
- •Ұяң жүнді дегерес қой тұқымының эмбриондарын трансплантациялау барысындағы олардың биологиялық толыққандылығы.
- •1Сұрыптау
- •1.1Аталық және аналық донорларды сұрыптау
- •1.2Рецепиентті сұрыптау
- •1.3 Синхронизация
- •1.3.1 Овуляция нормасы және суперовуляция саны
- •1.4 Эмбрион жуып алу
- •1.4.1 Эмбрионның толыққандылығын аңықтау
- •1.5 Транспланттардың өсіп-жетілуі
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе (Эмбрион трансплантациясы)…………………………
1 Негізгі бөлім (Сұрыптау)……………………………………..
1.1 Аталық және аналық донорларды сұрыптау……………
1.2 Рецепиентті сұрыптау…………………………………….
1.3 Синхронизация…………………………………………….
1.3.1 Овуляция нормасы және суперовуляция саны………….
1.4 Эмбрион жуып алу………………………………………..
1.4.1 Эмбрионның толыққандылығын аңықтау………………
1.5 Транспланттардың өсіп-жетілуі…………………………
Қорытынды…………...…………………………………………
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………..
Кіріспе
Эмбриондарды трансплантациялау ауыл шаруашылық малдарының асыл тұқымдылығын және өнімділік сапасын жоғарлататын әдіс болып саналады. Биотехнологиялық тәсілдер малдардың генетикалық құнды тұқымдарын көбейтуді айтарлықтай тездетуге мүмкіндік туғызады.
Бірінші болып эмбриондарды трансплантациялауды 1890 жылы ағылшын ғалымы В.Хип жүргізді.Ол донор қояннан зиготаны алып, басқа тұқымды реципиент қоянға ауыстырып салды. Ал, 1891жылы орыс ғалымы М.Онолов және 1897жылы қазандық дәрігер В. Груздев тәжіріби жүзінде ұрғашы қояндардың эмбриондарын алып трансплантациялады. Арада біраз жыл өткен соң 1931жылы Хартман өлген сиырдың жұмыртқа жолынан өміршең эмбрионды жұлып алып, басқа малға трансплантациялады.
Трансплантация нәтижесінде туылған әлемдегі бірінші эмбрионды 1951 жылы 8-12бластомерлі және зиготаны 5ауыстырып отырғызғаннан кейін екі бұзауды алды.
Бұл тәсілді қолдану арасында тұқым аралық түр аралық отырғызу арқылы да ұрпақ алуға мүмкіндік болады. Мысалы, ірі қара малдардың Bos Taurus және Bos indious арасында ұрпақтарды отырғызу арқылы қалыпты ұрпақ алынды.
Қазақстанда бірінші болып эмбриондарды трансплантация жұмысын Ф.М. Мухамедгалиев және Р.Т.Абильдиновтар жүргізді. Олар 1964жылындың күзінде қой эмбриондарын ауыстырылып отырғызудың хирургиялық операция тәсілімен меңгеру үшін алдын ала тәжірибе жасаған.Осы мақсатта қазақы биязы жүнді қойлардың 10 эмбрионы қылшық жүнді тұқымды 10саулыққа ауыстырылып отырғызылған, нәтижесінде 2буаз болған. Олардың біреуі әдеттегідей қозы туса, екіншісі төрт жарым айда түсік тастады. 1965жылы күзде 2-ден 7 жасқа дейін қылшықты 15 қойға тәжірибе қайта жасалды. Бес аналықтан ауыстырылып отырғызылған эмбриондардан өсіп дамыған бес қозы туылған.
Қазіргі кезде эмбриондарды трансплантациялаудың екі әдісі бар: хирургиялық және хирургиялық емес.
Хирургиялық әдістің мәні донордан эмбриондарды жуып алу мақсатында құрсақ қуысын жару. Ол үшін қуыстық операцияға тән ветеринариялық-хирургиялық шараларды сақтау қажет: байлап, бекіту, наркоз, ауырсыздандыру, асептика және асептиканы сақтау, операциядан кейінгі ауырсыну жұмыстарын алдын алу жұмыстарын жүргізу. Мұндау топтарды реципиентпен жұмыс істегенде де сақтау керек. Бұл тәсілдің кемшілігі операцияның салдарынан донорды бірнеше рет пайдалану мүмкіндігінің болмауы.
Хирургиялық тәсіл Ресей Федерациясында ірі қара малдардың эмбриондарын бөліп алу және ауыстырып отырғызу үшін қолданылалы.
Ұяң жүнді дегерес қой тұқымының эмбриондарын трансплантациялау барысындағы олардың биологиялық толыққандылығы.
1Сұрыптау
Сұрыптау негізін Филипп Виктуар 1746-1804жылы, оның немересі Луи 1816-1860жылы, шөбересі Анри1843-1899жылы қалаған.
Сұрыптау дегеніміз мал тұқымын асылдандыру болып табылады. Сұрыптау әдісі бойынша мал тұқымын асылдандырумен қатар, санын көбейту, мал өнімін арттыру(сүт, ет жүн) және сапасын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар сұрыптау деп тіршілік ортасы мен өндіріс технологиясы жағдайына бейімделген мал тұқымын алуды айтамыз.
Сұрыптаудың негізгі теориясы гентикалық және эволюциялық теория болып саналады.
1.1Аталық және аналық донорларды сұрыптау
Эмбриондарды трансплантациялау кезінде аталық және аналық донор, реципиенттердің биологиялық, физиологиялық және зоотехникалық ерешеліктеріне мән беріледі.
Донор дегеніміз генетикалық бағалы ооциттер мен реципиенттерден алынатын аналық мал басы. Аталықтар деп отырғанымыз, донор аналықтарды ұрықтандыратын аталық жануар. Аталық малдың бойында генотипі бағалы гені болу керек, физиологиялық жағынан сау аталық қасиеті жақсы дамыған аталықтар алынады.
Эмбриондарды трансплантациялаудың негізгі бөлімі донорлардың гормональды статусын аңықтау, яғни оларды суперовуляция деңгейі бойынша барынша іріктеу. Әрине, бұл технология трансплантацияның тиімділігін көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар сирек түсті генотиптердің гендік қорын сақтауға үлкен мүмкіндік туғызады. Таңдалып алынған малдың төлдегіштік қасиеті негізінен олардың тұқымына , жасына, жайылым және ауа райы жағдайына да байланысты болады.
Малдың нәсілдік және өнімдік қасиеттерін арттыруда қошқарларды тұқымға сұрыптау жұмыстарының орны ерекше. Бұл еркек малдың көбею мүшелерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, әр қошқардан мыңға жуық ұрпақ алуға мүмкіншілігі жоғары, ал ұрғашы малда мұндай көбею мүмкіншілігі шектеулі.
Қойды асылдандыру жұмысының тиімділігі селекциялық белгілердің тұқым қуалау дәрежесіне тікелей байланысты. Іріктеу жұмыстары сапалық белгілермен жүргізілгенде малдың тікелей фенотипі бойынша жүргізу тиімді. Фенотиптік сұрыптау–малды сыртқы белгілері бойынша сұрыптау. Оларға – малдың түсі, қан топтары кіреді. Бірақта қаракөл қойында көптеген селекциялық белгілер сандық белгілерге жатады. Сандық белгілер тұқым қуалауы дәрежесі төмен болғандықтан сыртқы орта факторларымен әсерлесуге түсіп, сондықтан оларды фенотип арқылы дәл бағалау мүмкіндігі аз. Осыған орай, малды іріктеудің тиімділігін артыру үшін тұқымға қалдырылған еркек тұқымының сапасы бойынша сынаққа қойылады. Жалпы малды генотипі бойынша сұрыптау жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Олар ата-тегінің өнімдік деңгейі бойынша сұрыптау, малдың өзінің өнімділігі бойынша және ұрпағының сапасына қарап сынау. Шығу тегі бойынша сұрыптау малдың тұқым қуалау сапасын алдын-ала бағалау ретінде іске асырылады. Ата-тегінің өнімдік қасиеттеріне қарап сұрыптау кезінде әкесі және шешесі жағынан өнімділігі туралы нақты мәліметтерді сарапталады. Ата-тегінің шежіре мәліметтерін сараптау кезінде мына принциптер сақталынады: ата-тектің нәсілдік құндылығы; тікелей ата-енесінің өнімі бойынша рекордтық көрсеткіші болуы; селекциялық белгілердің тұқым қуалағыш дәрежесінің жоғары деңгейде сақталынуы; үш атаға дейін қолданылған жұп таңдау принципі (гомогенді, гетерогенді). Малдың өзінің өнімділігі бойынша сұрыптауда қаракөл қозыларының туылған кезінде елтірінің сапасы бойынша жүргізіледі. Кейін осы тұқымға қалдырылған қошқарлар ұрпағының сапасына бойынша сынаққа қойылады. Тұқымға қалдырылған малдың нәсілдік қасиетін анықтауда ең сенімді әдіс – оларды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау. Ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау тұқым қуалау дәрежесі төмен, сыртқы орта факторларымен әсерлесу дәрежесі жоғары белгілерге қолдану тиімді. Ұрпақ сапасы бойынша еркек мал да және ұрғашы мал да сұрыптаудан өтеді. Сынаққа қойылған қошқардың ата-тегінің буын аралық жақындығы, оның ұрпағында белгілердің тұқым қуалауына барынша әсер етеді. Д.Галетонның жүргізген математикалық есебі бойынша тікелей ата-енесінің нәсілдік әсері - 50% болса, ата-әжесінің нәсілдік әсері - 25%, бабасы мен әжесінің нәсілдік әсері – 12,5%, төртінші ата-тегінің нәсілдік әсері -6,25% болады. Ата-енесінің кейінгі ұрпаққа нәсілдік әсері әр ұрпақ ауысқан сайын екі есеге кеміп отырады.
Элита классына жататын аталық және аналық донорлардың өнімділігі.
Топтар |
Жеке нөмірі |
Өнімділік көрсеткіші |
Жеке нөмірі |
Өнімділік көрсеткіші |
||||
Тірі салмағы |
Жүн түсілімі, кг |
Тірі салмағы |
Жүн түсілімі, кг |
|||||
Аталық |
6003 |
99 |
4,2 |
6004 |
98 |
4,4 |
||
Аналық |
7009 8003 7010 8009 7006 |
69 54 68 53 63 |
3,3 2,3 3,2 2,3 2,9 |
7008 7007 8007 8005 8008 |
68 65 54 52 52 |
3,2 3,1 2,3 2,4 2,4 |
Элита
классына жататын аталық және аналық
донорлардың өнімділігін есептеу
.
№ |
Көрсеткіш |
Тірі салмағы |
Жүн түсілімі |
|||||
х |
(х-Х) |
(х-Х)2 |
х |
(х-Х) |
(х-Х)2 |
|||
1 |
Вариант
|
99 98 197 |
0,5 -0,5 0 |
0,25 0,25 0,5 |
4,2 4,4 8,6 |
-0,1 0,1 0 |
0,01 0.01 0,02 |
|
2 |
Вариант
|
69 68 68 65 63 54 54 53 52 52 601
|
8,9 7,9 7,9 4,9 3,9 -6,1 -6,1 -7,1 -8,1 -8,1 0 |
79,21 62,41 62,41 24,01 15,21 37,21 37,21 26,01 16,81 16,81 377,3
|
3,3 3,2 3,3 3,1 2,9 2,3 2,3 2,3 2,4 2,4 27,4
|
0,56 0,46 0,46 0,36 0,16 -0,44 -0,44 -0,44 -0,34 -0,34 0 |
0,3134 0,2116 0,2116 0,1296 0,0256 0,1936 0,1936 0,1936 0,1156 0,1156 1,704 |
Есептеу
№ |
Атауы |
Формула |
Тірі салмағы |
Жүн түсілімі |
|||
аталық |
аналық |
аталық |
аналық |
||||
1 |
Орташа арифметика |
|
98,5 |
60,1 |
4,3 |
2,74 |
|
2 |
Қалыпты ауытқу |
|
|
|
|
|
|
3 |
Вариация коэффициент |
|
1,164 |
3,407 |
3,279 |
0,05 |
|
4 |
Қателігі |
|
|
|
|
0,0456 |
|
5 |
Нақтылығы |
|
|
|
|
60,08 |