Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 — экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.06 Кб
Скачать

19.Ботаникалық факторды қалай түсінесіз? Минимум заңына анықтама

Ботаникалық фактор- даралар мен пуляциялар арасындағы өзара жерлердің түрлері. Ботаникалық фактордың екі тобы түрішілік және түраралық(әр түрлі).

Минимум заңы.Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады

20.Популяцияға анықтама беріңіз және оның түрлері?

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның «попилус - «халық, топ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л. Иогенсен қолданды. популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге беімделген. Мәселен кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең тараған.

Географиялық популяциялар - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-құлқы және басқа да қасиеттері ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін.

21.Жергілікті популяцияны қалай түсінесіз? Экология пәні нені зерттейді?

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.Олардың құрамына генетикалық жағынан біртекті дербестер кіреді.Түрдің бөлшектенген кезінде пайда болатын элементарлық популяцтялардың саны өмір сүру ортасының әрекеттілігіне байланысты болады:неғұрлым орта біртекті болған сайын, элементарлық популяциялар азая түседі ж-е керсінше.Элементарлық популяциялардың арасында әр уақытта да генетикалық өзгешеліктері,фенологиялық ерекшеліктері, қоректік заттарды жинақтау қабілеті, зат алмасудың қарқындылығы, өзін-өзі ұстау мінезі түрінде көрінетін айырмашылықтары болады н-е әрбір элементарлы популяция морфофизиологиялық ж-е этиологиялық арнайы қасиеттерге ие,олардың арасындағы айырмашылықтары генетикалық өзінідік ерекшеліктермен ж-е өмір сүру ортасымен анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]