
- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Екінші сабақ.
- •Соөж. 2. Қоғамдық тауарлар.
- •Үшінші сабақ.
- •Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары
- •Соөж. 3. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
- •Соөж. 4. Ақшаң болса… Өз ойыңызды білдірініз.
- •Бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Осөж 5. Қаржы нарығының құрылымы
- •Алтыншы сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Жетінші сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Сөж. 7. Банктi таныстыру (презентация банка)
- •Сегізінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 8. Банк қызметіндегі тәуекелділік және банк ісіндегі бәсеке
- •Тоғызыншы сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
- •Оныншы сабақ.
- •Сөж. 10. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Он бірінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 11. Салықтардың қызметтері.
- •Он екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
- •Он үшінші сабақ
- •Жұмыссыздық түрлері.
- •Соөж. 13. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Он төртінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Үй шаруашылығының қаржысы
- •Он бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Аударыңыз:
Банк проводит активную внешнеэкономическую политику.
Банком установлены корреспондентские отношения с ведущими банками США, Франции, Швеции, Испании, Австрии.
Банк успешно работает с частными клиентами.
В короткий срок банк выдвинулся в число лидеров.
В кассе банка должна быть сумма наличных денег для удовлетворения потребности своих клиентов.
Работа приходной кассы организована так, что клиенты банка имеют возможность сдать выручку в течение определенного дня.
Зачисление денежной выручки на счета банка и выдача наличных средств на различные цели.
Заемщик- получающий кредит и обязанный возвратить полученную ссуду.
Руководство банков ведет контроль за качеством своих активов, предоставлением новых кредитов, технологией кредитования, соблюдением заемщиком условий кредита.
3-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз:
Бағалы зат, тиімді келісім, ақша қаражаты, шетелдік валюта, есепшот ашу, депозиттік салым пайызы, шартты талдау, пайыз мөлшерін өсіру, сатуға кірісті, салым қабылдау.
4-тапсырма. Етіс түрлерін ажыратыңыз.
Қалыптастыру, жапкыз, қолдау, таранды, төгілді, көрсеткіз, жайнат, сөйлес, табыс, санас, орналастырылды, салыс, құрылады, табылады, жасалды, келтір, бітірт, айтқыз, алғыз.
Соөж. 12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
Мәтінді мазмұндаңыздар.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады:
- банктің эмитент ретіндегі операциялары;
- инвестор ретіндегі операциялары;
- делдал ретіндеге операциялары.
Коммерциялық банктер эмитент ретінде төмендегідей бағалы қағаздарды шығарады: акция, облигация, банктік сертификат, туынды бағалы қағаздар.
Акцияларды шығару арқылы банктер акционерлік қоғам ретінде құрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастырады.
Облигация мен сертификаты шығару арқылы банктер қосымша қаражаттар тартады.
Банктің инвестор ретіндегі қызметінің нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады.
ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- брокер қызметі
- дилер қызметі;
- депозитарий қызметі;
- кастодиандық қызмет;
- тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі;
- бағалы қағаздарды басқару.
Комиссиондық операциялар – клиенттердің тапсырмасымен және олардың атынан жүзеге асырылатын және банке комиссиондық табыс әкелетін операцияларды білдіреді.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
- дебиторлық қарызды инкассациялауға байланысты операциялар (әр түрлі төлем құжаттары негізінде клиенттердің тапсырмалары бойынша қаражат алу);
- аударым операциялары;комиссионды делдалдық операциялар (шетел валютасын, бағалы қағаздарды, бағалы металлдарды сатып алу–сату, факторинг, форфейтинг, лизинг және өзге)
Кепілдік операциялар – комиссиондық табыс әкелетін және клиенттің қарызы бойынша үшінші бір тұлғаға кепіл берумен байланысты операциялар.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
СӨЖ. 12. Жеке іс парағын толтыру.