
- •Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
- •Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
- •Екінші сабақ.
- •Соөж. 2. Қоғамдық тауарлар.
- •Үшінші сабақ.
- •Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары
- •Соөж. 3. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)
- •Соөж. 4. Ақшаң болса… Өз ойыңызды білдірініз.
- •Бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Осөж 5. Қаржы нарығының құрылымы
- •Алтыншы сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Жетінші сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Сөж. 7. Банктi таныстыру (презентация банка)
- •Сегізінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 8. Банк қызметіндегі тәуекелділік және банк ісіндегі бәсеке
- •Тоғызыншы сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •9. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.
- •Оныншы сабақ.
- •Сөж. 10. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Он бірінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 11. Салықтардың қызметтері.
- •Он екінші сабақ.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Соөж. 12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
- •Он үшінші сабақ
- •Жұмыссыздық түрлері.
- •Соөж. 13. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
- •Он төртінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •14. Үй шаруашылығының қаржысы
- •Он бесінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?
№ 7 қосымша
Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары Бірінші сабақ.
Лексикалық тақырып: Қаржы ұғымы
Грамматикалық тақырып: Сөйлем түрлері. Жай сөйлем.
Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
«Қаражат (фр. finance с лат. financis-қолдағы табыс)-барлық бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және жекелеген қызметкерлер үшін міндетті түрдегі ақшалай құралдарды пайдаланумен байланысты іс-әрекет тәртібі. Ол қаражат жоспарының дәлме-дәл орындалуын, мемлекеттік бюджеткемтөлемді дер кезеңде және толығымен енгізуді, бюджетке бөлінген қаржыны белгілі мақсатпен және ұтымды жұмсауды, қысқа және ұзақ мерзімдегі банк несиесін өтеуді, жалақы қорының экономикалық ынталандыру қорының министрліктер және ведомстволар қорының және артық қорының қалыптасуы мен пайдалануының нормалары және нормативтерін сақтауды, қорлардың негізгі іс-әрекетін және құрылыстын негізгі қаражатын қатал шектеуді, жеке айналыс құралдарын сақтауды қамтамасыз етуді және т.с.с қамтиды.
Қайсы бір ел болсын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономиканың бастапқы буынынң қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне шаруашылықтың әр түрлі типтерінің (бірлестіктер, концерндер, ассоциациялар т.б.), сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты аталмыш қаржы жүйесі өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып та бөлінеді.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқаруы үшін қажетті ақша қорларының жүйесі.
Экономиканың бастапқы буындарының қаржылары - бұл кәсіпорынның өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа да қызметтер негізінде алатын табыстарынан құралатын ақша қорлары.
Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз (несие), валюта және капитал нарықтарынан құралады.
Сөздерді есімізге сақтаймыз:
Қорлар – фонд, запасы
Айналым-оборот
Қаражат-средства
Сипат-характерно,
Нысаналы-прицельный, целеустремленный
қаржы – финансы
кәсіпорын – предприятие
мекеме – учреждение
өндірістік – производственный
жүйе – система
әр түрлі – разный, различный
бірлестік – объединение
қоғамдық – общественный
сала – отрасль, сфера
қор – фонд, запас
қарыз – долг, ссуда
несие – кредит
жұмылдыру – мобилизация
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
2-тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырып, мазмұндауға дағдыланыңыздар.
3-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз:
құнды қағаз – оборотные средства
бәсеке – результат
айналым қаражаттары – производственный
нәтиже – собственность
тиімді – конкуренция
меншік – эффективный
өндірістік – регулирование
өнеркәсіптік – ценные бумаги
реттеу – промышленный
4 – тапсырма. Шашылған сөздерден сөйлем құраңыз.
1. Экономика, өнері, басқару, үй шаруашылығын.
2. Бәсеке, жақсы, озу сайысы, өнім сайысы, бір-бірінен, жарыс, өзара.
3. Салықтар, адамдардан, төлемі, кәсіпорындардан, үкіметтің, дегеніміз, алынған.
5 – тапсырма. Сұраулы сөйлемді қатыстыра отырып, Қаржы ұғымына қатысты сұрақ-жауап түрінде сөйлесіңдер.
6 – тапсырма. Қазақстанның қаржы саласы қалай дамып жатыр?
Диалог құрастырып, сөйлесіңіз.
7 - тапсырма. Текстегі сұраулы сөйлемдерді жасалу жолына қарай ажыратыңыз.
8 - тапсырма. Ауызша мәтінге байланысты төрт сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.
9 – тапсырма. Мәтіннен жай сөйлемдерді тауып, синтаксистік талдау жасаңдар.
10-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз:
құнды қағаз – бәсеке – айналым қаражаттары– нәтиже – тиімді – меншік – өндірістік – өнеркәсіптік – реттеу – |
оборотные средства результат производственный собственность конкуренция эффективный регулирование ценные бумаги промышленный |
ОСӨЖ
1. Финансовыйконтроль за составлением и исполнением
баланса доходов и расходов.
Мәтінді сөздікті қолданып аударыңыздар.
Финансовые работники объединений, предприятий осуществяют контроль в процессе финансового планирования и исполнения баланса доходов и расходов. Вышестоящие организации, финансовые и кредитные органы проверяют экономическую обаснованность финансовых и кредитных планов и составление их оьъединениями, предприятиями на начало планируемого года с целью обеспечения увязки производственных и финансовых показателей, устойчивости финансового положения.
Выполнение баланса доходов контролируется при рассмотрении и анализе бухгалтерского баланса, данных текущей отчетности и планов хозяйственно-финансовой деятельностей объединений, предприятий. Этот контроль должен быть всесторонним, охватывать не только финансовые но и производственные показатели. При анализе финансовой дейтельности объединения, предприятия выявляются их платежеспособность, состояние дебиторско-кредиторской задолженности, выясняются причины возникновения просроченной задолженности поставщикам, госбанку по ссудам.
Сөздік
объединение-бірлестік исполнение- орындау орган-ұйым контроль-бақылау |
охватывать-қамту состояние-жағдай причина-себеп устойчивость-тұрақтылық |
СӨЖ Қаржы саясаты
Мәтінді мазмұндап, аударыңыздар.
Қаржы саясаты – мемлекеттің өз міндеттері мен қызметтің қаржы саласында іске асыру үшін жүргізетін нысаналы іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты – экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.
Жалпы алғандағы экономикалық саясат сияқты, мемлекет қаржы саясатын да экономикалық заңдардың, қоғамның, экономикалық өмірдің құбылыстары мен процестері ұдайы қайталанып отыратын, объективті байланыстары мен өзара тәуелділіктерінің талаптарын басшылыққа алып әзірлейді.
Қаржыландыру – халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа және басқа қажеттерге жұмсалатын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; кәсіпорындардың, бірлестіктердің меншікті қаражаты, мемлекеттік бюджеттен және басқа есебінен жүзеге асырылады.
Экономикалық категория ретінде қаржы экономикалық заңдардың (құн заңы, сұраным мен ұсыныс заңы, тұтынудың арту заңы, өндірістік қатынастардың өндірістік күштердің сипаты мен даму деңгейне сәйкестілігі заңы, уақыт үнемдеу заңы) іс-қимылына негізделеді.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Дұрыс тұжырымдалған саясат, дұрыс жолға қойылып, үйлесімді жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Бұған керсінше болуы да мүмкін: егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың ықпалын толық ескермесе, тіпті, қайшы келсе, онда тиісті қаржы механизмі халық шаруашылығының, саланың, аймақтың және т.б. өндірістік мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды.