Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министр...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.56 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі

«Негізгі орта білім беру» мамандығының

ІV курс студенті Жаңбырбаева Ақмаралдың

«Байқау сабақтары» тәжірибесінен

№16 ЖББОМ жинақтаған құжаттары

Жетекші:

Макетова А.Р

Баға: «____»

Қарағанды-2014

«Менің сүйікті мұғалімім»

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан, Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Мектептің лүпілдеген жүрегісің,

Сен менің пірімсің білемісің?

Болашаққа жол сілтер тірегімсің,

Шіркін-ай, мәңгі бірге жүрермісің?

Құдіретіңе біз сенің бас иеміз,

Үмітіңді ақтармыз деп сенеміз.

Атыңды көк аспанға жазбасақ та,

Есіміңді мәңгі сақтап біз жүреміз.

Тұрады сөз басында әуелі анам,

Ұстазым екінші сен жыр арнасам.

Адамзатты білімімен сусындатар,

Арманым жоқ дәл өзіңдей ұстаз болсам!

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.  Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Қарағанды Болашақ маңызды білім беру колледжі

Негізгі орта білім беру факультетінің НБ-11-3 тобының студенті

Жаңбырбаева Ақмаралдың №16 жалпы білім беретін

орта мекемесінде өткен байқау сабақтары

тәжірбиесінің

Есебі

17.11.14-20.012.14 аралығында Қарағанды қаласы №16 жалпы білім беретін орта мекемесінде байқау сабақтары іс-тәжірбиесін өткіздім.Біз жетекшіміз Макетова Ардақ Рымханқызының басқаруымен №16 жалпы білім беретін орта мектебіне келдік. Мектеп ұжымы барлық келген машықкерлерді жылы қарсы алды. Онда мен өзімнің сол мектепте болатын жетекшім Мукушева Б.М және Ермағанбетова Бейбітнұр Ахметқызымен таныстым. Одан кейін мені мектеп ережелерімен және маған берілген сынып оқушыларымен таныстырды.Алғашқы күндері сабақтарға қатысып оқушылардың сабаққа деген үлгерімдері мен қызығушылықтарын,мұғалімдердің сабақ өткізу тактикасын байқастап қарастырдым.Осы бақылаулар кезінде мен өзіме сынып оқушыларымен жеке оқушыға мінездеме беруде көп көмегін тигізді. Алғашқы аптадан бастап-ақ мен әр-түрлі сынып сағаттырымен әр түрлі тренинг ойындарын өткіздім. «Тәуелсіздігім тұғырым», «Тілім менің тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты сынып сағаттарын ұйымдастырдым. Ал оқушыларға сабақ беруім жақсы болды деп ойлаймын.Мен әр сабағыма оқушыларды қызықтыратын материалдар жинауға тырыстым.Әр сабағыма әр-түрлі тактикаларды пайдаландым.Мысалы бірінші сабақ пікірталас, келесі сабақ ойын түрінде және жарыс түрлерінде өткіздім. Әр сабағымда әр түрлі көрнекіліктерді пайдаландым. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа белсене қатысты.Тіпті, сабаққа деген зейіні жоқ балалар да сабаққа дайындалып келіп барлық оқушылармен бірге ойындарға қатысып, жақсы баға алуға тырысты. Себебі ол оқушыларға көңіл бөлінсе ғана сабаққа деген ынталары пайда болатынын байқадым. Әр оқушымен жұмыс атқара білдім. Оларды педагогика-психологиялық жағынан зерттем білдім. Іс- тәжірбие аяқталып қалар кезде оқушылардан өзімізге мінездеме алдым.Ол мінездемеденмен оқушылардың көңілінен шыққанымды байқадым. Міне, осы іс тәжірбие кезінде өзімнің алдағы мамандығымда көптеген жетістіктерге жетуіме себепші болмақ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беретін колледжі.

Мамандық – 0111000 «Негізгі орта білім беру»

Біліктілік – 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Қарағанды жалпы білім беретін №16 орта мектебі

Байқау сабақтары іс-тәжірбиесінің

ЕСЕБІ

Орындаған: НБ-11-3 тобының студенті

Жаңбырбаева Ақмарал Мұратқызы

_________қолы

Жетекшісі: Макетова А.Р

________қорытынды баға

________қолы

Сабақ кестесі

Сабақ №

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1

Орыс тілі

Қазақ тілі

Орыс әдебиеті

Биология

Математика

Математика

2

Математика

Химия

Математика

Математика

География

Қазақ әдебиеті

3

Тарих

Ағылшын

Дүние тарих

Физика

Орыс тілі

Биология

4

Химия

Математика

Қазақ әдебиеті

Ағылшын

Қазақстан тарих

Информатика

5

Дене тәрбиесі

География

Дене тәрбиесі

Дүние тарих

Физика

6

Сынып сағаты

Технология

Дүйсенбі

8.00 линейка.

8.05-8.15 полит.информ.

1 сабақ 8.20-9.05.

2 сабақ 9.10-9.55.

3 сабақ 10.05-10.50.

4 сабақ 11.00-11.45.

5 сабақ 11.55-12.40.

6 сабақ 12.45-13.30.

Сейсенбі

1 сабақ 8.00-8.40.

2 сабақ 8.45-9.25.

3 сабақ 9.35-10.15.

4 сабақ 10.30-11.10.

5 сабақ 11.15-11.55.

6 сабақ 12.05-12.45.

Бейсенбі,Жұма,Сенбі

1 сабақ 8.00-8.45.

2 сабақ 8.50-9.35.

3 сабақ 9.45-10.30.

4 сабақ 10.45-11.30.

5 сабақ 11.40-12.25.

6 сабақ 12.30-13.15

Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері

Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің  тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың  тәртібі мен машығының  дамуына жағдай жасау.

1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері:

1.1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.

 1.2. Мектепке және мектеп территориясына  салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған  басқа да  заттар әкелуге тыйым салынады.

 1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;

 1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,).

 1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді

 1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;

 1.7.  Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.

 1.8.Мемлекеттік білім беру мекемелері талап етілген  киімнің іскерлік стилін ұстанады:

-       Дәлме дәл іскерлік стилі: белгіленген үлгілі міндетті түрде көк түсті мектеп формасы  (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін  юбка), күңгірт түсті аяқ киім 6 см биік болмау тиіс(қыз балалар үшін ) ;

-       Әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбатты әшекейлер тағуға, мөлшерден тыс опа-далап пайдалануға болмайды.

-       Мектеп ғимаратында бас киіммен жүру;

-       Шашты ашық түстерді бояуға болмайды,  ұл балаларға шаштарын бұрымдау тыйым салынады;

-       Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек,

 1.9.Электроқуат пен суды үнемдеу.