Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-10_variant_ekzamen_khirurgia-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
267.58 Кб
Скачать

8. Жіті синуситтер. Этиология. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп көрсетіңіз. Диагностика әдістерін тізіп көрсетіңіздер. Емінің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіздер.

тұмау, жедел катаральды инфекциялық аурудың асқынысынан болатын мұрын қойнауының қабынуы.Этиология:кариозды тістер, тұмау, аллергиялық ринит, жедел респираторлы вирусты инфекция, мұрын жарақаттары Клиникасы:38 гр дейін дене температурасының жоғарылауы, мұрын аймағында ауырлық сезімі, мұрын бітелуі(бир н/е 2 жағынан мұрын шырышының ісігі, насморк,әлсіздік, тәбетінің, ұйқының бұзылысы.

Диагнос: клиникалық зерттеу, қарау, мұрын қойнауының рентгенографиясы, бас қаңқасының беттік бөлімінің комп томографиясы.

Емі:1)консервативті

2)хирургиялық 1.консервативті ем: тамыр тарылтатын препараттар:нафазолин, ксилометазолин,оксиметазолин.антибактериальды, қабынуға қарсы тамшылар. Мұрынды антисептикпен шаю (фурациллин, натрия гипохлорит).физиопроцедура, мұрын қуысын УФО,УВЧ. 2. Хирургиялық ем: Пункция.қойнаудан іріңді алып, шаю үшін жасалынады.Бұдан кейін антибиотик және қабынуға қарсы препараттарды енгізеді.Қазіргі кезде қойнауға прокол жасалғаннан кейін арнайы катетер койылып,қойнауды күнделікті шаюға мүмкіндік береді.

9.Блефариттер. Этиопатогенезі. . Емінің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіздер. Алдын алу.

.қабақ шетінің қабынуы. Жай,қабыршақтанған, жаралы, мейбомды, демодикозды және ангулярлы формалары бар. Себептері: нашар сан.гигиеналық жағдай, ағзаның токсика аллергиялық жағдайы, инф.аурулардан кейінгі әлсіреу, АІЖ созылмалы патологиясы, глисталармен туындаған инвазия және саңырауқұлақтық зақымдалу, жас жолдары аурулары, анемия, авитаминоз, диабет, коррекцияланбаған рефракциянң аномалиясы, соз-лы конъюнктивиттер, рефракция бұзылыстары,паразитарлы аурулар,эндокринді бұзылыстар,медикаменттерді қолдану, жаман әдеттер,стресс,демодекс кенесі, т.б.Конъюнктива қуысында микробты флора орналасады.Ол белгілі бір фактор әсерінен қозып, кірпіктің түкті қапшығына,шеміршек және тер бездеріне енеді.Содан ол аутоиммунды сенсибилизация фонында қабынуға әкеледі. Диагностика:биомикросккопия,бактериологиялық зерттеу,ракқа күдік болса қабақ биопсиясы.Клиникасы:көзден көбікті бөлінділер,ауырлық сезім, ашу, қабақ қышуы, көздің тез шаршауы, жас ағу, гиперемия, мейбом безінде секрет көбеюі.

Емі.Этиотропты(блефарогель,демалан); жергілікті (қабынуды басып,антисептикалық еріт-фурациллин 1:5000,сосын кептіріп, спиртпен майсыздандырады,антибиотикті маздер жағады.Конъюнктива қуысына новокаин,сулфацил-натрий,амидопирин еріт.тамызып, қабақтың шеттеріне 1% тетрациклин мазін жағады.).Қабынуға қарсы тобрадекс, макситрол,гидрокортизон; витаминотерапия,физиотерапия, жалпы жағдайды жақсартатын ем түрі,қабақтарға массаж жасау тағайындалады.

Алдын алу. гигиена ережелерін сақтау(науқастың жеке орамал түрлері,жастығы болуы керек),сапасыз косметиканы қолданбау, көзді кір қолдармен ұстауға болмайды.

10.Пиелонефриттердің жіктемесі. Пиелонефрит – бактериялармен, әсіресе ішек таяқшасымен шақырылатын тостағанша-түбекше жүйесі мен бүйрек паренхимасының қабынуы. Ол интоксикациямен өтетін ауыр инфекциялық ауру.

Пиелонефрит жіктеледі:

І. Локализациясы бойынша: 1) бір жақты; 2) екі жақты;

ІІ. Туындауы бойынша : 1) біріншілік (асқынбаған), 2) екіншілік(асқынған) – бұрыннан бар урологиялық патологияның немесе гемодинамика бұзылысының фонында туындайды.

ІІІ. Инфекциялық агенттің енуі бойынша: 1) гематогенді; 2) өрлеуші: 2а – несепағар қуысы арқылы; 2б – несепағар қабырғасы арқылы; 3) лимфогенді

IV. Несепшығару жолдарының өткізгіштігі бойынша: 1) обструктивті; 2) обструктивті емес

V. Морфологиялық белгілері бойынша: 1) жедел пиелонефриттің өзі:а/ серозды, б/ іріңді, в/некротикалық папилит деп жіктеледі; 2) созылмалы пиелонефрит: минимальды өзгерістермен, строма-клеткалық компонент, тубулостромальды компонент, строма-тамырлы компонент, бүйректің тыртықтануы немесе пионефроз.

VI. Науқастың сипаты бойынша:1) балалық шақ пиелонефриті, 2)жүктілер пиелонефриті,3) қарттық пиелонефрит,4) қант диабеті кезіндегі пиелонефрит.

VII. Қабыну фазасы бойынша:1) активті қабыну фазасы; 2) латентті қабыну фазасы; 3) ремиссия фазасы;

VIII. Бүйректің жағдайы бойынша: 1) апостематозды пиелонефрит; 2) бүйрек карбункулы; бүурек абцессі; 4) бүйрек тыртықтануы; 5) пионефроз.

7 нұсқа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]