Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Т__ж рибел к саба__тар.doc Каржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Соөж. 4. Ақшаң болса… Өз ойыңызды білдірініз.

Ақша қалай пайда болды? Ол жайлы және көшбасшы валюталар туралы шақтап айтып өтейік. Алғашқы қауымдық құрылыстағылар оның сыңғырлаған дауысын естіместен кетті. Бертін келе рулық қауымда да онсыз-ақ өмір кештік қой. Бірақ, ол кезде оның орнына қолма-қол айырбас жүрді. Ақша неге керек болғанын ұғыну үшін, сол кездерді көзге елестетейік. Мәселен, сен балық ауласаң маған оны тауыққа айырбастайсың. Мен мұны біреуге тағы бірдеңеге ауыстырам дегендей. Сосын оны…Осылай кете береді. Ойлап қарасақ тіпті қолайсыз. Айырбастайтын тауық та, басқа да таусылмай ма? Оның үстіне керек-жарақты алу үшін қашанғы оларды шұбыртып тасып жүресің. Таптық қауымға көшкенде бұл бірінші кезекте патшалар үшін пайдасыз еді. Міне, сол себепті алғашқы алтын және күміс тиындар қолданысқа енді. Олар біздің эрамызға дейінгі VІІ ғасырда ежелгі Қытай мен Лидия патшалығында пайдаланылды. Оны кім ойлап тапқаны бізге беймәлім. Әйтеуір ақылды пенде екені анық. Ал, біздің жыл санауымыздан 500 жыл бұрын парсы патшасы Дарий экономикалық төңкеріс жасады. Өз мемлекетінің аймағында айырбасты мүлдем тыйды. Сауданы өз суреті салынған стандартты күміс және алтын ақшалармен жүргізуге бұйырды. Бұл туралы ежелгі Персеполис (Иран) қабырғалары куәлік етеді. Мұны ақшаның туған жылы деуге келеді. Қытайда біздің дәуіріміздің 100 жылы қағазды ойлап шығарды. VІІІ ғасырдан бастап аспан асты елінде одан ақшалар жасала бастады. 910 жылы олар көбейді. Шыңғыс ханның тұсында алтынды осыларға айырбастаған…

Ал, банкілер ше? Олар алғаш біздің дәуірден 2000 жыл бұрын Месопатамияда (Қазіргі Ирак) дүние есігін ашты. Оның рөлін храмдар мен жергілікті билеушілердің сарайлары атқарыпты. Тарихта б.д.д. 600 жылы тұңғыш рет банк операциясын жүргізу тіркелген. Тифий атты банкир Греция мен Ионияда түрлі кеңселер иемденген. Саудагерлер өз ақшасын оның банктеріне салған да қолынан қағаз алған. Барған жерінде сауда жасағысы келсе “банктен” Тифидің әлгі “құжатын” көрсетіп “ақша” сұраған. (Олар Дарийдікіндей бір үлгіде емес, алтын, күміс кесектері, т.б.) 1156 жылы алғаш рет Гэнуэздік көпестер (Италия) Византия империясымен валюта бағасының курсы жөнінде шарт жасасқан. Ал, 1661 жылы Швецияда алғашқы мемлекеттік банк пайда болған. Бұдан кейін мұндай банктер 1701 жылы Францияда, 1860 жылы Ресейде,1913 жылы АҚШ-та (Федералдық резерв жүйесі) құрылды. Бізде де тәуелсіздік алысымен құрылған Мемлекеттік Ұлттық банкіміз бар. Ол теңгеміздің хал-жағдайын қадағалап отырады. Курсын белгілейді. Қазір Кеңес дәуіріндей емес, банктер саны көп. “Казкоммерцбанк”, “Темірбанк”, “Альянсбанк”, тағы басқалары. Атағы дардай ірілері, бұйығы жатқан шағындары бар. Әрқайсысы еліміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосуда. Капитализмді бұларсыз көзге елестету қиын. Кешегі дағдарыс кезінде Үкіметіміз қаржылай қолдау көрсетіп, олардың құрып кетулеріне жол бермеді.

Өмір бір орында тұрмайды. Уақыт зулайды. Жыл өткен сайын ғылым мен техника жаңалықтары қаржы әлемін де жаулайды. Осы жерде адамзат эволюциясының даму барысындағы ақша әлемінің өзгерістерін қысқаша тоқталсақ.1950 жылы Diners Club несие карточкалары жасалды. Алғашқыда ол мейрамханаларда пайдаланылды. 2 жылдан соң мұны Franklin National Bank -те шығарды. Бүгінде 1 ересек американдыққа осындай 10 пластикалық карточкадан келеді. 1959 компьютерлік желілер біріктіріліп, 1972 жылы ол қаржы саласына енді. Ал, 1973 жылы 15 елдің 239 банкі Бүкіләлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникация қоғамын құрды. Бұрынғы телетайпты ауыстырған SWIFT жүйесі соның алғашқысы еді. 2002 жылы оның қызметін пайдаланған 198 елдің 7,6 мың мекемесі 2 млрд. хабарлама жіберген. 1977 жылы Apple дербес компьютерлері еркін саудаға шығарылды. 1975 жылы олардың әлемде 50000, 2002 жылы 800 млн. данасы сатылыпты. 1991 жылы Еуропадағы CERN физикалық зертханасында қазіргі күнде әлемге танымал интернет – протокол World Wide Web (www) дүниеге келді. Бір жылдан кейін интернет банктер пайда болды. Қазіргі есептеулер бойынша интернетте жүргізілген банк операциялары кеңседегіден 90 пайыз арзанға шығатын көрінеді. 1993 жылы сандық ақшалар (Digi Cash) ойлап табылды. Осы технологияларды басшылыққа алып жасалған смарт карттар (компьютерлік чип бар карточкалар) қолданысқа енді. 1998 жылы АҚШ-та компьютерді қолданып, ақшаны электронды пошта арқылы бір-біріне аударуға мүмкіндік туғызған Pay Pal, Еуропада осы қызметтерді ұялы телефон арқылы іске асыратын Phone Paid жүйелері құрылды. Кейін мұның қатары Clickshare,The Internet Dollar, Internet Cash, Net Chegue және т.б. толықты…

СӨЖ. 4. Келісімшарт.