептік тік күш анықталады:

, (30)

мұнда , іргетас стақанына еңгізілген бағананың бүйірлі жазықтығының ауданы.

Іргетастың тақта бөлігі стақан түбінен бағанамен басылып сынуына тексеру шарттан жүреді

, (31)

мұнда , формула бойынша анықталатын көп қырлының abcdeg ауданы

(32)

мұнда пен сәйкес бағана астының биіктігі мен ені.