Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Т__ж рибел к саба__тар.doc Каржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Соөж. 3. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.

1991 жылдан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік – экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функционалдық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды.

Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілер бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша - әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры), экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау және минералды – шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры), ғылыми – зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші – қон, құқық қорғауға жәрдемдесу, мәдени арналым және басқалары;

Басқару деңгейі бойынша – мемлекетаралық, мемлекеттік және аймақтық (жергілікті).

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілікті, соның ішінде халықаралық қорлар ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1996 жылдан бастап қаржы саясатының мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағынан өзгеруімен байланысты мақсатқа сәйкес емес деп мойындалды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика орталықсыздандырудың және қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына кідіртуге болмайтын бақылауды қамтамасыз ету кезіндегі оларды жедел басқару үшін мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін растайды.

2-тапсырма. Мына сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

  1. Бюджеттен тыс қор дегеніміз не?

  2. Бюджеттен тыс қорлар қандай белгілер бойынша сыныпталады?

  3. Бюджеттен тыс қорлардың қызметі қандай?

СӨЖ. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры. Реферат әзірлеңіз.

Төртінші сабақ

Лексикалық тақырып:

Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)

Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.

Ақша – құн өлшемі, бақылау құралы, баға көлемін көрсету, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуіші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде ол алтынға берік орнықты.

Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.

Құн өлшемі қызметінде ақша-баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету процестерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымы дегеніміз – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.

Сөздерді есте сақтаймыз:

айырбас-обмен

ақша белгілері-денежный знак

ақша айналымы – оборот денег

есеп айырысу-расчетный счет

жүзеге асыру-перевыполнять

қажеттілік-необходимость

қозғалысқа келуі-прийдти в движение

тауарлардың құны-стоимость товара

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Орыс тіліндегі баламасын дұрыс орналастырыңыз.

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Того нет замка, бы устоял против который денег.

Ақшада көз жоқ.

Нет денег у глаз.

3-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап табыңыздар:

1. Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?

2. Ақша айналымы дегеніміз не?

3. Ақшаның қандай қызметтерін білесіз, атаңыз?

4. Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мәтіннің қай абзацында берілген?

5. Бірінші абзацта «құрал» сөзінің тіркескен сөздеріне назар аударып, атап шығыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар.

6. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің қандай ерекшеліктері бар?

4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар:

Денежная единица, денежная масса, денежно-кредитное регулирование, денежно-кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный агрегат, денежный начет.

5-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:

қағаз ақша, ұсақ ақша, қолма-қол ақша, алтын ақша.

6-тапсырма. Ұлттық валюта туралы мәлімет жинаңыз.

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз

1. Ақшаның бірінші қызметі - .....өлшемі.

2. ҚР Ұлттық валютасы қалай ........

3. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі ....... атқарды.

4. Өндірістің дамуы процесінде ол ....... берік орнықты.

Керекті сөздер: құн, алтынға, теңге, тауарлар

8-тапсырма. Сөйлемдерден салалас құрмаласты тап.

Бұл күнде ел де өзгереді, адамдар да өзгереді. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Ақша саясаты ақша айналымы заңын өмірге келтірген. Негізгі активті операцияларға банкаралық несие беру жатады.

9-тапсырма. Сөйлемдерден салалас құрмаласты тап, қалай байланысып тұрғандығын анықтаңыздар.

Сегіз жасынан бергі, өмірін теңіз бетінде өткізген оның талай қызықтыәңгімелері бар екен және дәмдендіріп айтады. Әсемгүл сәлем беріп еді, -ол қырын қарап кетті (Ғ.С.). Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылымиеңбек жазуға төселдіру. Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес. Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.