Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Т__ж рибел к саба__тар.doc Каржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Сөж. 10. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі: депозитік қаражаттар; депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатып қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті багалы қағаздарын сату жолымен таратылатын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар — банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктерден шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.

Он бірінші сабақ

Лексикалық тақырып: Салық салуды ұйымдастыру.

Грамматикалық тақырып: Шартты рай. Тәуелдік жалғау

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Салық алуды ұйымдастыру – салық қатынастары нысандары элементтерінің салық түрлерінің нақтылы атауларын, олардың қолдану тәртібі мен әдістерін, тәсілдерін құрайтын салық механизмінің жұмыс істеуін құрайды.

ҚР-да салық механизмі құрылымы келесі схемада көрсетілген. Салық субъектісі немесе салық төлеуші – ол салықты және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуші тұлға салық объектісі – салық салуға байланысты объектілер болып табылады.

Салық базасы – салық салу объектісімен салықты алуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге сипаттамалары. Салықтың негізгі базасы мыналар:

  1. Табысқа салынатын салық (корпоративтік және жеке табыс салығы).

  2. Тауарларға салынатын салықтар (қосылған құн салығы, кеден баждары).

  3. Капиталға салынатын салық (жер, мүлік және т.б. салықтар).

Салық өлшемі деп – есептеулер үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (табыс салығы үшін – табыстың көлемі, жер салығы үшін – жер көлемі, т.б.).

Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеудің шамасын білдіреді. Ол %-пен немесе ставкамен анықталған.

Салық кезеңі – жекелеген салықтар мен басқа төлемдердің белгіленген уақыт кезеңі түсініледі.

Салық пұл – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес салықтан толық немесе ішінара босатылуы. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:

1. Салық салынбайтын минимум (салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі).

2. Табыстың есептелген санынан шегерілетін шегерімдер (мүгедектер, асыраудағы жандар табыс салығы бойынша белгіленген мөлшерде арнайы шегерімдер бекітілген).

3. Салық салынатын табыстың құрамына кірмейтін сома салық.

4. Салық мөлшерлемесін төмендету (жекелеген тұлғалардың, субъектілердің белгіленген сағаттары бойынша кейбір салықтар төмендетіледі.

Салықтық бақылау – салық қызметі ұйымдарының салық заңнамасының орындалуын бақылауын айтамыз.

Салық заңнамасын бұзғаны үшін салық төлеушілерге айыппұлдар, санкциялар қолданылады.