Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Т__ж рибел к саба__тар.doc Каржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

2 – тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

3-тапсырма. Сұрақтарды пайдаланып, сұхбат құрыңыздар.

4-тапсырма. Берілген тірек сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып сұхбат дайыңдаңыз.

Есеп ашыға болама, ауыстырамыз, несие, құнды қағаздар, сатамыз, шығарамыз, кепілдеме, долларды айырбастауға, қанша пайызға.

5-тапсырма. Өлеңдегі етістіктер қандай рай түрінде берілген. Осы раймен бірнеше сөйлем құраңыз:

Мен егер лаулап жанбасам,

Сен егер лаулап жанбасаң,

Ол егер лаулап жанбаса,

Серпілер түнек, түн қашан?

( Назым Хикмет)

6-тапсырма. Етістіктің райларын анықтаңыз:

1

2

3

4

ашық рай

бұйрық рай

қалау рай

шартты рай

1. Жолға шыққан жолаушылардың бәрі де тайғақ жолдан өткендеріне қуанып келеді.

2. Жүгіріңдер жылқының алдынан.

3. Жастар үлкен үйге кіріп шықсын, үлкендерге сәлем берсін! – деп хабар айтты.

4. Оның көзінше Торғынға бір де сөз айтқым келмеді.

5. Сәния үлкен жеке меншік үйде ата-анасымен бірге тұрады.

6. Сендер оқу залына барып, сабаққа дайындалыңыздар.

7. Сіздер келісім-шартқа қол қойсаңыз, олар құрал-жадықтарды сол күні әкеліп береді.

8. Емтиханды қашан тапсырғыңыз келеді?

9. Сатушылардың саны сатып алушылардың санынан көп.

7-тапсырма. Етіс түрлерін анықтаңыз.

1

2

3

4

5

негізгі етіс

өзгелік етіс

ырықсыз етіс

ортақ етіс

өздік етіс

1. Банктен несие алдым. 2. Дәрігер дәрі жазып берді. 3. Ержан кітапты пайдаланды. 4. Таңертең тұрып, дене шынықтыру жаса, жуын, киін, таран. 5. Мен көркемөнерпаздар үйірмесіне жазылдым. 6. Жиналыста біздің тобымыздың тәртібі қаралды. 7. Қонақтар диванда отырып, әңгімелесті. 8. Мен оған үйіне хат жазғыздым. 9. Ол өзіне әдемі көйлек тіккізді. 10. Екінші курс студенттері университетке жиналды.

8-тапсырма. Төмендегі сөздерден өздік, ырықсыз, өзгелік етіс жасаңдар: көр, жаз, қос, бер, ойла, қозға, айт, тоқта, сайла, отыр.

9-тапсырма. Сөйлемдерден етістерді тауып, оларды түріне қарай ажыратыңдар:

1. Ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді.

2. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өсуі нәтижесінде халықаралық экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды, ол әлемдегі барлық мемлекеттердің оған мүдделілігін туғызды.

3. Әр ел өзінің ұлттық валютасын есеп жасасу үшін пайдаланады.

4. Несие нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқарады.

ОСӨЖ

9. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.

Мәтінді мазмұндап, аударыңыздар.

Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi. Мемлекет өзiнiң мемлекеттiк банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттiк банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы. Банктер өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi шектеу, сыйақы ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.

Сөздерді есімізге сақтаймыз:

реттеу – регулировать

қадағалау – надзирать, наблюдать

құрылтайшы – учредительный

жәрдем – помощь

одақ – союз

шектеу – ограничение

атауы – наименование

СӨЖ 9. Жеке еңбек шартының үлгісін жасау.