Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 — экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.06 Кб
Скачать

4.Экология ғылымының құрылымы

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.

1.Аутэкология  - особьтар экологиясы.

Аутэкология  бір түрдің  өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Қоршаған орта факторларына :

а.) Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.)  Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің  әсерлері.

2.  Демэкология - популяциялық экология.

Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.

            Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы  мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3.  Синэкология  - қауымдастық экологиясы.

Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы.

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

5. Экологиялық бөлімдер (түрлерін атап өтіңіз және біреуіне сипаттама беріңіз)

4-5

6.Экожүйе терминді қай жылы, кім ұсынған.Бұл ғылым нені зерттейді.

Экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихиқалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымынэнергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелердіқаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]