Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кесте.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.13 Кб
Скачать

1.2Рецепиентті сұрыптау

Реципиент дегеніміз биологиядағы бөгде эмбриондарды төл туылғанша өсірілетін жануарлар тобы. Реципиент ретінде генотипі бойынша онша бағалы емес, бірақ физиологиялық көрсеткіштер бойынша дені сау, көбею қабілеттері дұрыс жануарлар. Донор, эмбрион, реципиент және транспланттант әсерлесуін көбейту биологиясында нәтиже алмастырылған эмбриондардың реципиент жатырына имплантацияланып, одан олардан транспланттар тууына байланысты. Аталық малдың күйге келген күніне байланысты реципиенттерді іріктеп аламыз.

Трансплантталған ұрықтарға қатысты аналар болады - биологиялық (ұрғашы-донор) және физиологиялық (ұрғашы-реципиент). Мал шаруашылықта ұрғашы-донорлар генетикалық бағалы ұрықтарды алу үшін керек, ал ұрғашы-реципиенттер енгізілетін ұрықтарға физиологиялық, иммунологиялық, биохимиялық өсу және даму себепкер шарттарына жағдай тудырады (реципиент - табиғи инкубатор).

Аналық реципиенттерді сұрыптау

Этап

Cұрыптауға әсер ететін фактор

Этаптың ерекшелігі

Бір донорға шаққанда

1

Зоотехникалық талаптар

Екінші сортты, көбею қабілеті өте жақсы физиологиялық толық жетілген аналық.

30-50

2

Жыныстық айналым

Аналық донорға жұпталған реципиенттердің жыныстық күйі онымен тең болуы керек.

5-10

3

Эмбриондардың саны

Тек биологиялық толыққанды эмбриондарды тасымалдайды, жатырдың тасымалдауға болатын бір орнына екі эмбрион.

3-5

Ұрғашы-реципиенттердің іріктеу жұмыстары 3 кезеңнен тұрады:

1. Физиологиялық пісіп жеткен ұрғашылырды пайдалану үйірден алып дайындау.

2. Ұрғашыларды (қозу кезеңдері донор-ұрғашылардың қозу кезеңдерімен сәйкес келетін) іріктейді.

3. Донорлардан жуылып алынған биологиялы толық ұрықтардың санына сәйкес керекті реципиенттердің санын алады.

Реципиенттерді сұрыптаудың екінші кезең.

Күйге

келген

күн

08.10

08.10

08.10

08.10

08.10

05.10

05.10

05.10

05.10

05.10

аналық

7006

7007

7008

7009

7010

8003

8004

8006

8007

8008

аталық

8016

8017

8018

8019

8020

7001

7002

7003

7004

7005

аталық

8021

8023

8024

8025

8026

8027

8028

8029

8030

1.3 Синхронизация

Синхронизация- бір топ ұрғашыларға бір уақытта күйіт тудыру үшін горманальды әсер етуді айтамыз. Донорларды және реципиенттердің арасындағы жыныс циклінің синхронизациясын табиғи және жасанды деп екі топқа бөледі:

  1. Табиғи синхронизацияда донордың және реципиенттің жыныс циклі табиғи сәйкес келеді. Осы жағдайда күйітшілер қолданылады. Олар күйітте болған донорларды және реципиенттерді табады;

  2. Жасанды синхронизацияда жыныс циклының синхронизациясында реципиенттерге гормондармен әсер етеді. Әр бір донорға 3–7 реципиеттерді дайындайды.

Синхронизацияны екі әдіспен өткізуге болады:

1) сары денені алып тастау;

2) сары дененің фазасын ұзарту.

Синхронизацияны қоздыру үшін прогестерон салып сары дененің фазасын ұзартады немесе простагландиндерді (энзапрост, лютализ, прозельвин және т.б.) салып сары денені өлтіреді.

Донор және реципиент арасындағы синхронизация прогестаген көмегімен бір неше әдістермен өткізіледі. Әдістердің бірі – сарпайлық пессарийлермен қолдану. Прогестегендерді губкалардың көмегімен сарпайдың ішіне кіргізеді. Осы губкаларды прогестагены бар маймен сіңдіреді (кронолон 30-45 мг қойларға, 50-70 – сиырларға), сарпайға терең кіргізіп, сонда сиырларда 18-20 күнге, қойларда 10-16 күнге қалдырады. Губканы алғаннан кейін ГСЖК инъекциясын жасайды: сиырларға - 750-1500МГ; қойларға – 350-700МГ. Күйіт белгілері сиырлармен қойларда 24-72 сағатта басталады. Биотехнологиялық эксперимент дұрыс өткізілгенде донорда овуляцияның саны бірден туатындарда 6-12, көптен туатындарда 15-30 болу керек.