
- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Екінші сабақ.
- •Соөж. 2. Қоғамдық тауарлар.
- •Үшінші сабақ.
- •Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары
- •Соөж. 3. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
- •Соөж. 4. Ақшаң болса… Өз ойыңызды білдірініз.
- •Бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Осөж 5. Қаржы нарығының құрылымы
- •Алтыншы сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Жетінші сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Сөж. 7. Банктi таныстыру (презентация банка)
- •Сегізінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 8. Банк қызметіндегі тәуекелділік және банк ісіндегі бәсеке
- •Тоғызыншы сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
- •Оныншы сабақ.
- •Сөж. 10. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Он бірінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 11. Салықтардың қызметтері.
- •Он екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
- •Он үшінші сабақ
- •Жұмыссыздық түрлері.
- •Соөж. 13. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Он төртінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Үй шаруашылығының қаржысы
- •Он бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?
Он үшінші сабақ
Лексикалық тақырып: Еңбек нарығы
Грамматикалық тақырып: Көп бағыныңқылы сабақтас.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;
жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.
Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.
Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.
2- тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
***
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айрылмас азап.
***
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
***
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,
Қор етеді, кулығын ішке сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
***
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)
***
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
(Төле би)
***
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
3- тапсырма. Көп бағыныңқылы сабақтастардың қайсысы сатылы, қайсысы жарыспалы екендігін анықтап, схема түрінде көрсетіңіздер.
Аспан қаһарының ббарлығын жерге төгіп болған соң, күн жадырап, ауа шайдай ашылды. Мен үйге кіргенде, күн батып, үй іші қара көлеңке болып қалған еді. Машина жақындаған сайын, қала да қойнын ашып, көшелері кеңи береді. Баста бірін-бірі онша жақсы білмесе де, осында келгеннен кейін, семьялары қатты араласып, туыстай боп кеткен-ді. Максатты тыңдай отыра, оның сөздерінен көңіліне қауіп ала отыра, Айжанға көлденең, бір ой кеп кетті.
4-тапсырма. Мәтінді аударып, көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыздар.
Жұмыссыздық түрлері.
Жұмыссыздықтың әр алуан түрлері болады:
1. Жасырын жұмыссыздық өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді пайдаланған жағдайда орын алады. Шын мәнінде олардың жұмысын аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпараттың жоқтығының нәтижесінде болады.
3. Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе, қайта өндеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.
4. Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысы, жасы, ұлты, мамандығы және т.б. ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
5. Технологияляқ немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады. Ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруге қажет етеді.
5-тапсырма. Мына берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыздар, сұрақ қойыңыздар.
1. Біздің фирма бартерлік келісім-шарт варианттарын талқылауға дайын.
2. Біз сіздердің өнеркәсіп жұмыстарыңызбен танысу үшін, сіздердің талаптарыңызды білу үшін келдік. 3. Кейінірек валютамен де, теңгемен де сатуға болатын бірлескен дәріхана ашуды ұсынамыз. 4. Біз сіздермен 10 млн. доллар көлемінде ұзақ мерзімді контракт жасамақпыз. 5. Контракт бойынша жеткізуді Халықаралық банк қаржыландырады.
6-тапсырма. Кестедегі берілген сөздерді орысшадан, қазақшаға аудара отырып, толтырыңыздар.
1. рынок
2. дешево
3. реклама
4. финансист
5
.
растрата