
- •Сабақ кестесі
- •1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері:
- •2. Сабақ кезіндегі тәртіп:
- •3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.
- •3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:
- •3.4. Сынып бойынша кезекші:
- •3.5. Оқушылар асханада болған кезде:
- •5.Тәртіптік жауапкершілік ережелері:
- •6.Ата аналар міндеті:
- •9 «А» сынып оқушысы
- •Мінездеме
- •10 «А» сынып оқушысы
- •Педагогикалық – психологиялық мінездеме
- •10 «А» сынып оқушысы
- •Педагогикалық – психологиялық мінездеме
- •Сынып оқушыларының тізімі.
- •10 «А» сынып ұжымына Педагогикалық – психологиялық мінездеме
5.Тәртіптік жауапкершілік ережелері:
5.1.Ата аналарды ескерту;
5.2.Ата аналарды мектепке шақыру;
5.3.Әкімшілік жиналысқа шақыру (оқушы);
5.4. Әкімшілік жиналысқа шақыру (ата аналар)
5.5.Педагогикалық кеңеске шақыру (оқушы);
5.6. Педагогикалық кеңеске шақыру (ата аналар)
5.7.Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін мектеп кеңесіне шақыру (оқушы);
5.8. Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін мектеп кеңесіне шақыру (ата аналар);
6.Ата аналар міндеті:
6.1.Мектеппен ата аналар шарты жағдайларын орындау;
6.2.Жарғы және мектептік локальдық акт талаптарын орындау;
6.3.Балалардың дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау;
6.4.Бес (алты) жасты балаларға мектепалды даярлық жағдайларын қамтамасыз ету, алты (жеті) жасынан жалпы білім беру ұйымына орналастыру;
6.5.Білім беру ұйымдарымен бірлесе қызмет ету;
6.6.Оқушыларды білім беру ұйымына қатысуды қамтамасыз ету.
№16 жалпы білім беретін орта мектебінің
9 «А» сынып оқушысы
Балташ Ерназар Саматұлына
Педагогикалық – психологиялық
Мінездеме
Оқушы туралы жалпы мәлімет:
Сүйкімбеков Сұлтан Елдосұлы Қарағанды облысында 1998 жылы 8- тамызда дүниеге келген. №16 жалпы білім беретін орта мектептің 10«А» сынып оқушысы. Сыныпта білім деңгейі орташа. Жалпы даму деңгейі жас ерекшелігіне сай дамыған,ақыл ой-өрісі жақсы жетілген. Денсаулығының жағдайы да жақсы.Отбасылық жағдайы жақсы.
Үлгерімі: Сабаққа ынтасы орташа деңгейде. Оның сабаққа деген ынтасы тек сабақ ойын түрінде немесе жарыс түрінде өтілген кезде ғана жоғары деңгейде сабаққа белсене қатысып,барлық тапсырманы барлығынан бұрын орындауға тырысады. Сұлтан дзюдомен айналысады. Бірнеше рет бірінші орындарға ие болған. Дзюдомен 5 жыл айналысады.
Жалпы ақыл-ойының дамуы: Ой-өрісі жақсы дамыған.Мерекелік іс-шараларға белсене қатысады. Ән айтады.Бос уақытын тиімді өткізгенді ұнатады.Күнделікті болып жатқан ақпараттардан хабардар, өз ойын дұрыс тұжырымдай алады.
Сөйлеуінің дамуы: Өз ойын ортада еркін жеткізе алады.Сөздік қоры мол, әдеби көркем тілде жақсы сөйлей алады. Жазбашада айтар ойын нық, көркем тілмен жазып береді.Әр пәнде өзін әр түрлі ұстайды. Оқушының бойынан жинақтылық пен жауапкершілік сезімі байқалады.
Пәнге қызығушылығы және оқуға қатынасы: Әсіресе тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті,ағылшын тілі,орыс тілі,қазақ әдебиеті деген пәндерге деген қызығушылығы басым.Әр түрлі поэзияларды, шағын қызықты әңгімелерді оқығанды қатты ұнатады. Үлкен сүйіспеншілікпен қарайды.Ал, басқа да пәндерге деген оқу ынтасы жаман емес.
Оқуға ептілігі: Кітаппен өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланған. Тәртіпті,тәрбиелі,сыныпта ұйымшыл, бауырымал,балалармен тез тіл табыса алады.
№16 жалпы білім беру орта мектебінің
10 «А» сынып оқушысы
Ақан Қайсарға
Педагогикалық – психологиялық мінездеме
Оқушы туралы жалпы мәлімет:
Ақан Қайсар Қарағанды облысында 1999 жылы 29-шы шілдеде дүниеге келген. №16 ЖББОМ 10«А» сынып оқушысы. Сыныпта білім деңгейі орташа. Жалпы даму деңгейі жас ерекшелігіне сай дамыған,ақыл ой-өрісі орташа жетілген.
Денсаулығының жағдайы: жақсы.
Отбасылық жағдайы:толық қамтылмаған.
Үлгерімі: Барлық пәндерге бірдей үлгере алмайды. Саббаққа деген қызығушылығы төмен.
Жалпы ақыл-ойының дамуы: Ой-өрісі дамыған.Мерекелік іс-шараларға мүлдем қатыспайды.
Сөйлеуінің дамуы: Сөздік қоры төмен, әдеби көркем тілде сөйлей алмайды. Өз ойын ортада еркін жеткізе алмайды.Әр пәнде өзін әр түрлі ұстайды. Оқушының бойынан жинақтылық сезімі аңғарылмайды,бірақ жауапкершілігі бар екенін көрсетуге тырысады.
Оқу материалын түсініп қабылдауы: Оқу жұмысына деген ынтасы орташа. Сабақты түсінуі, талқылауы, әңгімелеуі қиынға соғады.Ал, жаттауы жақсы.Қосымша берілген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарағанмен үлгере алмайды.
Пәнге қызығушылығы және оқуға қатынасы: Дене шынықтыру,қазақ әдебиеті деген пәндерін ұнатады.Ал, басқа пәндерге деген оқу ынтасы орташа.
Оқуға ептілігі:Кітаппен өз бетінше жұмыс жасай алмайды. Тәртіпті,тәрбиелі,сыныпта мінезі жуас,тұйықтау оқушы. Балалармен тез тіл табыса алмайды.
№16 жалпы білім беру орта мектебінің