
- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Екінші сабақ.
- •Соөж. 2. Қоғамдық тауарлар.
- •Үшінші сабақ.
- •Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары
- •Соөж. 3. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
- •Соөж. 4. Ақшаң болса… Өз ойыңызды білдірініз.
- •Бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Осөж 5. Қаржы нарығының құрылымы
- •Алтыншы сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Жетінші сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Сөж. 7. Банктi таныстыру (презентация банка)
- •Сегізінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 8. Банк қызметіндегі тәуекелділік және банк ісіндегі бәсеке
- •Тоғызыншы сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
- •Оныншы сабақ.
- •Сөж. 10. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Он бірінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 11. Салықтардың қызметтері.
- •Он екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
- •Он үшінші сабақ
- •Жұмыссыздық түрлері.
- •Соөж. 13. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Он төртінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Үй шаруашылығының қаржысы
- •Он бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?
Соөж. 2. Қоғамдық тауарлар.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Қаржы теориясы – мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік, саяси функциялар орындау үшін қызметті ақша ресурстарын қамтамасыз ететін елдің маңызды саласы болып табылады және экономикалық мәні жағынан қаржы теориясылар елдің, оның кәсіпорындардан қаржы ресурстарымен қаржыландырып, қалыптастырылған ақша қаражатын елдің игілігі үшін жұмсаумен түсіндіріледі.
Мемлекеттік қаржыларды бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Қаржы теориясылар республикалық және жергілікті деңгейде іс-әрекет етеді.
Қаржы теориясы құрамына республикалық және жергілікті деңгейде қалыптасатын өзара бюджеттік байланыстар маңызды роль атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдар қарамағындағы қаржылар, ұлттық табыстың білінуі пайда болады.
Мемлекет өзінің функцияларын орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттер қалыптастырады.
Республикалық бюджет ресурстары – мемлекеттің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру үшін, республикалық функцияларды орындау үшін қарулы күштермен басқару (күштерін) органдарын ұстауға қолданылады.
Жергілікті бюджет органдары – жергілікті ресурстарды экономикалық деңгейде реттеу үшін әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады. Бюджеттік тыс қорлар – республикалық қаржының бір түрі, олар арнайы аударымдар мен басқа да төлемдер негізінде құрылады. Мемлекеттің қаржыларының іс-әрекеттері кезінде өзара тығыз байланысты 2 процесс бар:
мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру;
қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану.
Бұл процестің 1-де кірістері, 2-де шығыстары пайда болады.
Мемлекеттің крістері деп – экономикалық қатынастардың жүйесін айтады. Бұл қатынастардың процесінде айтады. Бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің іс-әрекет етуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттың жиынтығы құрылуы.
Орталықтандырылған қаржы кірістерінің негізінен салық түсімдері сыртқы экономикалық қызметтер халық төлемдері есебінен қатысады.
Орталықтандырымаған кірістер – кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен жиналымдарының әрекет етуінен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті пайдаланып, қоғамның сан алуан қажеттілігін қанағаттандыру барысында ЖІӨ-ң бір бөлігін бөлу.
СӨЖ. 2. Өтініш дайындау. (8 өтініш әр түрлі жағдайға)
Үшінші сабақ.
Лексикалық тақырып:
Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары
Грамматикалық тақырып: Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары, дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең маңызды буындарының бірі. Қаржы нарығы дамуының негізінде қаржы айналымының объективті заңдылықтары жатыр. Бір жерлерде уақытша бос капиталдар пайда болса, екінші жерде оған сұраныс қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы – несие нарықтары бұл қайшылықтарды дүние жүзілік шаруашылық деңгейде шешеді.
Дүниежүзілік валюта несие, құнды қағаздар нарықтары қалыптасуының, алғы шарттарына мыналар жатады:
1. Капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;
2. Шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;
3. Бұкаралық телекоммуникациялардың дамуы.
Валюта нарықтары дегеніміз – сұраныс пен ұсыныс негізінде, шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтары. Ұлттық валюта нарықтары дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің барлығында қызмет атқарады. Ұлттық нарықтардың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі арқылы, біртұтас дүниежүзілік валюта нарығы қалыптасты. Әдетте дүниежүзілік валюта – нарықтары дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз – банктердің маманданған несие – қаржы институттарының топтасқан жері. Онда халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер жасалады. Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішінде ең ірілері – Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкурт, Париж, Цюрих, Токио валюта нарықтары.
Қазіргі валюта нарықтарында мынадай ерешеліктер тән:
а) дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың да әлемдік өріске шығуы және валюталық келісімдерді жүзеге асыруда автоматты құралды қолдануы;
ә) валюталық операцияларды орталықсыздандыру және олардың компьютерлерді қолдану арқылы бүкіл әлемдік сипатқа ие болуы;
б) валюта операцияларын үйлестірудің мәнінің артуы;
в) алыпсатарлық келісімдер көлемінің ұлғаюы;
г) валюта құндарының тұрақсыздануы.
Валюта нарықтары халықаралық есептеулерді жедел жүзеге асыруды, дүниежүзілік валюта нарықтарының несие және қаржы нарықтарымен өзара байланысын нығайтуды қамтамасыз етеді. Халықаралық несие – қаржы қатынастары дүниежүзілік несие және қаржы нарықтарындағы қарыз капиталының қозғалысының байланысуы мен қатынастар жүйесін қамтиды.
Халықаралық несие нарығында ақша капиталының елдер арасындағы қозғалысы қайтарымдылық, мерзімдік, пайыз төлеу жағдайларында жүзеге асады. Дүниежүзілік несие нарығы – қарыз капиталы нарығының бір бөлігі, оған дүниежүзілік капиталдар нарығы кіреді. Дүниежүзілік қаржы нарығы да қарыз капиталы нарығының бір бөлігін, мұнда құнды қағаздарды шығару, сату және сатып алу жүзеге асырылады.
Сөздерді есте сақтаймыз:
қайшылық – противоречие, разногласие
шоғырлану – концентрироваться, скапливаться
топтасу – сплотиться, сгруппироваться
орталықсыздандыру – децентрализация
үйлестіру – координировать, согласовывать
қайтарымдылық – отдача
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1 - тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
2 – тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
3 – тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.
4- тапсырма. Сұрақтарды пайдаланып, сұхбат құрыңыздар.
5 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғаңыз.
Ұлттық нарықтар... дамуы мен олард... өзара байланысы... күшею.... арқылы, біртұтас дүниежүзілік валюта нары.... қалыптас..... . Валюта нарықтары халықара.... есептеулер... жедел жүзе... асыру..., дүниежүзі.... валюта нарықтары... несие және қаржы нарықтары.... өзара байланысын нығайту.... қамтамасыз етеді.
6-тапсырма. Біріңғай мүшелерді ажыратып, тыныс белгілерін қойып, тексті көшіріңіз.
Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы шетін ала кірген ай бір көрініп сүңгіп, ... дәл жасырынбақ ойнағандай құбылды. Әрі сұлу әрі сенімді мықты үміт. Ұйымнын бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа яғни айдың тоқсаннын немесе жылдың басына жасалынады.
Бұдан шығатын қорытыңды бухгалтерлік шоттың бастапқы қалдығы баланстын есепті кезеннің басындағы сомасы деп аталатын бағанынан алынады да керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстын есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады.
7-тапсырма. Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.
Фонды – (от фр.fond с лат. fundus-основание)-денежные средства, ресурсы, запасы чего-нибудь, процентные ценные бумаги, совокупность материальных ценностей, действие которых рссчитано на длительное время.