
- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Екінші сабақ.
- •Соөж. 2. Қоғамдық тауарлар.
- •Үшінші сабақ.
- •Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары
- •Соөж. 3. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
- •Соөж. 4. Ақшаң болса… Өз ойыңызды білдірініз.
- •Бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Осөж 5. Қаржы нарығының құрылымы
- •Алтыншы сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Жетінші сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Сөж. 7. Банктi таныстыру (презентация банка)
- •Сегізінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 8. Банк қызметіндегі тәуекелділік және банк ісіндегі бәсеке
- •Тоғызыншы сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
- •Оныншы сабақ.
- •Сөж. 10. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Он бірінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 11. Салықтардың қызметтері.
- •Он екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
- •Он үшінші сабақ
- •Жұмыссыздық түрлері.
- •Соөж. 13. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Он төртінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Үй шаруашылығының қаржысы
- •Он бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?
Оныншы сабақ.
Лексикалық тақырып: Салым.
Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Жинақ кассасына ең алғаш салымшы келгенде, оған есеп менеджері немесе балқылаушы бірнеше есептік салым түрлерін ұсынады. Салымшы салымның барлық түрлерімен танысып болғаннан кейін, өзіне тиімді салымды қалайды. Салымшы салымға есеп ашар кезде, өзімен бірге құжатын, салықтық тіркеу нөмірін алыпкелу керек. Салымнын тіркеу нөмірі банкіде сақталады. Есеп менеджері салымшыға банк басшысының атына алғаш өтініш жаздырып, келісім-шартқа отыруы қажет. Осы құжаттарды толтыру арқылы бақылаушы салымшыға кіріс ордерін толтырып, кіріс кассасына нақты ақшасымен, яғни салымын қабылдауға жібереді. Қазынашы кіріс ордеріне жазылған сумманы қабылдап, ордер бөлігін өзіне, квитанцияны салымшыға жинық кітапшасымен беріп жібереді. Дұрыс толтырмаған ордерді салым иесінің жыртып тастауға болмайды, оны менеджер қатаң ескертуі қажет. Ол салымшыны дұрыс толтырған ордермен жинақ банкісіне жібереді де және №20 форма кітапшасы бойынша контролер операция толтырғанда жинақ кітапшасындағы ордерді түбірден бөлек жартып алады. Егер салым иесі қателескен жағдайда, одна ол жарамсыз деп жазылып, өзінің фамилиясын, аты-жөні және күнін көрсетіп, қол қояды.
Кассир өзіне берілген құжаттарды және жинақ кітапшасындағы ордерлердің қалдықтарын, Ф№31 квитанцияның дұрыстығын қарайды. Жинақ кітапшасы мен Ф№31 квитанцияны және №51/36 Ф№51 ордерлердің бәрін алып, қол қояды. Белгіленген мерзім ішінде салымшы өз салымнын қосып алуға міндетті.
2-тапсырма
Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз
3-тапсырма. Сөйлемді аударыңыз.
Есеп менеджері салымшыға банк басшысының атына алғаш өтініш жаздырып, келісім-шартқа отыруы қажет. Осы құжаттарды толтыру арқылы бақылаушы салымшыға кіріс ордерін толтырып, кіріс кассасына нақты ақшасымен, яғни салымын қабылдауға жібереді.
4-тапсырма. Сөйлем құраңыз.
Жинақ кассасы, салымшы, қабылдау, банк қызметкері, есеп ашу.
4-тапсырма. Сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
СОӨЖ. 10. Қазақстанның салымдарға кепiлдiк беру қоры.
1-тапсырма. Сіздермен жұмыс (сөздiктi пайдаланыңыз)
даму деңгейi, оңайлықпен, дағдарыс, өмiрлiк сабақ, жеделдету, күйзелiс, құнсыздану, сенiм, банк қызметi, сақтық қор, сақтық қор есебi, қайтару, қолдау, гүлдену, талаптар, тексерiлу, ұсыныс.
2-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар
а. Салымдарға кепiлдiк беру қорына қанша банк мүше?
ә. Бұл қордың мақсаты не деп ойлайсыз?
3-тапсырма. Мәтiндi оқыңыз.
Америка Құрама Штаттары өзiнiң қазiргi кездегi шарықтап даму деңгейiне оңайлықпен келген жоқ. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында бастан кешкен зор дағдарыс (великая депрессия) өмiрлiк сабақ берiп кеттi. Ол қаншалықты зиянды болса, соншалықты пайдалы болды. Тiптi, бәлкiм, осынау елдiң осыншалықты дамуына жол ашқан да сол дағдарыс шығар. Оған дейiн бұл елдiң де банк жүйесiндегi қызмет 1999 жылға дейiнгi бiздiң елдегiдей болатын, әр банк өзiнше "күн көру" қамында едi. Бiр банк банкротқа ұшыраған сәтте-ақ, басқа банктердегi ақшалар жаппай алына бастады. Бұл "зор дағдарыс" қарқынын жеделдетiп, күйзелiс қуатын күшейттi. Ел ақшасы экономиканы көтеруге жұмсалмай, қалталарда жатып-ақ құнсыздана бердi. Мiне, елдi "зор дағдарыстан" шығарушылар қолданған шаралардың бiрi – халықтың банк қызметiне сенiмiн арттыру деп бiлдi. Сөйттi де бiрнеше банк бiрiгiп, халық салымдарының сақтық қорын жасады. Мұндай жағдайда бiр банк банкрот болса, халықтың салымы сақтық қор есебiнен қайтарылатын болды. Банк жүйесi ел сенiмiне ие болды. Халық артық ақшаларын банктерде сақтайтын кезең туды. Ол салымдар ел экономикасын көтеруге жұмсалды. Соңында АҚШ "зор дағдарыстан" қысқа мерзiмде аман-есен шықты, қайтадан гүлдене бастады.
Мiне, осы тәжiрибе әлемнiң күптеген елдерiнде қолдау тапты. Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық банк бiздiң елге де осындай жүйеге көшудi ұсынды. Бiздiң жақ оны түсiнiстiкпен қабылдады. 1999 жылдың қараша айында "Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандырудың" Республикалық қоры өмiрге келдi. Қазiр қорға елiмiздегi iрi-iрi 20 шақты банк мүше.
Қордың жарғысы бойынша әр банк өздерiндегi салым депозиттерiнiң мөлшерiне қарай қорға мүшелiк жарна төлейдi. Оны пайдалануға банктiң қақысы жоқ.
Бұл қорға мүше банктерге талаптар өте жоғары. Бұл талаптар:
Бiрiншi – банк халықаралық талапқа сай болуы тиiс.
Екiншi – банктiң жеке қоры 1 миллиард теңгеден кем болмауы тиiс.
Үшiншi – банктiң соңғы жылдағы қаржы есебi халықаралық аудиторлық ұйымдардың бiрiнен тексерiлуден өтуi тиiс.
Төртiншi – қорға мүше болуы үшiн ұсынысты ұлттық банктен алуы мiндеттi.
("Қазақстан-Заман". 06.07.2001ж.)
4-тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз, мәтiнге сүйенiңiз.
АҚШ өзiнiң қазiргi деңгейiне … келген жоқ.
а) оңайлықпен
ә) оңай
б) жылдам
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында АҚШ-тағы дағдарыс …
а) тәжiрибе
ә) өмiрлiк сабақ
б) үлгi
Ол қаншалықты зиянды болса, соншалықты … болды
а) шығынды
ә) кiрiстi
б) пайдалы
Бiр банк банкротқа ұшыраған сәтте-ақ басқа банктегi ақшалар жаппай … бастады.
а) салына
ә) қосыла
б) алына
Бұл "дағдарыс" қарқынын жеделдетiп, күйзелiс қуатын …
а) әлсiреттi
ә) күшейттi
б) бәсеңдеттi
Ел ақшасы экономиканы көтеруге жұмсалмай, қалталарда жатып-ақ … бердi.
а) құны көтерiлдi
ә) құнсыздана бердi
б) көбейдi
Елдi "дағдарыстан" шығарушылар қолданған шаралардың бiрi – халықтың банк қызметiне … арттыру.
а) ынтасын
ә) сенiмiн
б) ықыласын
Бiрнеше банк бiрiгiп, халық салымдарының … жасады.
а) мемлекеттiк қорын
ә) сақтық қорын
б) ұлттық қорын
5-тапсырма. Түсiнiктi тексеруге арналған сұрақтар
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында АҚШ-та не болды?
Елдi дағдарыстан шығарушылардың шаралары не болды?
Сақтық қоры өмiрге қалай келдi?
Сақтық қорын құру – әлемде көп елдерде қолдау тапты ма?
Қазақстанда "жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры қашан пайда болды?
Бұл қорға мүше болу үшiн қандай талаптар қояды?
6-тапсырма.
а. Мәтiндi, әгiмелеу үшiн жоспар құрыңыз.
ә. Мәтiн мазмұнына қажеттi тiрек сөздердi терiп жазыңыз.
7-тапсырма. Мәтiндi жоспарыңыз бойынша, әгiмелеңiз.