Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Т__ж рибел к саба__тар.doc Каржы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Екінші сабақ.

Лексикалық тақырып: Қаржы: оның мәні мен атқаратын қызметі

Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем

Қаржы – экономикалық қатынастардың аса бір маңызды элементтерін көрсете алатын категория. Өйткені, қаражат ақша қаржысының қорын бөлу және оны пайдалану жөніндегі қатынастар жүйесін қамтиды. Атап айтсақ , ақша қатынасының ерекше қорлар арқылы қозғалысын біз қаражат қатынастары дейміз.

Қаржы жүйесі әр түрлі деңгейдегі бюджетті қамтиды: әлеуметтік қамсыздандыру қоры, мүлікті және жеке басты сақтау қоры, мемлекеттік валюта резервтері, кәсіпорынның, фирманың, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары және басқа да арнаулы ақша қорлары. Бір сөзбен айтсақ, қаражат жүйесі – мемлекеттік және жергілікті бюджетті, валюта қорын, банктер, қамсыздандыру компанияларын, зейнеткерлер қоры, биржа қорлары мен кез-келген ақша агенттерін қамтиды.

Қаржы қатынастары қоғамдағы экономикалық өмірдің күн сайынғы көкейкесті мәселелерін қамтиды және мына қатынастар жатады:

- мемлекет пен кәсіпорын арасындағы қатынастар;

- мемлекет пен әрбір шаруашылық саласының және мекемелердің арасындағы қатынастар;

- мемлекет пен жеке азаматтардың арсындағы ақша қорының қозғалысына байланысты қатынастар.

Қаржы қатынастарына мына қатынастар кірмейді:

- бөлшек сауда тауар айналымы;

- сыйлық беру;

- жеке азаматтардың алып-сатуы;

- тұрмыстық-коммуналдық төлемдер.

Қаржы қатынастарының дамуы экономикалық заңдар жүйесін саналы түрде пайдалануға байланысты. Өйткені, халық шаруашылығындағы ақша қорының қалыптасуы, оның бөлінуі және оны пайдалану негізі экономикалық заңдар механизмінің талабынан туындайды.Әсіресе, мұнда құн заңы, еңбектің түпкі нәтижесіне ақы төлеу және қор жинау заңдарының әрекеті ерекше роль атқарады.

Қаржының атқаратын функциясы көп: өндірісті ұлғайту, өндірілген өнімді бөлу,белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін бақылау жүргізу және ынталандыру. Қаржының өндірісті ұлғайту функциясының мәні мынада: қаржы өндірістік қордың, ауыспалы айналымы мен қор айналымын үздіксіз қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде өндірістің тұрақтылығы мен баланстылығы бір қалыпқа келеді.

Қаржы арқылы қоғамдық жиынтық өнім құнын өндірісте пайдаланған негізгі өндірістік қордың орнын толтыру және таза өнімге бөлу жүзеге асады. Сондай-ақ, қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу орындалады. Ал, қаржының ынталандыру функциясы орталықтандырылған қаржы қорын бөлуәр саланы дамытуға, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өндіріске енгізуге, өндіріс тиімділігін арттыруға ынта туғызады.

Сөздерді есімізге сақтаймыз:

атқару – исполнять

қозғалыс - движение

қамту- охватить

қамсыздандыру- обеспечение

көкейкесті – важный, злободневный

ұлғайту – преувеличить, расширить

арттыру - повысить, увеличить

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мына сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

1. Мемлекеттің қаржы теориясысы дегеніміз не?

2. Мемлекеттің қаржы теориясысы қызметі қандай?

3. Мемлекеттің қаржы теориясысы көздері

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұңдап, аударыңыздар.

3 – тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

4-тапсырма. Берілген сөйлемді күрделі сөйлемге айналдырыңыз.

1. Қаржы жүйесі әр түрлі деңгейдегі бюджетті қамтиды

2. Қаржының атқаратын функциясы көп.

3. Қаражат жүйесі – биржа қорларын қамтиды.

5-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.

Халықтың қаржысы, қаражат жинау, жиынтығы, жүйе, құқықтық тәртіп, шағын кәсіпорын.