Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Т__ж рибел к саба__тар.doc Каржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Он бесінші сабақ

Лексикалық тақырып: Қаржы жүйесі.

Грамматикалық тақырып: Шартты рай. Тәуелдік жалғау.

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Қаржы дегеніміз – экономикалық категория. Ол ұлттық табиғаты, қоғамдық өнімді бөлу кезінде пайда болған орталықтандырылған ақшалай қорлардың қалыптасуы және оларды өндіріске қолдану, қоғам қажеттілігін қанағаттандыруды айтамыз. Оның объектісі –қаржы ресурстары болып табылады, ал субъектісі –мемлекет, кәсіпорындар, мекемелер, өндірістік және өндірістік емес ұйымы болып табылады.

Тұңғыш рет ақша қатынасы ХҮ-ХҮІІ ғасырларда пайда болған. Ол ең алғаш Италияда қолданылды. Қаржы атауы дегеніміз «ҚА» барлық табыс деген сөз. Демек, барлық табыс қаражат қорларын жасау мен пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория. Қаржы есеп жүйесімен тығыз байланысты, өйткені олардың қызметі шаруашылық жүргізудің жеке объектілері арасында өзара есеп айырысуға арналған. Қаржының материалдық мазмұны құрамына көптеген ақша қорлары енеді. Мысалы: мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, тұтыну қоры және т ағы басқалар. Бұл ақша қорлары сан қилы деңгейде құрылып пайдаланылады, кейбіреулері үнемі жұмсалса, кейбіреулері сақталады, ал енді біреулері жинақталады. Қаржы қатынастары формаларымен ақшалай қаржы қорлары басқарылатын материалдық объект құрайды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздерді жазып алыңыз, аударыңыз.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

4-тапсырма. Мәтіндегі тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз, түсіндіріп айтыңыз.

5-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Басшы кім?

  2. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

  3. Басшының адамдармен қатынасы қандай болу керек?

  4. Басшының мәдениеті қандай болуы керек?

  5. Лидер деген қандай болады?

  6. Қоғам алдындағы жауапкершілік дегенді қалай түсінесіз?

6-тапсырма. Сөйлесіңіздер.

  • Сіздің болашақта басшы болғыңыз келе ме?

  • --------------------------------------------------------

  • Басшы қандай болуы керек?

  • -----------------------------------

  • Кәсіпкерлік басшыға не үшін керек?

  • ---------------------------------------------

  • Сіздің тобыңыздың басшысы басқа студенттермен қандай қарым-қатынаста?

  • ----------------------------------------------------------------------------------------

  • Сіз мәдениеттілік дегенді қалай түсінесіз?

  • -----------------------------------------------------

7-тапсырма. Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді оқып, жаттап алыңыз:

***

Инфляция ұйықтап жатқан итке ұқсас, оған тиіспес болар.

П.Самуэльсон

***

Не аз болса, сол қымбат болады, не көп болса, сол арзан болады.

Орыс мақалы.

***

Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.

***

Несиені малым бар деме.

***

Ақша кетуге тырысады,

***

Есеп ұстауға тырысады.

***

Кіріс шығыссыз болмайды.

***

Саудада әділ бол, әділ байлық – бағың ол.

***

Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады.

***

Берместің сылтауы көп.

***

Шашу оңай, жинау қиын.

***

Алтын тапсаң, санап ал.

***

Есептемегенге бәрі түгел.

***

Есепсіз дүние жоқ..

***

Үзіп жеген үнемге жатпайды.

8-тапсырма. Шартты рай түріне айналдырыңыз.

Коммерциялық саудагерлік бағалар (мемлекеттік) коммерциялық дүкендерде сатылатын мемлекеттің жоспарлы бағасының бір түрі. Коммерциялық баға әрқашанда мемлекеттік қормен жабдықталған бағадан қымбат, осы айырмашылық бюджетке бюджеттік үстеме баға ретінде келіп түседі.

СОӨЖ. 15. Өз бизнесiңiздi қалай ұйымдастыруға болады?

1-тапсырма. Өз бизнес жоспарыңызды құрыңыз.

Бизнес жоспардың маңызды бөлiгi – жобаны ресурстық қамтамасыз ету (ресурсное обеспечение) болып табылады. Кең түрде айтатын болсақ ресурстық қамтамасыз етуге мыналар жатады: материалдық ресурстар (транспорт, байланыс материалдары, құралдары, еңбек ресурстары (барлық категория жұмысшылары, қызметкерлерi) қаржылық ресурстар (ғымдағы қаржылық құралдар, несиелер, валюта, құнды қағаздар) ақпараттық ресурстар (статистика, ғылыми-техникалық және басқа ақпараттар).

Бизнес жоспардың мазмұны тауар рыноктарына, бәсекелестердiң көптiгiне және құратын өнеркәсiптiң болашағына байланысты.

(Как организовать свой малый бизнес. 1998 ж. "қаржы-қаражат"