Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
terapia_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.77 Кб
Скачать

34. Темір тапшылықты анемия этиологиясы және патогенезі

Этиология.1. қан жоғалтуға әкелетін жағдайлар:

  • ас қорыту жолдарының аурулары

  • өңеш, асқазан, тік ішек веналарының варикозды кеңеюі

  • макро микрогематурия

  • мұрынның жиі қанауы

  • гемаррагиялық диатездер

2.темір сіңірілуінің бұзылысына әкелетін жағдайлар

  • ас қорыту жол аурулары (жіңішке ішек резекциясы, мальабсорбция т.б)

  • қою шайға ауесқойлық

  • гипотиреоз

3. темірдің көп мөлшерде жұмсалуына әкелетін жағдайлар

  • улану

  • рактың барлық түрлері

  • жүктілік және лактация

  • организмның тез өсуі

4. темірдің туа биткен тапшылығы

  • көп балалы темір тапшылығы бар анадан туылу

5. темірдің тамақпен аз тусуі

  • ет тағамдарын тутынбау

  1. темір мөлшері қалыпты таратылуы дұрыс болмау

Патогенез: Темер тапшылықты анемиялардың барлық көріністері темір жетіспеуінен дамиды. Темір тапшылығы біртіндеп баяу дамиды. Алдымен бауыр, талақ, сүйек миіндағы темір қоры азаяды. Бұл кезде ішекте темірдің сіңірілуі күшейеді, мүкоздық және плазмалық трансферинның мөлшері көбейеді. Теміртапшылығында ең алдымен сидеропенияның содан кейінанемияныі белгілері пайда болады. Тіндердің тіністіқ ферменттерінің активтілігінің төмендеуінен дистрофиялық бұзылыстар пайда болады. Осыдан ең алдымен үнемі жаңарып отыратын тіндер- эпителилік қабықтар, тері жамылғылары, шаш, тырнақ зақымданады. Миоглобин синтезінің бұзылысынан бұлшық ет әлсіздігі, миокард дистрофиясы дамиды

35. Жүрек маңындағы ауырсыну кезіндегі ажыртпалы диагноз жүргізу. 1.Миокард инфарктісі. Жүрек маңындағы ауырсыну 30мин.2сағатқа созылады.Ауырсынуды тудыратын факторлар: интенсивті физикалық жүктеме, психоэмоциональды стресстік жағдай,трамва,тамақтану,айқын суықтау н/се жылыну.Науқастардағы жүрек маңындағы ауырсыну интенсивті болады.Науқастар шағымданады: қатты басатын ж/е кеуде тұсы қысып ауыратын ауырсынуға(ауыр темірмен кеуде тұсын басқандай). Көп науқастарда интенсивті күйдіреді.(кеуде тұсында от,қайнау сезімі),н/се жедел пышақ сұққандай болады.Ауырсыну ұстамасының ауырлығы ж/е ұзақтығы МИнің колеміне,дәрежесіне,ж/е жасына байланысты.Мұндағы ауырсыну ұстамасы стенокардиядан айқындау болады.ЛОкализациясы.Ауырсыну төс арты аймағында локализацияланады,бірақ перикардиальды зонаны н/се кеуде тұсының барлық бөлігін қамтиды.Кейде ауыру сезімі бір мезгілде төс артында ж/е төстің оң жағында сезіледі.Кейде сол жақ қарыншаның төменгі бүйір қабырғасында инфаркт болғанда ауырсыну подложечный аймақта сезіледі.МИ ауырсыну сол қолға,сол білезікке, кейде екі білезікке таралады.Кейде білек аймағында қатты қысатын ауырсыну сезіледі(симптом браслетов)ж/е ауырсыну сол иыққа,сол жауырынға.мойынға,төменгі жаққа таралады.МИдағы ауырсынудың толқын тәрізділігі тән.Жүрек маңындағы ауырсыну ақырын пайда болып,өтн интенсивтіге жетеді,кейін ауырсыну біраз төмендеп,науқаста ауру аяқталады деген үміт пайда болады, бірақ тағы да ауырсыну қатты басталып,алдыңғысынан да күштірек болады.Ауырсынудың біресе күшейіп, біресе төмендеп отыруы бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.Ауырудың басылуы. МИда ауырсыну нитроглицерин н/се изосорбид динитратымен басылмайды.Кейде науқастар нитратты өте көп қабылдайды,сонда да ауырсыну ұстамасы жалғаса береді.Анальгетиктердің де әсері де болмайды.Ауырсыну наркотикалық анальгетиктермен (тамыр ішіне морфин енгізу),нейролептональгезия қолданғанда басылады.Ауру ұстамасы кезінде науқаста өлім қорқынышы,мазаасыз, қозғыш келеді.Науқастар ауырсынудан көшеге жүгіреді,қысқы кезде қарға құлайды,кеудесіне мұз басады,шыңғырады.2.Стабильды стенокардия.Ауырсыну ұстамасы физикалық н/се эмоциональды жүктемеде байқалады.1-2мин кейін ауырсыну сезімі басылады. Ауырсыну қысатын, басатын ұстама тәрізді өтеді. Науқастардың айтуынша кеуде клеткасын кескендей, күйдіргендей ауырады.Локализациясы.кобінесе төс артында шоғырланады. Аыурсыну көбінесе кеуде ішілік клеткасынан, төстің жоғарғы жағынан басталады,кейін бүкіл жүрек аймағына таралады. Кейде ауырсыну эпигастрий аймағында шоғырланады. Стенокардияда ауру сол иыққа,сол қолға (білезіктің ульнарлы бөлігіне), сол жауырынға кейде,сол мойн аймағына, төменгі жаққа,бел аймағына,оң жауырынға таралады. Таралу зонасы стенокардияның ауырлығына байланысты:дәрежесі ауыр болған сайын таралуы кең. Ауырсыну интенсивтілігі орташа, МИ интенсивтілігінен төмендеу болады.Стенокардия ұстамасын шақыратын факторлар: физикалық ж/е эмоциональды жүктеме,артериялық қысымның жоғарылауы.Физикалық жүктемеден кейін ауырсыну басылады.Ауыр дәрежесінде тамақтан кейін, қырынғаннан кейін, төс артында ауырсыну болады. жүрген кезде ауырсыну пайда болып,науқасты периодты тоқтатуға мәжбүрлейді,паузадан кейін,ауырсыну басылып, науқас жүруін жалғастырады. Ангинозды ұстаманың ұзақтығы 1мин көп, 15-20мин аз.Нитроглицеринді тіл астына қойғаннан кейін,30сек-5 мин кейін н/се жүктемені тоқтатқаннан кейін ауырсыну басылады.Ангинозды ұстама кезінде науқас жаурайды,тоқтап қалады.мәжбүрлі калыпка келеді,қозғалмауға тырысады,кейде өлім қорқынышы болады. Кейбір науқастарда шыңғыру ж/е жылау кездеседі.Стенокардия ұстамасы вегетативті дисфункциямен сәйкес келуі мүмкін:тыныстың жиілеуі, ауыз куысында құрғау сезімі,кіші дәретке жиі шығу,терлеу,терінің бозаруы,көз қарашығының кеңеюі,АҚ жоғарылауы. 3. Жедел Перикардит жүрек аймағында ауырсынудың пайда болуы,нерв ұштарының тітіркенуіне негізделген.Ауырсыну төс артында н/се төстен солға өтер перикардиальды аймақта,кейде жүрек ұшы аймағында локализацияланады.Интенсивтілігі жеткілікті дәрежеде(кей науқастарда төмен) Ауырсыну постоянный характерде.Пайда болғаннан кейін ақырындап күшейеді,стероидты емес қабынуға қарсы заттарды қабылдағаннан кейін ауырсыну төмендейді.Ауырсыну терең тыныс алғанда,жөтелгенде,басты еңкейткенде,арқасымен жатқанда кушейеді.Ал алға еңкейіп отырғанда ауырсыну әлсірейді.жөтелгенде ж/е терең тыныс алғанда ауырсынудың кушеюі плевраға таралуы байқалады.Таралуы:АРҚАҒА,ЕКІ КОЛҒА, омыртқаның кеуде бөлігіне қабырғаларға н/се эпигастральды аймаққа.Кейде кеуде клеткасының оң бөлігіне,оң жақ иық аймағына таралады. Нитроглицеринмен басылмайды.Фибринозды перикардта ауырсыну жұтынған кезде пайда болады,сондықтан науқастар тамақ ішіп жеуден бас тартады.Кейде ентігуге,ықылыққа,жүрек айнуға,құрғақ жөтелге шағымданады.Кейде фибринозды перикардитте ауырсыну интенсивті,постоянный,ұзақ болғанда инфаркт миокардымен ажырату үшін ЭКГ ға карау керек. МИда ST интервалының төмендеуі,патологиялық Q тісшесінің болуы, резорбционды-некротикалық синдромның болуы тән.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]