
- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Екінші сабақ.
- •Соөж. 2. Қоғамдық тауарлар.
- •Үшінші сабақ.
- •Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары
- •Соөж. 3. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
- •Соөж. 4. Ақшаң болса… Өз ойыңызды білдірініз.
- •Бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Осөж 5. Қаржы нарығының құрылымы
- •Алтыншы сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Жетінші сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Сөж. 7. Банктi таныстыру (презентация банка)
- •Сегізінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 8. Банк қызметіндегі тәуекелділік және банк ісіндегі бәсеке
- •Тоғызыншы сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
- •Оныншы сабақ.
- •Сөж. 10. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Он бірінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 11. Салықтардың қызметтері.
- •Он екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
- •Он үшінші сабақ
- •Жұмыссыздық түрлері.
- •Соөж. 13. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Он төртінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Үй шаруашылығының қаржысы
- •Он бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?
Бесінші сабақ
Лексикалық тақырып: Қаржы нарығы.
Грамматикалық тақырып: Атаулы сөйлем
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Қаржы нарығы – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорлардың, сақтық мекемелердің мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарының жиынтығы. Ол нарықтық қатынас жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, салық, валюта және басқа нарықтармен тығыз байланысты.
Қаржы нарығы күрделі экономикалық қатынастар саласы.
Ақша нарығы дегеніміз – қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарда қосатын нарық.
Несие нарығы – қарыз бойынша банктің несие қызметтерін атқарады. Ақша мен несие нарығы әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Қаржы нарығында сатып алу-сатудан айрықшалығы – тауарлар ақша және бағалы қағаздар болып табылады. Сондықтан бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын, экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының бағалы қағаздармен, туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан, оны қор нарығы деп атайды.
Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз (несие), валюта және капитал нарықтарынан құралады..
Сөздерді есте сақтаймыз:
әртүрлі – разный, различный
бірлестік – объединение
жұмылдыру – мобилизация
жүйе – система
кәсіпорын – предприятие
қаржы – финансы
қарыз – долг, ссуда
қор – фонд, запас
қоғамдық – общественный
мекеме – учреждение
несие – кредит
өндірістік – производственный
сала – отрасль, сфера
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Қаржы жүйе ретінде қашан қалыптасты?
2. Қаржы нарығы неден тұрады?
3. Қаржы нарығы дегеніміз не?
4. Ақша нарығы дегеніміз не?
5. Қаржы нарығына не жатады?
3-тапсырма. Мәтіннен атаулы сөйлемдерді тауып көшіріңіз.
4-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрыңыз.
5-тапсырма. Атаулы сөйлемдерді табыңыздар.
Қолдануындағы ыңғайлық. Бәсекелестік бар жерде кез кел-ген қызмет тиімді. Нарықтық экономика. Бәсеке қабілеттіліктің негізі. Тұтынушы. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді. Нарықтағы бәсекелестік. Кең зал толған халық. Дала қараңғы. Өндіріс пен тұтынудың байланысы. Бағаның еркін қозғалысы. Елордада атақты үш бидің ескерткіші орнатылған.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Қаржы нарығын... сатып алу-сату... айрықшалығы – тауарлар ақша және баға... қағаздар болып табылады.
Ол нарық.... қатынас жүйесі... құрамды бөліг... болып табылады.
Қаржы нарығы бағалы қағаз..., қары... және капитал нарықтары... құралады.
7-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орналастырыңыз.
1. Күрделі қаржы экономикалық қатынастар нарығы саласы.
2. Бағалы қағаздар, қаржы нарығы, қарыз және капитал, нарықтарынан валюта құралады.
8-тапсырма. Мәтінге қатысты 5 атаулы сөйлем құрастырыңыз.