
- •1. Жобалауға тапсырма
- •1.1 Курстық жұмыстың мақсаты, құрамы мен көлемі
- •2. Жобаланатын ғимаратты болмыстағы құрылыс алаңының жер бедеріне тіктік бойынша байлау
- •3. Топырақтар сипаттамаларының туындыларын анықтау
- •4. Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайы бойынша қорытынды
- •5. Темірбетонды бағана астына таяз орналастырымды бөлек тұрған діңгекті іргетасты есептеу
- •5.1 Іргетастың салу тереңдігін анықтау
- •5.2 Іргетас табанының өлшемдерін анықтау
- •5.3 Іргетастың ықтимал шөгуін есептеу
- •5.4 Іргетас тақтасы бөлігінің беріктігін есептеу
- •5.5 Іргетастың тақта бөлігін жарылып сынуына есептеу
- •5.6 Іргетастың тақта бөлігінің арматуралар қималары ауданын анықтау
- •5.7 Іргетастың тақта бөлігін арматуралау
- •5.8 Іргетасты жарықтары пайда болуына және ашылуына есептеу
- •5.9 Бағана астын есептеу
- •5.10 Бағана астын арматуралау
- •6. Металды бағана астына таяз орналастырымды бөлек тұрған діңгекті іргетастарды есептеу
- •6.1 Жалпы ережелер
- •6.2 Анкер болттарын есептеу
- •7. Таспалы іргетастарды есептеу
- •7.1 Жалпы ережелер
- •7.2 Таспалы іргетастардың шөгуін есептеу
- •7.3 Таспалық іргетастың әдеттегі қималары беріктігін есептеу
- •7.4 Таспалы іргетастың беріктігін көлдеңен күштің әсеріне есептеу
- •8. Қадалы іргетастарды есептеу
- •8.1 Жалпы ережелер
- •8.2 Ростверктің өлшемдерін анықтау
- •8.3 Қадаға түскен есептік қысымды тексеру
- •8.4 Діңгекті қадалы іргетастың шөгуін есептеу
- •8.5 Таспалы қадалы іргетастың шөгуін есептеу
- •8.6 Қаданы еңгізу үшін балғаны таңдау
- •8.7 Кірпіш және ірі блокты қабырғалар астына темір бетонды қадалы іргетастардың таспалы ростверктерін есептеу
- •8.8 Ғимараттар мен үймереттер бағаналарының астындағы қадалы іргетастардың темірбетонды тақталы ростверктердің беріктігін есептеу
- •8.9 Жергілікті үйпалақталуына ростверктің беріктігін есептеу
- •8.10 Бағана басып сындыруына ростверктің беріктігін есептеу
- •8.11 Бұрыш қадамен тесілуіне ростверктің беріктігін есептеу
- •8.12 Иілуге ростверктің беріктігін есептеу
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
8.2 Ростверктің өлшемдерін анықтау
Ростверктің өлшемі мен үлгісі жобаланған ғимараттың жерүсті құралымына, қадалы іргетасты жүктеу шартына, ростверк астына қадалардың саны мен жоспарда орналасуына байланысты.
Қадалы іргетастар келесі түрде болу мүмкін:
1) бөлек құралымдар астына жеке қада-қабық және тіреу;
2) сызықты бір (сурет 17,а), екі және одан көп қатарда (сурет 17,б) және шахматты (сурет 17,в) орналасқан ғимараттар мен үймереттер қабырғасының астына ростверк таспасы
|
|
|
|
Сурет 17. қадалардың орналасуы: а) сызықты бір қатарда; б) сызықты екі қатарда; в) шахматты |
Таспалы ростверк астына қадалар міндетті түрде қабырғалар бұрышына, қиылысқан жерлерде, жанасқан жерлерде еңгізілу керек. Ростверксіз панелді ғимараттарда әрбір панель астына кемінде екі қаданы орнатады.
3) баған, діңгек пен жеке құралымдар астына шаршы, төртбұрышты, трапеция тәрізді және басқа үлгіде бұталарды (сурет 18) орнатады.
|
|
|
Сурет 18. Жоспарда діңгекті ростверк астында қадалардың орналасуы: d-шаршы қада қабырғасының өлшемі немесе дөңгелек қаданың диаметрі |
Ростверк астында бес қада орналасса, олардың өстері арасындағы ара қашықтықты кесте 8 бойынша тағайындау керек.
Кесте 8. Қадалар арасындағы ара қашықтық
Қада қимасының өлшемі, мм |
Қадалар өсі арасындағы ара қашықтық, мм |
|||
а |
А |
b |
B |
|
300x300 |
650 |
1300 |
650 |
1300 |
800 |
1600 |
450 |
900 |
|
950 |
1900 |
|||
1100 |
2200 |
|||
350x350 |
1075 |
2150 |
625 |
1250 |
1225 |
2450 |
|||
400x400 |
900 |
1800 |
750 |
1500 |
1050 |
2100 |
600 |
1200 |
|
1200 |
2400 |
|||
1350 |
2700 |
Ростверктің
қадамен қосылуы еркін
және қатты
болу мүмкін. Еркін қосылғанда қада
«басы» ростверкке
см (сурет 19,а)
кіреді. Ондай қосылуды орталық жүктелген
қадалар үшін іске асырады.
Қатты қосуда қаданың бас жағын сындырады және арматура ашылады. Сосын бетонды немесе темірбетонды ростверкке біртұтасталады (сурет 19,б). Қаданың сынбаған бөлігін тереңдікке см ростверкке кіргізеді. Арматураның немесе қада басын еңгізу мәнін есептеумен тағайындайды.
Қаданы ростверкпен қатты бекітуді келесі жағдайларда орындайды:
-ростверк әлсіз топырақта орналасса;
-сығатын күш қадалы іргетасқа эксцентриситетпен түссе;
-қадаға көлдеңен күштер әсер етсе;
-іргетаста құлама немесе құрама қадалар болса;
-қадалар тартып шығару күшке жұмыс жасаса.
Аспалы
қадалар арасындағы ара қашықтықты
тағайындайды, мұнда
дөңгелек
қаданың диаметрі немесе шарты қада
жағының өлшемі. Өстер арасындағы ең аз
ара қашықтық – кемінде
.
|
Сурет 19. Қада басын ростверкке бекіту: а) еркін қосуда; б) қатты қосуда; 1-темірбетонды қадалар; 2-бетонды немесе темірбетонды ростверктер; 3-қаданың бойлық арматурасы; 4-ростверктің тақта бөлігінің арматурасы; 5-бетонды дайындау |
Қаданы ростверкке еркін бекітуде ростверк шетінен тік жүктелген қаданың сыртқы жағына дейін ара қашықтықтар қабылданады:
-бір
қатарлы орналастыруда
см;
-екі мен
үшқатарлы орналастыруда
см;
-қатар
саны көп орналасуда
см. Қаданы ростверкке қатты бекітуде
бұл ара қашықтықтар қаданы ростверкке
еңгізуін есептеумен дәлденеді.
Құралымдық
шарттар бойынша ростверктің тақта
бөлігі
м тең, бірақ 0,3 м кем емес болу керек,
мұнда
ростверкке
қаданы еңгізу мәні, м.