Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тимсс.тест 4-с,тест тапсырмалары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.19 Mб
Скачать

Математикадан тест тапсырмалары

I нұсқа

1. Санды өрнектің мәнін тап: (21136+43482):2-17341

А) 14967 Ә) 14699 Б) 14968

2. Дұрыс пікірді ата.

- Егер фигура үшбұрыш болмаса, онда ол ақ түсті.

- Егер фигура шеңбер де, үшбұрыш та болмаса, онда ол ақ түсті.

- Егер фигура көгілдір түсті болмаса және ол үшбұрышқа жаттса, онда ол - шаршы.

- Егер фигура қызыл сары түсті болмаса, онда ол шеңбер емес.

Сурет бойынша өзіңнің дүрыс және бұрыс пікіріңді жаз.

Жауабы:____________________________________________________________________

  1. Өрнектің мәнін тап: (204293-203321)+58:2

а)1000

ә)1001

б) 1002

  1. Ұшақ 3 минутта30км ұшты. Егер ол жылдамдығын минутына 5 км

аттырса, 40 минутта қандай қашықтыққа жетеді?

а)400км

ә)500км

б)600км

  1. Қарындаш қорабының көлемін тап.

Жауабы: V-648________________________________

6. Ересек адамның массасы қанша болуы мүмкін?

а) 1 кг

ә) 6кг

б) 60кг

7. Бағбан көгал егу үшін 4,45 кг шөп тұқымын және 2,735 кг беде тұқымын

араластырды. Ол барлығы неше кг тұқым алды?

Жауабы: 7.185___________________

  1. Қай суретте дөңгелектің жартысы қарамен боялған?

Жауабы: 3-суретте

  1. Суретте түрлі геометриялық фигураларды көресің: шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш және үшбұрыш. Мысалы: Күн- шеңберге ұқсас.

Суреттен осындай үш затты тап та, қандай геометриялық фигураға ұқсайтынын жаз.

Жауабы: Шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш

  1. Бөлменің ауданы 75 см2 Ұзындығы 15 см.Бөлменің енін тап.

а) 60 см.

ә) 5 м

б) 1125 м

11. Қағаз текшенің бір бұрышы қиып алынды. Осы текшеге қай жазба сәйкес келеді?

12. х-тің мәнін тап

Жауабы: Х=16, х=10

13. Ең кішкентай құс – колибрдің салмағы 2 г,ал ең ірі құс – түйеқұстың салмағы 120 кг. Колибрдің салмағы түйеқұстың салмағынан неше есе кем?

а)60000 есе кем

ә)6000 есе кем

б)600 есе кем

14.Фигураның және боялған бөлігінің ауданын тап.

Жауабы: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________

15. Тұрмыстық техника сатып алу үшін отбасы қорынан 50 000 теңге бөлінді. Бүл сомаға қандай тұрмыстық заттар сатып алуға болады? МҮМКІН нұсқаларды карастыр.

Жауабы: 2,4,6 заттарды

16. Жаяу адамның жылдамдығы 5км/сағ. 3 сағатта жаяу адам неше км жол жүреді?

А) 2 км Ә) 18 км Б) 15 км

17. Өзеннің тар жерінде бір теплоход сыятын қойнау бар. Суретте дөңгелектермен бейнеленген теплоходтардың екеуі бір бағытта, ал екеуі қарама-қарсы бағытта келе жатыр. Теплоходтар қойнаудан бір-біріне соқтығыспай өте ала ма?

Жауабы:____________________________________________

18. Фигура неше бөлікке бөлінген? Әр фигураның бір бөлігі (үлесі) қалай аталады? Фигуранын қандай бөлігі боялған?

Жауабы: 7,1...., 12,7....., 12,9..., 9,4....., 10,3....8,4 ___________________________________________________________

19. 584:7 бөлу амалын орында және қалдығын көрсет:

А) 80,4 қалдық

Ә) 83,3 қалдық

Б) 83,0 қалдық

20. Көк, қызыл және жасыл түсті стақандарда қарындаштар, фломастерлер және қаламдар бар. Көк стақанда қалам да, қарындаштар да емес. Егер жасыл стақанда қарындаштар болмаса, онда олар қайда?

Жауабы: Көкте- фломастерлер, Жасылда-қаламдар, Қызылда-қарындаштар ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Математика

  1. Қай суретте дөңгелектердің жартысы қарамен боялған?

А В С D

2. Қорапта 600 шар бар, оның бөлігі қызыл түсті. Қорапта қанша қызыл шар бар?

Жауабы: қызыл шар.

3.Ұзындығы 204 см жіпті 4 тең бөлікке бөлді. Қай өрнектің көмегімен әр бөліктің ұзындығын табуға болады?

А) 204 + 4

B) 204 x 4

C) 204 - 4

D) 204 : 4

4. Таблицада кинотеатрадағы мультфильмдердің көрсетілу уақыты көрсетілген.

Мультфильмдердің көрсетілуі

Көрсетілімнің басталу уақыты

Бірінші көрсетілім

Екінші көрсетілім

Үшінші көрстеілім

Төртінші көрсетілім

14 сағ

15сағ 30 мин

17 сағ

?

Егер мультфилмдердің көрсетілу ретін жалғастырса, онда төртінші көрсетілім қай уақытта басталады?

А) 17 сағ 30 мин

B) 18 сағ

C) 18 сағ 30 мин

D) 19 сағ

5. Талғат оқитын сыныпта қыздардың саны ұлдардан 2 есе артық. Сыныпта 8 ер бала бар.Сыныпта барлығы қанша ұл мен қыз бар?

А) 12

B) 16

C) 20

D) 24

6. Сандар заңдылығы жазылған

100, 1, 99, 2, 98, , ,

Әйнекшеге қаңдай үш санды жазуға болады?

А) 3, 97, 4

B) 4, 97, 5

C) 97, 3, 96

D) 97, 4, 96

7. Суретте тіктөртбұрыш берілген. Ұзындығы 6 см, ені 4 см.

6 см

4 см

Қай өрнек осы тіктөрбұрыштың периметрін табуға арналған?

А) 6 + 4

B) 6 х 4

C) 6 х 4 х 2

D) 6 + 4 + 6 +4

8. Сен дәмханаға келдің. Бірақ ас мәзіріне баға жазылмаған. Оларды сен өзің есептеп шығаруыңа тура келеді.

Біздің білетініміз:

  • Балмұздақ 57 теңге тұрады.

  • 3 тоқаштың бағасы балмұздақтың бағасымен бірдей.

  • Бір стакан өрік шырыны тоқаштан 30 теңге қымбат.

  • Сүт коктейльдің құны 1 стакан өрік шырыны мен тоқаштың бағасымен бірдей.

  • Кекстің бағасы балмұздақ пен тоқаштың бағасынан 2 есе кем.

9. Сатушыда 50 алма болды. Ол алманың біраз бөлігін сатқан соң, оның 20 алмасы қалды.

Қай өрнек есептің шешуі болады.

А) - 20 = 50

B) 20 - = 50

C) - 50 = 20

D) 50 - = 20

10. Аулада тауықтар мен қозылар жүр. Олардың бәрін бірге қосқанда 5 бас пен 14 аяқ болды. Сонда аулада неше тауық неше қозы жүр?

11. Суретті мұқият қара.

Үшбұрыш қанша? Төртбұрыш ше?

А. 8 үшбұрыш, 3 төртбұрыш В. 6 үшбұрыш, 2 төртбұрыш С. 12 үшбұрыш, 7 төртбұрыш Д. 10 үшбұрыш, 4 төртбұрыш

12. Түсініп оқы. Ойланып, тапсырманың шешуін тап, сызып көрсет.

Бағбан қарт 12 түп алма ағашын өсірді. Ағаш мол өнім берді. Бір күні қарт дүниеден өтті. Оның баласы алма бағын сатты. Сатып алушылар бақты тең бөліп беруді талап етті. Жігіт алма бақты қалай тең төртке бөліп берді?

13. Шаршының торкөздерінде 1, 15, 20 сандары қойылған. Енді сен бос орындарға 2, 3, 4, 5, 6, 8 цифрларын қой. Олардың тігінен және әр жолдағы сандардың көбейтіндісі 120 болу керек.

20

1

15

14. Әміре 15 шілдеден 7 тамызға дейін ауылда болды. Әміре ауылда неше күн болды?

А. 22 күн В. 24 күн С. 25 күн Д. 21 күн

15. Берілген цифрлардан мәні 100-ге тең болатын өрнек құрастыр.

1 1 1 1 1=100

3 3 3 3 3=100

5 5 5 5 5=100

16. Айдос дәптеріне 5 сурет, ал Айгүл өзінің дәптеріне 7 сурет салды. Олар неше дәптерге сурет салды? А. 12 дәптерге В. 1 дәптерге С. 2 дәптерге Д. 8 дәптерге

17. Нәтиже 100 болатындай, 5555 цифрларының арасына жақшалар мен амалдар таңбасын қой. 18. Ұшақ Оралдан Ақтөбеге дейін 1 сағат 20 минут, ал кері қайтарда 80 минут ұшқан. Ол қалай?

19. Шортанның ұзындығы 20 см, ал акуланың ұзындығы- 20 м. Акула шортаннан неше есе үлкен? А. 10 есе үлкен В. 200 есе үлкен С. 20 есе үлкен Д. 100 есе үлкен

20. Баланың бір адымы 50 см болса, 1 км жерді жүру үшін неше қадам жасайды? А. 1000 қадам жасайды. В. 20 қадам жасайды. С. 2000 қадам жасайды. Д. 100 қадам жасайды.

Дүниетану

1. Ең ыстық аспан денесі қайсысы?

А) Жер

B) Марс

C) Ай

D) Күн

2. Қандай жануар тек қана өсімдікпен қоректенеді?

А) мысық

B) ит

C) арыстан

D) қоян

3. Арман шәйнек пен табаның неге мыстан жасалатыны туралы түсіндірді. Мына түсіндірулердің қайсысы дұрыс?

А) Мыс жылуды жақсы өткізеді

B) Мыс тез ериді

C) Мысты қалыпқа келтіру қиын.

D) Мыс ыстық суда ериді

4. Барлық металлдар туралы қандай тұжырым дұрыс?

А) Барлық металлдар суға батпайды

B) Барлық металлдар жылу өткізеді

C) Барлық металлдар магнитке тартылады

D) Барлық металлдар үй температурасында қатты болады.

5. Сен сабын көпіршіктерін шығарғанда, оның ішінде не болады?

А) ауа

B) сабын

C) су

D) ештеңе

6. Табиғат құбылыстарына не жатады?

А) минералды тұздар, жел, күннің шатырлауы

B) жапырақтың түсуі, доп, найзағай

C) қар, жануарлардың түлеуі, дәрумендер

D) жауын, найзағай, кемпірқосақ

7. Су қай кезде буланады?

А) ауа температурасы жоғары көтерілгенде

B) ауа салқындағанда

C) жауын - шашыннан

D) ауаға жанасқан кезде

8. Кен орыны:

А) тау жыныстарының қосындысы

B) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

C) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері

D) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері

9. Бұршақтың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

А) жауын - шашыннан

B) мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып, үлкейгендіктен

C) күн жылынғанда

D) ауа температурасы жоғары көтерілгенде

10. Топырақ деп... атайды.

А) жер бедерінің беткі құнарлы қабатын

B) жердің жануарлар ін қазатын қабатын

C) өсімдік тамырларының шырмалуын

D) жеміс беретін ағаштар мен бұталардың молдығын

11. Сағат 23-те жаңбыр жауды. 48 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе? Жауабыңды дәлелде.

12. Ол дүние жүзіндегі ең үлкен хайуан, суда тіршілік еткенімен, балық емес. Енесі балаларын сүтпен қоректендіреді. Сондай-ақ олар барлық аңдар сияқты ауамен дем алады. Ол қай аң? А. акула В. кит С. дельфин Д. ақ аю

13. Секіре алмайтын жануар. А. Піл В. Аю Д. Түйе С. Бұғы

14. Дәндері сыртында орналасқан жидекті ата. А. қарақат В. құлпынай С. бүлдірген Д. қойбүлдірген

15. Бас бармақ пен сұқ саусақты ашқандағы аралық, яғни 15-18 сантиметр мөлшеріндегі аралық қазақы өлшеммен қалай аталады? А. бір тұтам В. сынық сүйем С. Бір қарыс Д. бір сүйем

16. Тұщы су жер бетіндегі су қорының қанша пайызын құрайды? А. 98 % В. 2 % С. 1,5% Д. 0, 15%

17. Жел табиғатта орасан зор жұмыс атқарады. Егер жел болмаса.... Желдің маңызы туралы жаз. ............................................................................................................................................... ............................................................................................................................................... ............................................................................................................................................... ...............................................................................................................................................

18. Тас қараңғы үңгірде тіршілік ететін мақұлық. Олар орман мен ауыл шаруашылығы зиянкестерін жеп жояды. Ауылшаруашылығы үшін өте пайдалы. Олар күндіз үйдің шатырында, үңгірлерде, ағаш қуыстарында тығылып жатады да, түнде шығады. Мәтін не туралы? А. үкі В. қарға С. шегіртке Д. жарқанат

19. Адамда неше жұп қабырға болады? А. 14 жұп В. 32 жұп С. 12 жұп Д. 10 жұп

20. Жүрек ауруын емдейтін дәрігерді қандай маман дейді? А. терапевт В. педиатр С. психолог Д. Кардиолог