- •Ұяң жүнді дегерес қой тұқымының эмбриондарын трансплантациялау барысындағы олардың биологиялық толыққандылығы.
- •1Сұрыптау
- •1.1Аталық және аналық донорларды сұрыптау
- •1.2Рецепиентті сұрыптау
- •1.3 Синхронизация
- •1.3.1 Овуляция нормасы және суперовуляция саны
- •1.4 Эмбрион жуып алу
- •1.4.1 Эмбрионның толыққандылығын аңықтау
- •1.5 Транспланттардың өсіп-жетілуі
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды:
Эмбрион трансплантациялаулау технологиясында жетістіктерге 1983 жылы жетті. Осы жылдың өзінде 3,3мың эмбрион ауыстырылып отырғызылған. Мал шаруашылығы фермерлері мыңға жуық эмбрион жуып сақтап қойған. Дамыған елдердің фермерлері бұл әдістің тиімділгін түсініп, қымбат болса да өздерінің ауыл шаруашылық бағдарларына енгізді. Қазіргі кезде АҚШ-та 80нен астам коммерциялық мекеме құрылған. Осы әдіс бойынша әлемде жыл сайын жүздеген мың сиыр, бірнеше мың қозы алынды.
Эмбриондарды трансплантациялау тәсілін, оларды мұздату әдісімен біріктіру арқылы асыл тұқымды малдардан алынған эмбриондарды сақтауға, сондай-ақ, жойылып бара жатқан тұқымлардың гендік қорын жасауға және кез келген уақытта, қажеттілігіне қарай қайта қалпына келтіріп, өсіруге мүмкіндік береді.
Мен тақырыбы бойынша «Ұяң жүнді дегерес қой тұқымының эмбриондарын трансплантациялау барысындағы олардың биологиялық толыққандылығы» жұмыс жасадым. Трансплантант қозылауды алу үшін 17 кестемен жұмыс жасадық. Жұмыс барысынды аталық және аналық донорларды сұрыптадық; рецепиентті сұрыптадық; синхронизация жұмысын жасадық; Овуляция нормасы және суперовуляция санын аңықтадық; Эмбрионның толыққандылығын аңықтадық.
Тәжірибе барысында ең бірінші екі аталық қошқарға он аналық донорды тірі салмағы және жүн түсілімі бойынша ең жоғарысын сұрыптап алдық. Одан кейін күйге келген күніне байланысты реципиент сұрыптап алдық. Суперовуляция нормасын, дәрежесін, санын және биологиялық толыққандылығын, биоматериал құрамын аңықтау сияқты бірқатар жұмыс жасадық.. Нәтижесінде 40 трансплантант қозы алынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Г.А. Джамалова «Практикум по биотехнологии» Алматы-2004;
Қ. Ш. Нұрғазы «Мал шаруашылығы» Алматы-2012;
Т.С. Садықұлов; Т.К. Бексейітов «Мал шаруашылығы»;
Интернет материалдары www.yandex.kz
