Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Т__ж рибел к саба__тар.doc Каржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394.75 Кб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын анықта.

1. Валюта, …

2. Борышкер, …

3. Деректер, …

4. Маңызды, …

5. Жәрдем беруші, …

3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Халықаралық валюталық қаржы операциялары … … .

2. АҚШ жетекшілігіндегі доллар аймағы … … .

3. Валюта үстемдігін орнату … … .

4. Банкроттыққа ұшыраған фирмалар … .

5. Банкирлер өз қызметтерін … … .

6. Банк құпиясы үнемі … … … .

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ресей ақшасы қалай аталады?

2. Борышкер қай уақытта банкрот болады?

3. Ерікті банкрот дегеніміз не?

4. Ықтиярсыз банкрот қалай жасалады?

5. Борышкер қай уақытта қудаланады?

5-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрылысына қарай талдаңыз.

1. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қарапайым нәрседен-ақ бастау керек. Алдымен темірдей тәртіп пен айқын логика керек.

2. Бизнесті сезіне білу табиғи дарындылықпен бірге асқан төзімділік пен еңбекқорлықты қажет етеді.

3. Өнімді нашар алған диқан ендігі жылы тұқым сеппей қойса, арғы жылы өнім алуы тіптен қиындайды.

4. Ештеңеге тәуекел ете алмаған адам ештеңе ұта алмайды.

5. Бизнеске біліктілік, адами мәдениеттілік қажет.

6. Маңдай терімен табыс табуға ұмтылмайтындардан аулақ жүр.

6-тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Открывает счет, выдает кредит, банковская система двухуровневая, национальный банк, валютная политика, банк дает гарантию, получить кредить, долгосрочный кредит.

7-тапсырма. Банк туралы хабарлама мына ақпараттардың бiрлiгiнен тұрады, осы сөздердi пайдаланып сөйлеңiз (сообщение о банке обычно содержит следующие единицы информации):

1. Банктiң аты, оның статусы.

2. Құрылған күнi (дата учреждения) қызметтi бастауы (начала действия).

3. Банктiң құрылтайшылары (учредители банка)

4. Банктiк қызметтiң негiзгi көрсеткiштерi (жарғылық қоры, актив суммасы және басқа) (основные показатели банковской деятельности).

5. Филиалдары, бөлiмшелерi туралы.

6. Банктiң клиенттерi.

7. Лицензиялары туралы.

8. Басқа банктермен корреспонденттiк қатынасы.

Соөж. 8. Банк қызметіндегі тәуекелділік және банк ісіндегі бәсеке

Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз

Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалған қаржылық активтермен байланысты.

Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.

Несие тәуекелдік – қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындаумен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.

Ол қарыздар портфелінің сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш түрге бөлуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелдігі, шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі займдар бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.

Қиянатшылық жасау – 1991-1993 жж. біздің республикамызда банктің үмітсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі.

Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер – дамушы елдердің қарыз алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70- жылдары анықталды.

Ішкі займдар бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлем қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты туындайды.

Өтімділік тәуекелдігі. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі және сыртқы.

Ішкі өтімділік – инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылытын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы өағаздары – 1,3,6,9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.

Сыртқы өтімділік, оның өтімді қаражат қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолдан-қолға ауыспалы салым сертификаттарын т.б сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігі – бұл пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуларының салдарынан мүмкін болатын зияндар.

Пайыз тәуекелділігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады.

-пайыз тәуекелділігін сақтандыру – несиелік тәуекелдіктен сақтанусияқты тәуекелдікті толығымен сақтандыру ұйыма беруді білдіреді;

-өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен несие беру – банкке шарт өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді;

-мерзімді келісімдер – банк пен қарыз алушының арасында арнайы форвард келісімін жасау, яғни қарызды келісілгенмерзімде белгілі бір сомадан және белгіленген мерзімге беру туралы келісім жасаумен байланысты тәуекелден қорғану әдісі;

-пайыздық фючерстік (болашақ) контартілер. Олар пайыз мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді контартілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты (қарыз немесе депозитті)белгілі бір мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады;

-пайыздық опциондар – опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз белгілі бір күн жеткенге дейін сатып алуға немесе сатуға құқық беретін келісімді білдіреді;

-пайыздық своптар – бұл белгілі бір соммаға, бірақ әр түрлі шартпен жасалатын несиелік міндеттеме бойынша пайыздық төлемдердің айырбасын түсіндіреді.

Валюталық тәуекелдік – ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгермесімен байланысты валюталық (бағамдық) зиян шегу қаупі.

СӨЖ. 8. Келісімшарт.