Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка по геотехнике -2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.69 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Теңіз технологиялары институты

НЫҒМЕТОВ М.Ж.

«Геотехника 2» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

Ақтау, 2013

ӘОК 624.15 (075)

ББК 38.58 я 73

Н 90

Пікір жазғандар:

Сүгіров Ж.Ө., техника ғылымдарының доқторы, профессор,

Шуақбаева Р.С., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Нығметов М.Ж.

«Геотехника-2» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.-Актау: КМТжИУ, 2013.-42 б.

ISBN 978-601-226-112-7

«Геотехника-2» пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік оқулық» күндізгі мен сырттай оқитын студенттер курстық жұмысты орындауға және теориялық курсты терең оқып білу мен меңгеру үшін қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты топырақтың есептік сипаттамаларын анықтау арқылы қоғамдық пен өндірістік ғимараттар астына іргетасты жобалау және теориялық мәліметтерімен салыстыру.

«Құрылыс» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

ӘОК 624.15 (075)

ББК 38.58 я 73

Н 90

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрылыс пен сәулет мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясымен басылуға ұсынылған

ISBN 978-601-226-112-7

© Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, 2013

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

5

1.

Жобалауға тапсырма

6

1.1

Курстық жұмыстың мақсаты, құрамы мен көлемі

6

2.

Жобаланатын ғимаратты болмыстағы құрылыс алаңының жер бедеріне тіктік бойынша байлау

7

3.

Топырақ сипаттамасының туындыларын анықтау

9

4.

Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайы бойынша қорытынды

10

5.

Темірбетонды бағана астына таяз орналастырымды бөлек тұрған діңгек іргетасты есептеу

11

5.1

Іргетастың салу тереңдігін анықтау

11

5.2

Іргетас табанының өлшемдерін анықтау

16

5.3

Іргетастың ықтимал шөгуін есептеу

17

5.4

Іргетас тақтасы бөлігінің беріктігін есептеу

19

5.5

Іргетастың тақта бөлігін жарылып сынуына есептеу

21

5.6

Іргетастың тақта бөлігінің арматуралар қималары ауданын анықтау

22

5.7

Іргетастың тақта бөлігін арматуралау

23

5.8

Іргетасты жарықтары пайда болуына және ашылуына есептеу

24

5.9

Бағана астын есептеу

25

5.10

Бағана астын арматуралау

27

6.

Металды бағана астына таяз орналастырымды бөлек тұрған діңгекті іргетастарды есептеу

27

6.1

Жалпы ережелер

27

6.2

Анкер болттарын есептеу

28

7.

Таспалы іргетастарды есептеу

30

7.1

Жалпы ережелер

30

7.2

Таспалы іргетастардың шөгуін есептеу

30

7.3

Таспалық іргетастың әдеттегі қималары беріктігін есептеу

30

7.4

Таспалы іргетастың беріктігін көлдеңен күштің әсеріне есептеу

31

8.

Қадалы іргетастарды есептеу

32

8.1

Жалпы ережелер

32

8.2

Ростверктің өлшемдерін анықтау

34

8.3

Қадаға түскен есептік қысымды тексеру

36

8.4

Діңгекті қадалы іргетастың шөгуін анықтау

37

8.5

Таспалы қадалы іргетастың шөгуін анықтау

38

8.6

Қаданы еңгізу үшін балғаны таңдау

40

8.7

Кірпіш және ірі блокты қабырғалар астына темір бетонды қадалы іргетастардың таспалы ростверктерін есептеу

42

8.8

Ғимараттар мен үймереттер бағаналарының астындағы қадалы іргетастардың темірбетонды тақталы ростверктердің беріктігін есептеу

44

8.9

Жергілікті үйпалақталуына ростверктің беріктігін есептеу

44

8.10

Бағана басып сындыруына ростверктің беріктігін есептеу

45

8.11

Бұрыш қадамен тесілуіне ростверктің беріктігін есептеу

45

8.12

Иілуге ростверктің беріктігін есептеу

45

Кіріспе

«Геотехника-2» пәні бойынша курстық жұмыс іргетасты жобалау, құрастыру және есептеу бойынша студенттердің өзіндік жұмысы болып саналады және болашақ құрылыс бакалавры қалыптасу мен өсу үдірісінде ең маңызды және міндетті сатысы ретінде болады.

Жұмыс жеке берілген тапсырмаға сәйкес орындалады және студентте қойылған міндеттің мәнін түсінуге, үдірістің технологиялық тізбегін құруға және нұсқалық талдау негізінде ұтымды шешімді қолдануға өзіндік дағдылану мақсатын көздейді. Нақты үймерет пен құрылыс алаңының топырақ жағдайы үшін студент іргетастың тиімді құралымдық түрін жобалап, сызу керек.

Іргетасты жобалағанда немесе ғимарат пен үймеретті «байлағанда» мынаны ұғыну керек - типтік шешімдер жоқ және әр жоба өзгеше болады.

Осы әдістемелік нұсқаулардың мақсаты: студент курстық жұмысын орындағанда оған әдістемелік көмекті көрсету.

1. Жобалауға тапсырма

Әрбір студент келесіні қосатын жобалауға тапсырма алады:

-жобалау үшін бастапқы мәліметтермен курстық жұмысқа тапсырманы, тапсырма құрамын, курстық жұмысты орындау тізбегін, ұсынылған әдебиет тізімін;

-алаңның топырақ жағдайы туралы мәліметтерді;

-құралымдардың, материалдардың сипаттамасы бар үймерет туралы мәліметтерді.

1.1 Курстық жұмыстың мақсаты, құрамы мен көлемі

Жеке тапсырманың мәліметтерін басшылыққа алып, студентке негіздік топырағының есептік кедергісін анықтау керек, іргетастың құралымдарын таңдап, есептеп және оның шөгуін анықтау керек. Тапсырма кемінде екі қимада іргетасты жобалау мен есептеуді қарастырады, қағида бойынша, біріншісін- сыртқы қабырға астына, екіншісін-ішкі қабырға астына. Ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында бір қима үшін қалай таяз орналастырымды іргетасты, солай қадалы іргетас нұсқасын есептеу мен жобалау қажет. Екі қима іргетастар үшін құралымдық шешімді таңдауға, кейінгі техникалық–экономикалық салыстыруға негіз болу керек.

Егер жоғарғы қатпарларда әлсіз топырақтар: ағымды күйдегі сазды топырақтар, жұмсақ құмдар, шымды қатпарлар және т.б. жататын жағдайда, таяз орналастырымды іргетасты есептегенде жоғарғы қатпардағы әлсіз топырақтарды қатты топыраққа ауыстыру қажет немесе негіздіктің физикалық-механикалық қасиеттерін жасанды жақсартуды жүргізу қажет (тығыздау, алдын ала суландыру, топырақ қадаларын орнату және т.б.).

Жұмыс А1 форматты парақта немесе бiрнеше A3 қалыпты парақтарында қарындашта, «AutoCAD» бағдарламасын қолданып, келесі сызбаларды берумен көрсетілу керек:

а) 1:200 масштабта iргетастар мен негiздiктер суреті салынған ғимараттың сүлбелік көлденең кескіні, ирек сызықтары мен ғимараттың пішіні берілген ситуациялық жоспар;

б) 1:100-шi масштабта 2-3 ұңғылар бойынша геологиялық кескіндер;

в) 1:100 масштабта өлшемдері мен өстерге байлануы берілген барлық ғимараттың есептелетін іргетас қосылған iргетастар жоспары (егер негiзгi нұсқа ретiнде қадалы іргетас таңдалса, 1:200 масштабта ростверк жоспары және қадалар өрiсі);

г) 1:50 масштабта белгiлерi мен өлшемдері өстерге байланған iргетастардың қимасы; қабылданған екі іргетас нұсқасының жоспары мен кескіндері;

д) 1:50-шi масштабта барлық құралымдық элементтері берілген сыртқы қабырға астына арналған іргетастың дере мен арматуралық сызбалар;

е) шөгулiк жiктер, судан қорғау, іргетас арқалықтар және тағы басқа құрылымдардың бөлшектерi;

ж) спецификация;

и) болат шығынының ведомостісі;

к) техникалық – экономикалық көрсеткіштер;

л) ескертулер.

«ж», «и», «л» және «л» нүктелері парақтың оң жағында штамп еніне тең тік бойынша орындалады.

Сызбаға А-4 форматты парақта жазылған есептеу-түсініктеме қағаздары қосымша берілу керек. Түсініктеме қағаздарында келесі позициялар бейнелену керек:

1. Тапсырма туралы қысқаша мәліметтер.

2. Жер телімін тегістеу.

3. Инженерлік-геологиялық кескіндерді құру.

4. Топырақ сипаттамасының туындыларын есептеу.

5. Топырақтың түрін, оның күйін және көтеру қабілетін орнату.

6. Негіздік түрін және іргетастың үлгісін белгілеу үшін иженерлік-геологиялық мағлұматтар бойынша қорытынды.

7. Іргетасқа жүктемені анықтау (бірқатар жағдайда жүктеме тапсырмада беріледі).

8. Іргетастың салу тереңдігін таңдау.

9. Таяз орналастырымды іргетастың таңдалған түрін есептеу мен құрастыру немесе қадалы іргетасты есептеу.

10. Іргетас құралымдарының нұсқасын техникалық-экономикалық салыстыру және таңдауды дәлелдеу.

11. Іргетастың шөгілу ықтималын есептеу.

12. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.