
- •1.Экология нені зерттейтін ғылым және атмосфера
- •2.Экология ғылымының мақсаты
- •3.Экологияның даму концепциясы неше кезеңнен тұрады, атап өтіңіз.
- •4.Экология ғылымының құрылымы
- •5. Экологиялық бөлімдер (түрлерін атап өтіңіз және біреуіне сипаттама беріңіз)
- •6.Экожүйе терминді қай жылы, кім ұсынған.Бұл ғылым нені зерттейді.
- •7.Биогеоценоз терминін қалай түсінесіз? Биомдарға қандай экожүйелер кіреді?
- •8.Жер ғаламшарының сфералары қанша? (біреуіне анықтама беріңіз)
- •9.Атмосфера қандай жолмен ластанады және біреуіне анықтама беріңіз.
- •10.Аутэкология терминиін қалай түсінесіз? Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?
- •11.Экологиялық фактор дегеніміз не, және олар қанша топқа бөлінеді? (біреуіне анықтама беріңіз)
- •12.Экологиялық валентілікті қалай түсінесіз? Экология нені зерттейтін ғылым.
- •13.Адаптация (бейімдеушілік) дегенді қалай түсінесіз және анықтама беріңіз?
- •19.Ботаникалық факторды қалай түсінесіз? Минимум заңына анықтама
- •20.Популяцияға анықтама беріңіз және оның түрлері?
- •21.Жергілікті популяцияны қалай түсінесіз? Экология пәні нені зерттейді?
- •22.Экологиялық популяцияны қалай түсінесіз? Оптимум заңына анықтама.
1.Экология нені зерттейтін ғылым және атмосфера
Экология-тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі міндеті — популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.
Атмосфера[1] (гр. ατμός — «ауа» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.
Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен,аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.
2.Экология ғылымының мақсаты
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
3.Экологияның даму концепциясы неше кезеңнен тұрады, атап өтіңіз.
Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.),Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.
Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин(1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты.
Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдарыК.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.
XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.
Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.
Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.