Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министр...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.56 Кб
Скачать

10 «А» сынып оқушысы

Темирбаева Айзада Кайрикбайқызына

Педагогикалық – психологиялық мінездеме

Оқушы туралы жалпы мәлімет: Темирбаева Айзада Кайрикбайқызы Қарағанды облысында 1998 жылы 01-ші қазанда дүниеге келген. №16 ЖББОМ 10«А» сынып оқушысы. Сыныпта білім деңгейі жақсы. Жалпы даму деңгейі жас ерекшелігіне сай дамыған,ақыл ой-өрісі жақсы жетілген. Денсаулығының жағдайы да жақсы.

Үлгерімі: Жақсы. Барлық пәндерге бірдей үлгереді. Саббаққа деген қызығушылығы өте жақсы.Әсіресе алгебра, ағылшын тілі, орыс тілі пәндеріне деген қызығушылығы басым болып келеді.

Жалпы ақыл-ойының дамуы: Ой-өрісі жақсы дамыған.Мерекелік іс-шараларға белсене қатысады.Күнделікті болып жатқан ақпараттардан хабардар болып, өз ойын дұрыс тұжырымдай алады.Бос уақытын тиімді өткізгенді ұнатады.

Сөйлеуінің дамуы: Сөздік қоры мол, әдеби көркем тілде жақсы сөйлей алады. Өз ойын ортада еркін жеткізе алады.Жазбашада айтар ойын нық, көркем тілмен жазып береді.Әр пәнде өзін әр түрлі ұстайды. Оқушының бойынан жинақтылық пен жауапкершілік сезімі байқалады.

Оқу материалын түсініп қабылдауы: Оқу жұмысына бейім. Сабақты түсінуі, талқылауы, әңгімелеуі, жаттауы, тұжырым шығаруы өте жақсы.Қосымша берілген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен,тиянақты қарайды.

Пәнге қызығушылығы және оқуға қатынасы: Алгебра,ағылшын тілі,орыс тілі,қазақ әдебиеті деген пәндерге деген қызығушылығы басым. Үлкен сүйіспеншілікпен қарайды.Ал, басқа да пәндерге деген оқу ынтасы жаман емес.

Оқуға ептілігі: Кітаппен өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланған. Тәртіпті,тәрбиелі,сыныпта ұйымшыл, бауырымал,балалармен тез тіл табыса алады.Берілген тапсырманы екі етпей орындайды,жауапкершілігі мол,қарапайым қазақ баласы. Мінезі ақкөңіл,шарақ, жанашыр,қолында барын ешқашан аямайды, үнемі көңілді жүретін оқушы.

Сынып оқушыларының тізімі.

Рет. №

Оқушының аты-жөні

Туған күні

Үйінің мекен-жайы

Телефоны

1

Ақан Қайсар

17.07.1997

Университетская, 27-45

35-53-94

2

Байзаков Нұржан

26.04.1999

Университетская 23-40

33-75-26

3

Балташ Ерназар

25.07.1998

Университетская 23-32

33-75-30

4

Бердібек Жұлдыз

25.07.1997

Университетская 23-32

33-75-30

5

Бердиярова Асель

18.02.1998

Карбышев 14/2-51

33-80-00

6

Жалгаспаев Бекжан

13.02.1998

Язев 10-218

35-59-45

7

Жұмабекова Гүлназ

11.07.1998

Язев 10-385

74-22-04

8

Қуанған Аян

05.09.1999

Шахтерлер 1- 23

---

9

Марат Эльнура

29.10.1999

Язев 9-32

33-81-09

10

Муслиханова Сабина

27.06.1999

Язев 8-20

31-23-62

11

Мусепов Сұлтан

21.12.1998

Карбышев 6-83

31-24-22

12

Нұртаева Назерке

13.04.1998

Карбышев 14-44

---

13

Сейдалиева Аида

08.08.1998

Язев 9-10

33-8294

14

Темирбаева Айзада

12.09.1999

Карбышев 4-68

---

15

Токжуманова Асель

30.05.1998

Шахтерлер 3-44

31-23-69

16

Ыдырыс Асель

22.08.1999

Құрылысшылар 20

31-23-69

17

Сабитова Диана

09.10.1998

Шахтерлер 4-44

31-23-69

Қазақ тілі

10 «А»

Сабақтың тақырыбы: Тоғжан аулында

Сабақтың мақсаты: Орфографиялық, пунктуакция және грамматикадан

оқушылардың сауаттын,білімін сынау

Тәрбиелігі: Алынғана мәтін оқушының танымдық белсенділігін

арттырып, көркемдік сезіммен бейнелі қабылдауына

ықпал ету.

Сабақ кезеңі: І.Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу

ІІ. Өткенді пысықтау

Тез жауап берейік

  1. Шіркін бұрынғының әндері-ай

Сөйлемге қандай тыныс белгісі қажет?

  1. Ойдың аяқталмағандығының белгісі не?

А) үтір ә) леп белгісі б) көп нүкте в) сұрау белгісі

3. «Қуанышты» сөйлемдерден соң қандай тыныс белгісі қойылады?

А)сұрау белгісі ә) көп нүкте б) леп белгісі в) нүкте

4. Сұрау белгісі қандай сөйлемдерден соң қойылады?

5. Мына сөздердің қайсысынан соң леп белгісі қойылады?

А) жаңалық ,бірталай, бәрекелді, апырай в) қолайлы

6. Бәріміз де жақсы жауап бердік

Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

ІІІ. Балалар, негізгі тапсырма мәтіннің негізгі мазмұны түсініп, әдемі, сауатты жазу.

Орфография, пунктуация ережелерін естеріңізге түсіре отырып, практикада қолдана біліңіз.

(оңашаланған айқындауыш мүше) жалпылауыш мүше, бастауыш пен баяндауыш арқылы сызады

Ал, көңіл-күйлеріңіз қалай?

Сіздерді ешкім режіткен жоқ па?

ІV. Ендеше саусақтарымызды жаттықтырайық

«Өзіммен өзім»

Маужырап отырған күйдегідей ыңғайланып отырыңдар. Әбден қалжырап, тіпті саусағыңызды да қимылдата алмайтындай әсер болғаны дұрыс. Енді көзімізді жұмып, жазғы жылы күн айнала жұп-жұмсақ, көкпеңбек шөптер, күн жоғары көрерілгенде қолымызды жоғары созып, саусағымызды массаж жасаймыз еркін, жайлап тыныс алыңдар да, еркін демалыңдар.

V.Тақырыпты тақтаға жазып, мақсатын ұғыну. Жаттығу жасап болсақ, сіздермен бүгін бақылау диктантын жазамыз.

Тақырыбы: Тоғжан ауылында

Дәптерлерімізді ашамыз, күннің жазын жазамыз.

Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен,іші толы тірелген жүк,буулы тең менен сандықтар.Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет,алаша,тұс киізбен қоршалыпты.

Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес.Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы.Мұнда бір жеңіл салқындық,кең тыныс бар.Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.

Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар.Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы-Әлібек,Асылбек пен-бәрі де қонақтармен бірге болды.Бұл үйге ,әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан .Абай келгеннен бері , Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті.Сылдырлаған шолпысы ,әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері- баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты.Толықша келген ,аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр.Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас,жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.

Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп,не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып, толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей.Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай.

(192 ) Мұхтар Әуезов.

А) мәтінмен таныстыру.

Ә ) Мәтінге байланысты қысқаша мәлімет.

Шаңырақ халық түсінігінде не? Шаңырақтың мекен-жайы

Шаңырақтың қасиеті неде? Шаңырақтың жылылық

Оны неліктен қастерлейді Шаңырақ-алтын ұя, асыл мұра

Түйін:

Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдарды дәріптейтін өнегелі ұрпақ болайық.

Тоғжанның сымбатына ақылы сай екендігі неден байқалады?

VІ. Сөздік жұмыс. Тұс киіз

Буулы тең

Тиін ішік

Жеке сөйлемдерді оқып жаздыру

Соңғы сөйлем жазылып болған соң, мәтінді толық оқу.

VІІ. Сабақты қорыту: Қандай қиыншылықтар кездесті?

16 ЖББОМ