- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Екінші сабақ.
- •Соөж. 2. Қоғамдық тауарлар.
- •Үшінші сабақ.
- •Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары
- •Соөж. 3. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
- •Соөж. 4. Ақшаң болса… Өз ойыңызды білдірініз.
- •Бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Осөж 5. Қаржы нарығының құрылымы
- •Алтыншы сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Жетінші сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Сөж. 7. Банктi таныстыру (презентация банка)
- •Сегізінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 8. Банк қызметіндегі тәуекелділік және банк ісіндегі бәсеке
- •Тоғызыншы сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
- •Оныншы сабақ.
- •Сөж. 10. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Он бірінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 11. Салықтардың қызметтері.
- •Он екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
- •Он үшінші сабақ
- •Жұмыссыздық түрлері.
- •Соөж. 13. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Он төртінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Үй шаруашылығының қаржысы
- •Он бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?
Мәтінді мазмұндаңыз.
Еңбек қорғау – еңбек процесі кезінде өндірістік жарақаттануды жою немесе төмендету, адамның жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтап қалу, еңбек процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық, гигиеналық, техникалық және емдік-профилактикалық шаралардың жиынтығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында әрбір азаматтың қауіпсіздік пен тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеу, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқығына кепілдік берілген.
2007 жылдың маусымынан бастап негізгі міндеті қоғамдық келісім мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған, еңбек қатынастарын құқықтық жағынан реттеудің үлгісі болып табылатын Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексі 2007 жылы 15 мамырда өз күшіне енді. Оның нормалары бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары белгіленген – Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу және қабылдау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі қызметті экономикалық жағынан ынталандыру жүйесін жасау және жүзеге асыру, қауіпсіздік технологияларды, сондай-ақ қызметкерлердің еңбегін қорғау, жеке және ұжымдық қорғану құралдарына қатысты құралдар өндірісін әзірлеу және жүзеге асыру, еңбек қаіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласына маниторинг жүргізу және т.б.
Әрбір жұмысшы қауіпсіз жұмыс жағдайында еңбек етуге құқығы бар. Бірақ, өкінішке орай әр өндірісте толық қауіпсіз және зиянсыз жұмыс жағдайын құру мүмкін емес. Сондықтан еңбек қорғауға қатысты әр түрлі шараларды іске асыру жолдарын қарастыруды, жұмыс орнында пайда болатын, адамға әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды төмендету, жоғары өнімділікке әсер ететін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асыруды қажет етеді.
Еңбек Кодексінің 77 бабына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы: - қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі; - жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс; - жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.
Жетінші сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, айналысқа түсіру, бағалы қағаздарды шығару және олармен түрлі операциялар жасаумен айналысатын республикалық орталық мекеме. Біздің республикада екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасқан.
ҚҰБ – дербес балансы бар заңды тұлға. Негізгі міндеттері – Қазақстанның ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын, республикада бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. ҚҰБ ҚР Президентіне есеп береді. Ұлттық Банктің Төрағасын Парламенттің келісуімен Президент 6 жылға тағайындайды. ҚҰБ-тың мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасы заң актілерімен берілген өкілеттіліктер шеңберінде жүзеге асырылады. ҚҰБ өз қызметінде тәуелсіз.
Қазақстан Ұлттық банкі өз қызметін 1995 жылдың 30-наурызында шыққын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізеді. Осы заңға сәйкес ҚР Ұлттық банкі ҚР ПРезидентіне ғана есеп береді.
Республиканың Ұлттық банкінің негізгі мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету еліміздің бүкіл кредит жүйесінің жұмыс істеуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін жолға қою, банк қызметін реттеу.
Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993 ж. 15 қарашада пайда болды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және (Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы) Заңдарға сәйкес осы мекемелердің барлығы өз резервтерін Ұлттық банкте сақтауға тиісті.
Ұлттық (Орталық) банк коммерциялық банктерді және басқа қаржы-кредит мекемелерін кредиттеу функциясын атқарады.
Сөздерді есте сақтаймыз:
айналысқа түсіру – пустить в оборот
бағалы қағаздар – ценные бумаги
есеп береді – отчитывается
заң-закон
қарым-қатынасы – связи
негізгі міндеттері – основные обязанности
негізгі мақсаты – основная цель
тұрақтылығын – стабильность
тағайындайды - избирает
ішкі және сыртқы саясаттылық – внутреняя и внешняя стабильность
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.
1. Қазақстан... ұлттық валюта... теңге – 1993... 15 қараша... айналым... енді. Инфляция... алғашқы сынағы... сүрінбей өткен жаңа ақша–теңге – ел ішін... бедел... ие болып келеді.
2. Заңдарға сәйкес осы мекемелер... барлығы өз резервтер... Ұлттық банк.. сақтауға тиіст.... .
3. Халыкаралық шаруашы.... байланыстар... даму... шамасына байланысты валюта.... жүй.... құрылды.
3-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Қазақстан Ұлттық банкі өз қызметін ..... жылдан бастады.
2. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге .... пайда болды.
3. ....... ....... екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноталар айналысқа енгізілді.
4. Теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін .... үлкен жетістік.
Керекті сөздер: 1993 ж. 15 қарашада, 1995 ж. 30 наурыздан, ХХ ғасырдағы, 15 қарашада 2006 жылы.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Заңға сәйкес ҚР Ұлттық банкі кімге есеп беру керек?
2. Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі қандай екі міндеті бар?
3. Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) дегеніміз не?
4. ҚР-ның Ұлттық Банкінің қызметірі қандай?
5. Республиканың Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары қандай?
5-тапсырма. Болымсыз етістікті табыңыздар.
Дәрістен қалма, еркін ақшама, ұйықтамаймын, жинақ ақшама, бересің, қызық жарнама, қарыз алушыма, сөйледім, күлді, тұрмын.
.
6-тапсырма. Етістіктің қай түрі іс-әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді?
Болымсыз етістік, күрделі етістік, болымды етістік, негізгі етістік, туынды етістік
7-тапсырма. Көп нүктенің орнына туынды етістіктерді қойып жаз. Мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесің айтып бер.
1. Досы көппен ...,
Досы азбен .... .
2. .... досыңа, .... басыңа.
3. Дос тұтқанды ..... .
Керекті сөздер: қадірле, келер, сырлас, күлме, сыйлас.
8-тапсырма. Төмендегі етістіктердің сабақтыларын бір бөлек, салт етістіктерді бір бөлек жазыңыздар.
Отыр, жүр, көр, оқы, тыңда, қос, жат, қыс, бол, бар, сөйле, таңда, жөнде, мақта, тұр, кел, ақылдас, көмектес, ойлан, сақтан, келтір, қосыл, қысыл.
9-тапсырма. Төмендегі етістіктерден сөйлем құрап оның қайсысы табыс септік жалғаулы сөзді керек ететінін, қайсысы керек етпейтінін байқаңыздар.
Жазыл, мақтан, сыйла, жарла, әндет, сал, қина, кет, төк, ойна, жайна, сына, көгер.
СОӨЖ. 7. Банк қызметкерлерін басқару және еңбекақы төлеу
Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Банк жұмысының тиімділігі көп жағдайда, қызметкерлерді сауатты басқару мен қызметкерлердің банк операцияларын білікті орындауларына байланысты.
Білікті кадрлар болмаған, шеберлік әлеуметтілігін көтермеген жағдайда банк қаржы ресурстары мен бай киенттерді жоғалту мүмкін.
Осыған байланысты банкте келешекте кадр саясатын жургізіп, кадрларды дайындау мен қайта дайындаудан өткізіп, банкті білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі тұрады.
Банк қызметкерлерінің саны орындалатын операциялардың көлемімен, техникамен жарқталуымен, қызметкерлердің біліктілігімен анықталады. Банктың штаттық кестесі бөлімдер мен қызметтер өзегінде лауазымды номенклатураны қосып, қызметкерлердің жалпы санын көрсетеді. Одан басқа, банкте әр түрлі санаттағы мамандарға арналған негізгі талаптар көрсетілген лауазымды нұсқаулық болады.
Осы құжаттар негізінде банктың кадрларға сұранымы көрсетілген жоспарлары жүргізіледі. Сонымен бірге кадрлардың барлығын, әр операцияда нақты жұмыспен қамтылған қызметкерлерді бағаау және ең бастысы, әрбір қызметкердің орындаған жұмысының сапасы бағаланады. Сол тәрізді, келешектегі кадр сұранымы бағаланып, кадр саясатының міндеттерін шешетін нақты шаралар әзіренеді.
Банкке сан және сапа жағынан да кадр іріктеу кадр саясатындағы маңызды кезең болып табылады. Сонымен бірге, осынау немесе басқа бөлімдерде жұмысты орындау кезінде нақты талаптарға жауап беретіндей білікті кадрларды іріктеуге ерекше назар аударылады.
Кадрларды қабылдау екі жолмен жүргізілуі мүмкін:
1) Банк қызметкерлері арасында бос орынға хабарландыру жолымен конкурс өткізу-ішкі іріктеу;
2) Басылымдарға хабарландыру беру жолымен жұмысқа орналастыру бюросына өтініш беру арқылы, колледж, жоғары оқу орындарын бітіргендер арасынан іріктеу-сыртқы іріктеу;
Қызметкерлерді таңдау әр түрлі дәрежеде өтуі мүмкін. Мысалы, былай бағалауға болады:
- маманның жыл ішіндегі көрсеткіштері;
- білімі, ептілігі, дағдысы, бейімділігі;
- сыртқы сипаты;
- орындаған жұмысының сапасы;
- клиенттерге қарым-қатынасы;
- ұжыммен қарым-қатынасы және т.б.
