Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Т__ж рибел к саба__тар.doc Каржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Тоғызыншы сабақ.

Лексикалық тақырып: Мемлекеттік қаржылық бақылау

Грамматикалық тақырып: Етістіктің райлары. Етістер.

Мемлекеттiк қаржылық бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептiлiк жүргiзу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаны пайдалану бөлiгiндегi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексеру.

Сыртқы бақылау - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау.

Ішкi бақылау - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылау.

Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi - бюджет процесiне қатысушылар, мемлекет қатысатын субъектiлер, бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.

Қаржылық есептiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау. Тиiмдiлiктi бақылау - бюджеттiк бағдарламаны iске асыру, байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн пайдалану аяқталғаннан кейiн iс-шаралардың орындалу мерзiмiн және күтiлетiн нәтижелерге, индикаторларға қол жеткiзу дәрежесiн үнемдiлiк пен өнiмдiлiктi бағалауды қолдана отырып тексеру. Тиiмдiлiктi бақылау тиiстi iс-шараларды iске асыру аяқталғаннан кейiн жүргізіледi, олардан кейiн салынған қаражаттан нәтижелер алу мерзiмi басталады. Нәтижелiлiктi бақылау - бюджеттiк бағдарламаның паспортында белгiленген, күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзiлуiн тексеру. Орындылығын бақылау - бюджеттiк бағдарламаның паспортында белгiленген мақсатқа және индикаторларға қол жеткiзiлуiн тексеру. Негiздiлiгiн (құқыққа сыйымдылығын) бақылау - бюджет қаражатының бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген iс-шараларды iске асыруға, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң пайдаланылғанын тексеру.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары.

Ішкі бақылау қызметі – мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының республикалық және жергілікті бөджеттерді атқаруына, мемлекеттің байланысты гранттарының, активтерінің, мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бөлімшесі.

Сөздік

заңға сәйкес – в соответствии с законом

қаржылық – финансовый

сыртқы – внешний

ішкі – внутренний

жеке тұлға – частное лицо

заңды тұлға – юридическое лицо

есептілік – отчетность

тиімділік – эффективность

нәтижелілік – результативность

сыйымдылық - совместимость

уәкілетті – уполномоченный

құзырет – компетентность